Ұстазым менің ұстазға тілек

Менің  ең алғашқы ұстазымның аты –жөні   Изимова Гүлжиян Рамазанқызы ұстазым сыныпқа кірген кезде ең әдемі, мәдениетті ұстаз екенін көрдім.Осы ұстазым алғашқы рет қолыма қалам ұстатып жазуды сызуды және оқуды үйретті. Әр сабақты түсіндіріп оқытты. Жазғанымызды, оқығанымызды тексеріп адал бағалады. Ол өте инабатты, мейрімді иба, парасатты, сенімді жан. Ол адамның мінезін сөзбен айта алмайсын. Тіпті әлемдегі ең жақсы  адам десенде болады. Менің ұстазымның өте жақсы қасиеттері бар кей кезде бізде еркелетіп бізге өте қамқор болды. Осы ұстазымды анамдай қатты жақсы көремін. Ұстазым маған сабақ үйретіп жатқанда анам маған ақыл үйретіп жатқан секілді. Сыныбымыздағы әрбір оқушыға әртүрлі қарамай бәрімізді бірдей тәрбиелеп, мәдениеттілікке үйретті. Ұстазымның ауызынан менің есімім кетпей мені әрқашан мақтап әрбір жарыстарға қатысытырады.Менің сабағымды қарап мені жақсы бағаға оқытты. Мен қазір алтыншы сыныпта оқимын бізге тағыда бір сабақа оқытқаның тағы да көрсем деп армандаймын. Қазіргі кездері сабаққа уайымдап жүргенде ұстазымды көрсем жүрегім су сепкендей басылады.

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан

Сізге ұқсап қудық бізде сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған.

 

Игі тілекпен шәкірті Галиахметова Диляра Ришатқызы!!