Жирен жаман әдеттен.

276

Сабақтың  тақырыбы:   Жирен  жаман  әдеттен.  

 

Сабақтың  мақсаты:  1.  білімділік –   « Бірінші  байлық – денсаулық »  деп  дана

                                             халқымыз   айтқандай   болашақ   еліміздің  әрбір   азама-

тын  зиянды  әдеттерден , ішімдік , нашақорлық , шылым

шегушіліктен  сақтандыру , олардың  денсаулыққа , бола-

шақ   ұрпаққа   жау   екендігін  түсіндіру , өркениетті елі-

мізге    лайықты ,  зиянды    әдеттерге   қарсы   күресетін

білімді  тұлға  тәрбиелеу.

  1. дамытушылық — Темекінің  адам  өміріне зиянды  және

улы  екенін  түсіндіре  отырып , саналылыққа , құқықтық

тәрбиеге  баулу.

  1. тәрбиелік – Салауатты  өмір  салтын   сақтауға   оқушы-

                                             ларды  тәрбиелеу.Тазалыққа , лас  істерден  аулақ болуға,

тән  сұлулығын  қатар  сақтауға  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  Сайыс  сабақ.

Сабақтың  әдісі:  Түрлі  тыйым  сөздер  мен  мақал-мәтелдер , сахналық  шағын

                                көріністер  арқылы  оқушыларға  ой  салу.

Сабақтың  көрнекілігі:  Интерактивті  тақта , түрлі-түсті  электронды  слайдтар ,

«дәрігерлік  кеңес»  кітапшалары.

Сабақтың  барысы: 1. Ұйымдастыру  кезеңі.

Қазақстан  Республикасының  ән  ұраны  орындалып ,

тақырып  баяндалады.

Мұғалім :  Саламатсыздар  ма , құрметті  қонақтар , ұстаздар  мен  оқушылар!

Елбасымыз  Н. Ә.Назарбаевтың барлық  Қазақстандарға жолдаған  «Қазақстан  – 2030  »   стратегиялық    бағдарламасында    « Қазақстанның    әрбір  азаматының  денсаулығы  мықты , хал-ахуалы  жақсы  болуы  тиіс » деп  атап  көрсеткен.

Сол   бағдарламаға   орай   бүгінгі  өткізілетін  « Жирен  жаман  әдеттен »  атты  ашық  тәрбие  сағатымызда  ой  бөліспекшіміз.

Біз   оқушыларды   2   топқа   бөліп   отырмыз. Олар   « Тазалық »   тобы   мен «Денсаулық»  тобы. Сайысымыз  6  кезеңнен  тұрады.

  1. Таныстыру. ( Әр топ  өздерін  таныстырып , төс  белгілерін  қорғайды )
  2. « Бірінші байлық – денсаулық ».  ( зиянды   әдеттер   тақырыбында   мақал-мәтелдер  айту )
  3. « Тәні саудың  жаны  сау ». (  зиянды   әдеттер  тақырыбындағы  сұрақтарға  жауап  беру )
  4. Уланбасын өмірің. ( көрініс )
  5. Темекінің зияны. ( темекінің   зияны   туралы   оқушылардың  жинаған  мәліметтері )

Енді  сайысымызды  бастауға  рұқсат  етіңіздер!

 

Жүргізуші:  Көк  түтінге  жас  өкпеңді  ыстама ,

Ащы  суға  өзіңді-өзің  қыстама.

Ер  жетудің  белгісі  деп  бұл  да  бір ,

Әуес  көріп  ұстамасты  ұстама ! –  деп   жас   жеткіншектерді   са-

лауаттылыққа  үндейтін  « Тазалық » тобын  шақырайық.

                                             

I – кезең  « Таныстыру »

Топ  басшысы:  Құдайберген  Балнұр.

Тобымыздың  аты:   « Тазалық »

Тобымыздың  ұраны:  « Тазалық – саулық  негізі ,

саулық – байлық  негізі. »

 

Шықтық  біз  де  топ  құрап ,

Кілең  сайдың  тасындай.

Тазалықты  ұрандап,

Сөз  сөйлейміз  жасындай.

 

Жүргізуші:  Иманыңды , дидарыңды ,

Тазалап  ал , қазағым.

Ұрпақтарың , ұл-қыздарың ,

Түзу  бассын  қадамын ! –  деп   келешекке   келелі   азамат  ретінде

баруды  көздеген  « Денсаулық »  тобын  ортаға  шақырайық.

 

Топ  басшысы:  Жұмаділла  Мұхаммеджан.

