Ұстаздарға арналған жаңа мүмкіндік

Құрметті ұстаздар сіздерге жаңа Ustaz tilegi – Ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайтын ұсынамыз. Ust.kz Сайтта қазіргі уақытта 30 000 астам сабақтар жинақталып салынды. Барлық жарияланған материалдарды барлық ұстаздар тегін жүктеп сабақ барысында қолдана алады. Барлық құжаттар біздің сайттарда сақталып 24 сағат бойы кез-келген ұстаз тегін жүктеп ала алады. ustaz tilegi Қазақ тіліндегі жаңа сайт. Сайттың негізгі мақсаты Қазақстандағы білім деңгейін көтеріп жаңа технолгияларды қолданып […]

» Читать далее

Достық жыры

Достық жыры Достарға жаным құмар, Әрбірі сыр дастан ба?. Уайымым ұмытылар, Құрдаспен сырласқанда. Қайырмасы: Қуаныш қойнауында, Шын достық жайлауында. Барыңды бағаласаң, Жақсылық, жайнауың да,   Қуансаң, қиналсаң да, Нағыз дос іздеп келер. Өмірдің мәні сонда, Достықпен тізбектелер.   Қызықты өмір кештік, Достардың арқасында. Сыйластық сыры дестік, Кластас партасында.   Әзілдің жарасқаны, Құдайдың қарасқаны. Достармен ашылады, Көңілдің бар аспаны 26.08.2010жыл.

» Читать далее

Ән: Жанатым-ақ келінім, аңқылдаған!

Ән:  Жанатым-ақ келінім, аңқылдаған! Жанатым-ақ келінім аңқылдаған! Тектілік, жаны алтын жалтылдаған. Сымбатын салиқалы саналы ұғар, Қымбатым ұлымменен жарқын маған!   Жанатым-бақ сыйлаған қызым-елік! Шаттандым, аққу көрік жүзін көріп. Жан жарым анаң болып шыға келді, Жайнайды ай мен күні ізіне еріп!   Жанатым-қуанышым, ұрандадым! Бақыттан бір орнымда тұра алмадым! Көзімнің ағы менен қарасындай, Алладан амандығын сұранғаным!!!   Жанатым-қанат қаққан қарлығашым! Қасиеттім, […]

» Читать далее

Ән: Нәзік жүрек

Ән: Нәзік жүрек Мөлтілдеп нәзік жанарың, Мұңайдың неден қарағым? Жаралы жанды от кеулеп, Өртеніп тағы барамын.   Көздерің мөлдір тұңғиық, Талғамың тәтті тым биік. Қиыла қалған құралай, Күнімдей болдың нұр құйып. Қайырмасы: Ай, арман-ай, Жалған-ай. Қиналған нәзік жүректі, Әуреге небір салғаны-ай.   Қуат ап сырлы тілектен, Арылып ойдан жүдеткен. Аңсаудан арып, армандай, Сағынышпенен күн өткен.   16.04.2010жыл.  

» Читать далее

Ән: Аралым

Ән: Аралым Шағала шулар Аралым, Еліме керек бағалым. Кемелер қалып қайраңда, Жүрекке жетті жаралы үн. Қайырмасы: Сырдариядан жаралған, Амудариядан нәр алған. Аралым ару секілді, Қос бұрымдарын таранған.     Оралар қайта бақтайсың, Теңіз боп сабыр сақтайсың. Туған жер, қамқор еліңдей, Жылуды сірә таппайсың. Туған жер, ата-анаңдай, Жылуды сірә таппайсың. 06.04.2010жыл.

» Читать далее

Ән: Киелі туған мекенім

Ән: Киелі туған мекенім   Музыкасын жазған Александр Романов.   Елім мекенім, Алыс жақта сезінесің, Сағыныштың не екенін? Мақтан етемін, Туған жер деп көз ілесің, Аялаумен өтемін. Қайырмасы: Туған ата-анамдай, Ардақтадың аялап. Сендей қайдан табам, Сая бақ?!   Өзен көлдерім, Табиғатым таңғажайып. Алтын асқар белдерім. Өнер-өнбегім, Ән күйменен жан тазарып, Қанат қағып сермедім. 17.03.2010жыл.

» Читать далее

Ән: Кәусар жыр

Ән:Кәусар жыр.- Көктемменен жанды көңіл шырағы, Таусылмайды саналы ойдың сұрағы. Сағынышын сенен басар жүрегім, Өзің жаққа алаңдаумен тұрады.     Таусылмайтын сенсің жырдың бұлағы, Көз тоймайтын көңілімнің құрағы. Сағыныш та сансыратып санамды, Соңғы кезде жанарда шық тұнады.   Осы ма екен тәңірімнің сынағы? Шошынды екен неден көңіл тұрағы? Таңғажайып табиғатың талпынтып, Аңсау менен армандауды құрады.   Жанарымның қарашығы, шын ағы, […]

» Читать далее

Әкем әнім

Әкем әнім Өлеңін жазған Бертай Төкеев Музыкасын жазған Қайрат Абдалимов Әкетайым, асқар тауым, ақылшым, Пейіліңмен, ниетіңмен жақынсың. Сағыныштың сазы ерітіп жанымды, Әнімменен өксік шерін шақырсын.     Асыл әкем жаралғандай алыптан, Аса алмаған адамдық пәк қалыптан. Перзенті үшін парасатты биік шың, Қол жетпейтін арман болар анық таң.     Перзентіне әке мәңгі жақындау, Қамқорымен биік тұрар ақыл тау. Ата-ананың қадіріне […]

» Читать далее

Ардагер

Ардагер   Намыстың туын жықпаған, Ерлікке бастар нық далам. Еліне қауіп төнгенде, Қорғаны болған мықты адам! Қайырмасы: Ардагер келген жеңіспен, Қайраты бойға келіскен. Ерлігі үлгі еліме,                2рет Жігері жалын ең үстем.   Отанның болған тірегі, Болашақ арман тілегі. Қырандай қайсар ардагер, «Ұрпақ»-деп соғар жүрегі. 26.01.2010жыл.

» Читать далее

ӘН: Жан шуағым

ӘН: Жан шуағым Сені аңсаумен өмір өткен, Әсем үнің тебіренткен. Қоңыр күзде алаңдадым, Жан шуағым көңілі көктем. Қайырмасы: Сағынышым сарғайдым да, Сағындым ғой шалғай мұнда. Аққуымсың қонармысың, Жан шуағым жыр айдынға   Мөлдірлігің таңғы шықтай, Елеңдедім бал қылыққа-ай. Жаным саған тартылды да, Жүрек қалды мәңгі ұмытпай. 12.10.2009жыл.

» Читать далее
1 2 3 44