А.Пушкин «Ескерткіш»

Сабақтың тақырыбы:              А.Пушкин   «Ескерткіш»

Сабақтың мақсаты:

а)  әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А.Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен  ақын-жазушыларымыз туралы мағлұмат беру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселдіру;

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,

Сабақтың барысы: шығармалар жинағы  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

                                               а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Тортай қандай бала?
  2. Тортай мен Ораштың достығы туралы не айтар едіңдер?
  3. Тортай неге арманына жете алмады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Орыстың ұлы ақыны  А.С.Пушкин үлкен қайшылықты  кезеңде өмірін өткізді.  Ол орыс мәдениетінде жаңа дәуір ашты,  орыстың әдеби тілін жасады,жаңа әдебиеттің төр ағасы болды.

«Ескерткіш» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Кітаппен  жұмыс:  Өлеңді мәнерлеп оқиды

Дәптермен жұмыс:   Өлең шумақтарын құрылысына қарай талдайды.

4                      4                          4

Ескерткіш //орнаттым мен //қолдан келмес,                  1 шумақ ,  4 тармақ ,

Ел ізі// оған салған //суый білмес,

Асқақтап //Александр //мұнарасынан                               12 бунақ ,        12 буынды

Жоғары //оқшау шығып, //тұрар дербес

Венн диаграммасы:   Өлеңді Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен салыстырыңдар.

«Ескерткіш»                           «Өзім туралы»

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

       Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:        А.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін жаттап келу.