Тобымыздың  аты:   « Денсаулық »

Тобымыздың  ұраны:  « Денсаулық – зор  байлық »

 

Денсаулық  ол  күлуің ,

Көңіл-күйің  жадырай.

Денсаулық  ол  жүруің ,

Ешбір  жерің  ауырмай.

 

Жүргізуші:  Жігерің  бар , талабың  бар, қайратың,

Мақсат  тұтсаң  қанатың  бар  талмайтын.

Өз-өзіңді  ұстай  білсең  тартынып ,

Өмірің  бар  алда  әлі  солмайтын , —  дей   отырып , жаман  әдеттер-

ден  жирендіретін ,зиянды  әдеттерге  байланысты  мақал-мәтелдер  мен  ұлағат-

ты  сөз  жарыстыруға  кезек  берейік.

 

II –кезең    

    « Бірінші  байлық – денсаулық ». ( зиянды  әдеттер тақырыбында                           мақал-мәтелдер  айту )

« Тазалық »   тобы :

Қ. Балнұр. – Темекі  тартып  ерікпе ,

Өкпеңді  алар  демікпе.

Нұржан.-  Темекінің  кермегі ,

Еріккеннің  ермегі.

Сара. – Жалқаулықтың  жан  күтімі ,

Екі  қолды  ыстайды.

Темекінің  көк  түтіні,

Екі  өкпені ыстайды.

Нұржан. – Ұзартқың  келсе  ғұмырды ,

Таста  арақ  пенен  шылымды.

Данияр. – Ішпеген  шылым  тартпаған,

Денсаулықты  сақтаған.

Өмірәлі. – Елемеген  ауру  жаман ,

Ескермеген  дау  жаман.

Ақерке. – Күлкі – денсаулықтың  мүлкі.

Елғонды. – Ішің  ауырса  аузыңды  тый.

Асылбек. – Маскүнем  арақтан  өледі.

 

«Денсаулық»  тобы

Жасұлан. – Түтіні  тісіңді  сарғайтады ,

Уы  ерте  қартайтады.

Мұхаммеджан. – Шылымды  жерге  тастама ,

Айналаңды  ластама.

Ә.Балнұр. – Көзге  түскен  қауыз  жаман,

Шылым  шеккен  ауыз  жаман.

Ақбаян. – Жасында  темекісін  будақтатқан,

Күркілдеп  қартайғанда  құлап  жатқан.

Бауыржан.- Шылымқор  өзін  ғана  емес ,

Өзгелерді  де  улайды.

Ұлданай. – Тамағы  тоқтық ,

Жұмысы  жоқтық ,

Аздырар  адам  баласын.

Шерзод. – Темекі  тартсаң  ақырын ,

Азаяр  сана  ақылың.

Бақберген. – Жақсыдан  үйрен ,

Жаманнан  жирен.

Әзиза. – Ауырып  ем  іздегенше ,

Ауырмайтын  жол  ізде.

 

Жүргізуші:  Шәкірттер  алды-артын  аңдасын ,

                       Шешілмеген  сұрақтары  қалмасын.

« Ол  кім ?  Бұл  не ? »  бөлімінде ,

Танымдықпен , білгірлікпен

Жауаптары  тыңдалсын , — дей  келе  « Тәні  саудың , жаны  сау »

бөліміне  тоқталайық.

III –кезең    

    « Тәні  саудың , жаны  сау »  (  зиянды   әдеттер  тақырыбындағы  сұрақ-

тарға  жауап  беру )

« Тазалық »   тобына  сұрақ :

  1. Есірткінің әлеуметтік  салдары  қандай ?

( Отбасының  бұзылуы , қылмыстың  артуы.)

  1. Құрамында этил  спирті  бар. Ол  не ?

(  Ішімдік )

  1. Темекі құрамындағы  улы  зат ?

( Никотин )

  1. СПИД неліктен  қорқынышты ?

(Ауырғаннан  кейін ең  көбі  5-7 жыл  өмір сүреді,ең  жаманы  емі жоқ. )

« Денсаулық »   тобына  сұрақ :

  1. Салауаттылық сөзінің  негізгі  мағынасы ?

( Парасатты , байыпты , ақылды , ойлы , сабырлы.)

  1. СПИД нашақорларға  қалай  жұғады ?

( Ортақ  пайдаланған  ине  арқылы )

  1. Дүние жүзілік  СПИД – пен  күрес  күні ?

( 1 желтоқсан.)

  1. Шылымның зияны  тиетін  ағза ?

