Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігіне арналған іс-шаралар «Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым» тәрбие сағаты

 Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігіне арналған іс-шаралар

 

«Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым» тәрбие сағаты

 

Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру

Көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа.

Тәрбие сағатының түрі: мәдени көпшілік шара

1.Кіріспе

Жүргізуші:  Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді  екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

— Мажит Бақыткерей «Отан» және Қайрош Расул «Отан туралы»

өлеңді оқиды.

Жүргізуші:   Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы, аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

Тәуелсіз Қазақстаным!

Жүргізуші:      Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар,

ата-аналар, оқушылар!

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым» атты тәрбиелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!

 

Ә н ұ р а н д ы      о р ы н д а у

2.Желтоқсан құрбандарына тағзым.

1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

 

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қарға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

( слайд «Желтоқсан желі ызғарлы…» жіберу)

Номер: Тасмағамбетов Нұрланның орындауында ән «Желтоқсан желі»

( слайд «Желтоқсан желі» әнінің бейне көрінісін жіберу)

  1. «Ел Тәуелсіздігі: кеше және бүгін»

Жүргізуші:  Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

-Сөз  мектеп кітапханашысы Қуандықова Асылжанға беріледі.

«Ел Тәуелсіздігі: кеше және бүгін» тақырыбында ел тарихына қысқаша шолу жасап, таныстырады.

  1. «Тәуелсіздік- ел тілегі» ( өлеңдер оқу).

Жүргізуші:  Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.

Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.

-Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

  • «Отан», «Тәуелсіздік», «Туған жер» тақырыптарындағы ақындар өлеңдеріне кезек беріледі.
  1. Қазына Дүйсен «Болашаққа сенемін!» оқитын 6 сынып оқушысы Мұханбет Жаңабай.
  2. Оразақын Асқар «Туған жер» оқитын 2 сынып оқушысы

Мажит Бақыткерей

3.Түлек Ынтымық «Тәуелсіздік толғауы» оқитын 9 сынып оқушысы Ғибратов Еламан

Жүргізуші:  Ту тігілді  халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына!

4.Күләш Ахметова «Қазағым менің» оқитын 4 сынып оқушысы

Мажитова Аяжан

5.Бақытжан Отарбаева «Ұлы Отаным» оқитын 6 сынып оқушысы

Бердіғалиев Тайшығар

6.Қымбат Әбілдәқызы «Жалғыз отан» оқитын 2 сынып оқушысы Қайрош Расул

7.Әкім Ысқақ «Жасай бер, қазақ, мәңгілік!» оқитын 9 сынып Махметжанов Аслан

8.Дихан Әбілов «Туған тілім» оқитын 3 сынып оқушысы Бекжанов Райымбек

  1. Фариза Оңғарсынова «Шаңырақ» оқитын 4 сынып оқушысы Кабдуалиева Анель
  2. Қорытынды.

Жүргізуші:

Қазақстан арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.

Аңсаған азаттықты ұлы халық,

Бостан күнге жеткенді белі талып.

Бет түзеп өркениет ауылына,

Арманның алаулайды шамын жағып.

1992 жыл — Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.
1993 жыл — 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жыл — мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл- 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
1996 жыл- 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.
1997 жыл- «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды.
1998 жыл- 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жыл- 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2000 жыл— «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Түркістанға 1500 жыл толды.
2001 жыл — 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл. «Денсаулық жылы»  жарияланды.
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы»  жарияланды.
2004 жыл— «Қазақстан – Ресей» жылы болды.
2005 жыл— Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2006 жыл— Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жыл— «Қазақ тілін қолдау» жылы.
2009 жыл—  елімізде халық санағы ұйымдастырылды.

1999 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы Астанада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді.

2011 жыл қысқы АЗИАДА — мен басталды. Киелі қазақ жері осындай атаулы оқиғалардың куәсі болып отыр. «Бірлігі жарасқан еліміз тек биіктен көріне берсін!   Алға, Қазақстан!        Жаса, Қазақстан!»

