Шандор Петефи «Ұлт өлеңі»

Сабақтың тақырыбы:               Шандор Петефи   «Ұлт өлеңі»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген  қызығушылығын арттыру;

                                   ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

                                   б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі:            жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі:            сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                               а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Орыс халқының ұлы ақыны  А.Пушкин туралы не білесіңдер? 
  2. Ақын ескерткішін қалай қалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

              26-ақ жас өмір сүрген  шандор Петефи  венгер  халқының  ұлттық поэзиясының  негізін қалаған  азамат, күрескер  ақыны болды. Ол туған халқының бай ауыз әдебиетін үлгі тұтып,оны реалистік  әдебиет деңгейіне көтереді.

               «Ұлт өлеңі» -жалынды,отты жолдарға ,отаншыл,  халықшыл сезімге  толы қайсар жырлар. Ол –күрес жыры,азаттық жыры.

 

Кітаппен  жұмыс:  Өлеңді мәнерлеп оқиды

 

 Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Ақын ұлтын неге шақырады?
  2. Петефи мен Махамбет өлеңдерінде     үндестік бар ма?

 

       Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:        Ш.Петефидің «Ұлт өлеңін»   мәнерлеп оқып  келу.