( Өкпе )

 

Жүргізуші:  Салауатты  өмір  салтын  қолдайық!

Әдеттен  жаман  әманда  аулақ  болайық!

Өз  өмірің  өз  қолыңда , ей  жастар,

Су  ішпеген  гүлдей  болып  солмайық! – демекші  «Уланбасын

өмірің »  бөліміне  кезек  берейік .

 

IV –кезең    

    « Уланбасын  өмірің »  ( көрініс)

« Тазалық »   тобы:

« Шылым  шегудің  пайдасы »

( Сахнаға  ақ  сақалды  дана  қарт  пен  жас  бала  шығады )

  • Ата , мен шылым  шегуді  үйреніп  жүрмін. Қалай  ойлайсыз , бұл  денсау-лыққа  пайдалы  ма ?
  • Шылым шегудің  үш  түрлі  «пайдасы»  бар , балам. Біріншіден , шылым  шеккен  адам  ешқашан  да  қартаймайды.
  • Қалайша ?
  • Себебі , олар қартайып  үлгермейді. Шылым  шегетіндердің  өмірі  қысқа  болады , олар  жастай  өліп  кетеді , балам. Екіншіден , олардың  үйін  ешқашан  ұры  тонамайды.
  • Қалайша ?
  • Себебі , шылым шегетін  адамның  өкпесі  таза  болмайды  да  күндіз-түні  күркілдеп  жөтелумен  болады. Ұрылар  үй  иесінің  көкжөтелін  естіп , үйге  жақындай  да  алмайды. Үшіншіден , шылым  шегетін  адамды  ешқашанда  ит  0аппайды7
  • Қалайша ?
  • Себебі , олар өте  ерте  мүгедек  болып  қалады  да , таяққа  сүйеніп  жүреді. Ал  қолында  таяғы  бар  адамға  ит  жақындай  ма ,айналайын?

( Ақсақал  қулана  жымияды. Ал  бала  ойланып  қалады )

 

« Денсаулық »   тобы:

Қ. Балнұр:

Ерте, ерте, ертеде,

Дәл  қазіргідей  заманда

Айбек  деген  баланы,

Еркелетіп  өсірді.

Сұрағанын  әперді,

Оқу  деген  ойда  жоқ.

Өсе  келе  ол  бала,

Жамандыққа  бойлады.

Өз  бойына  жолатты,

Есірткі  деген  пәлені.

Шерзод. ( Айбек )

Керек  емес  үйретпе,

Оқымаймын  ереже.

Еркесімін  әкемнің,

Кенжесімін  атамның.

Қалтам  толы  ақшаға,

Ауырмайды  басым  басқаға.

 

Тыныш  еді  өмірім,

Көріп  сені  өзгердім.

Сүйіп  сені  көңілім,

Жұлдыздарға  тең  келдім.

Сөз  таппаймын  айтуға,

Сені  ойға  алғанда.

Түсімде  де  жүрсің  ғой,

Темекі  мен  есірткіні  ұсынып.

(Музыка  қосылып  би  биленеді. Ысқырықпен  балалар  дискотекаға  шығады, Айбек  билеп  жүріп  құлайды.)

 Жанар (дәрігер)

Тамырын  умен  суарып,

Инемен  таза  денеңді.

Тесуге  неге  келістің ?

Көк  түтінмен  уланып,

Ащы  суды  неге  іштің ?

Төсекке  асыл  азамат,

Аурумын  деп  құлайсың.

Дәрігерді  мазалап,

Не  үшін  енді  жылайсың ?

   Жасұлан, Мұхаммеджан  ( жолдастары )

Бұл  тірлікте  не  тындырдың, не  көрдің ?

Құрбанысың  СПИД  деген  кеселдің.

Ақталмай-ақ  кетіп  барады  арманы,

Жалғыз  бала  деп  өсірген  әкенің,

Кім  кінәлі  аялаған  анаң  ба ?

Бар  қажетті  даярлаған  қоғам  ба?

Ақбаян  ( анасы )

Мен  еркелетіп  өсірдім  сені, балам,

Сен  ешқашан  таршылық  көрмедің.

Сен  еркелеп  менің  жанымды  жұбатқан,

Сен  жалғанның  жырларын,

Жаттатқан  жалықпай , балам,

Сен  ботақаным, сол  өмірді  ұнаттың.

Өмірімнің  гүлі  едің,

Сағынып  сені  жүрегім,

Жолыңа  қарап  жүремін.

Қатемді  білемін , сеземін, балам.