Жүргізуші:

Заңғар тау, шалқар жазық маң далалы,

Атырау, Алтай, Арқа таңданады.

Сексен көл Көкшетаудың бауырында,

Сылаңдап сәнге бөлер кең даланы.

Ауылым өткен жылдар белестері,

Бүгінде жерім жомарт, ел еңселі.

Тәу етіп тәуелсіздік ақ таңына,

Тілеймін биік шыңды белестерді.

 

Жүргізуші:

Тұнық көл, сырнайлы өзен, пүліш жері,

Жасантқан ұрпағының күміс тері.

Елбасы Нұрсұлтандай бастап бүгін,

Үмітін үкілейді қазақ елі.

Айналдым, Қазақстан бостан елім,

Қашанда ашық болсын қыран көгің!

Алатын асқарларың тұғырлы боп,

Шыңдарға қонақтасын шығар шебің.

 

Намысы еліміздің берік болсын,

Сертке жанған сенімің серік болсын!

Мәңгілік баянды боп тәуелсіздік,

Қыдыр бағың басыңа келіп қонсын!

 

Қонақтар, ұстаздар,

ата-аналар, оқушылар!

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды.

 

Тойлыбай Ақтолқын

Облыстық тілі мүкіс балалардың

№3 мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігіне арналған іс-шаралар

«Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым»

                                                                                                                                                                                                                                             

.

 

 

Атқарылатын іс-шараларжауапты
1.І.Кіріспе сөз. Тәуелсіздік туралыТойлыбай А.
2.Мажит Бақыткерей «Отан» және Қайрош Расул «Отан туралы»  өлеңді оқиды.Мажит Б, Қайрош Р.
3.Әнұран ойналады.
4.ІІ.Желтоқсан құрбандарына тағзым.

Желтоқсан оқиғасына қысқаша шолу

Тойлыбай А.
5.Тасмағамбетов Н-ның орындауында «Желтоқсан желі» әні.Тойлыбай А.
6.ІІІ. «Ел Тәуелсіздігі: кеше және бүгін»

Мектеп кітапханашысы Ел тарихымен, әдеби оқулықтармен таныстырады.

Қуандықова А.
7.ІV. «Тәуелсіздік- ел тілегі» ( өлеңдер оқу).

-Жүргізуші сөзі

-Оқушылар ақындар өлеңін оқиды.

Тойлыбай А.
1.Қазына Дүйсен «Болашаққа сенемін!»  оқитын 6 сынып оқушысы Мұханбет Жаңабай.Тойлыбай А.
2.Оразақын Асқар «Туған жер» оқитын 2 сынып оқушысы

Мажит Бақыткерей

Тойлыбай А.
3.Түлек Ынтымық «Тәуелсіздік толғауы» оқитын 9 сынып оқушысы Ғибратов ЕламанТойлыбай А.
4.Күләш Ахметова «Қазағым менің» оқитын 4 сынып оқушысы Мажитова АяжанТойлыбай А.
5.Бақытжан Отарбаева «Ұлы Отаным» оқитын 6 сынып оқушысы Бердіғалиев ТайшығарТойлыбай А.
6.Қымбат Әбілдәқызы «Жалғыз отан» оқитын 2 сынып оқушысы Қайрош РасулТойлыбай А.
7.Әкім Ысқақ «Жасай бер, қазақ, мәңгілік!» оқитын 9 сынып Махметжанов АсланТойлыбай А.
8.Дихан Әбілов «Туған тілім» оқитын 3 сынып оқушысы Бекжанов РайымбекТойлыбай А.
9. Фариза Оңғарсынова «Шаңырақ» оқитын 4 сынып оқушысы Кабдуалиева АнельТойлыбай А.
8.V. Қорытынды.

Жеткен жетістіктер туралы шолу

Тойлыбай А.
9.Шараның жабылуыТойлыбай А.

Қуандықова А.