( Әкесі  баласын  көтеріп  сахнадан  шығып  кетеді )

   Азиза  ( оқушы )

Жас  жеткіншек!

Өздеріңе  айтып  кету – борышым.

Ауырсаңдар  бұл  кеселмен,

Дәрігер  де  бере  алмайды  қол  ұшын,

Жат  әдет  пен  темекіге,

Жоламаңдар  сол  үшін!

   Бауыржан   ( оқушы )

Есірткі  жойылсын,

Ішімдік  құрысын.

Дені  сау  қазақтың,

Ұрпағы  көбейсін.

Мәдениет  өркендеп,

Табиғат  көркейіп,

Қазақтың  сымбатты,

Ұл-қызы  көбейсін!

 

Жүргізуші:  — Арақ  ішіп  шылым  шексең  жасыңнан,

Өсе  келе  айрыласың  басыңнан.

Төбелесіп  дарақы  боп  жүрсең  сен,

Таба  алмайсың  бір  досыңды  қасыңнан.

Сондықтан  да  замандасым  жас  ұлан,

Денсаулықты  сақтай  көрші  жасыңнан! – деп  « Темекінің  зияны »   бөліміне  кезек  берейік.

 

V – кезең

Темекінің  зияны. ( темекінің   зияны   туралы   оқушылардың  жинаған  мәліметтері )

« Тазалық »   тобы:

Нұржан. – Темекінің  құрамында  өте  улы  зат – никотин  бар. Шылым  шеккенде  адам  ауамен  бірге  темекінің  де  түтінін  жұтады.

Сара. —  Шылымның   күніне   жиырмасын   тартқан  адам  90 мл. шамасында

никотин  жұтады. Алғаш  рет  темекіні  тартқанда  адам  уланады, басы  айна-

лады, жүрегі  қағады, құсады, қол-аяғы  дірілдейді.

Нұржан. – Темекінің   түтіні   өкпе  тарамдары  мен  тыныс  жолдарын  бітеп,

түрлі  ауруларға  шалдықтырады.

Данияр. —  Никотин   қан   тамырларын   тарылтады.  Өкпе  ауруымен  ауыра-

тындардың  97  пайызы  шылым  шегетіндер.

Қ.Балнұр. – Қазіргі   дамыған   медицина   темекі   шегудің,  адамды   « баяу  өлімге » алып  баратын  бірден-бір  зиянды  зат  екенін  айтып, әрбір  тал  те-

мекіні  адам  өмірін  12  минутқа  қысқартатынын  анықтаған.

Өмірәлі.- Жыл   сайын   дүние   жүзінде  темекі  шегудің  салдарынан   4 млн.

адам  қайтыс  болады  екен.

Елғонды. –  Мұны   жыл   бойына   әр   күн   сайын   25   авиалайнер   апатқа  ұшырап, сол  себепті  түгел  ажал  құшқан  жолаушылардың  санымен  салыс-

тыруға  болады.

Ақерке. —  Дүние   жүзілік   денсаулық   сақтау   ұйымының   дерегі  бойынша

1997  жылы   темекіден  3  млн.  адам   қайтыс   болған  болса , бұл  көрсеткіш

жыл  сайын  33  пайызға  өсіп  отырған.

Асылбек. —  Шариғатта  адамды  есіртетін , мал  ететін , ақылынан  аздыратын , нәрсенің  барлық  түрі  харам  деп  аталады.

Қ.Балнұр. —  Лұқпан   хакім   ерекше   дарынды , зерек  болыпты. Соның  қал-

дырған  жеті  өсиеті  бар  екен.

  1. Ерте тұру.
  2. Орта тазалығын  сақтау.
  3. Дене шынықтыру.
  4. Үнемі денені  таза  ұстау , ыңғайлы  киіну.
  5. Үнемі сергек  жүру.
  6. Артық тамақ  ішпеу.
  7. Көп ұйықтап  жалқау  болмау.

Осылардың  барлығы  денсаулықты  сақтандыру  негізі  болып  табылады.

 

« Денсаулық »   тобы:

Мұхамеджан. —  Құрамында   никотин   және   4  мыңға  жуық  улы  зат  бар

темекі   өсімдігінің   майдаланған,  құрғатылған  және  қолдануға  дайын  күй-

дегі  жапырағынан  жасалады.

Жасұлан. –  Темекінің  елі  Америка  болып  табылады.  Американы   ашқан- нан  кейін  темекі  Еуропада  кең  таралады.

Ә. Балнұр. —  Темекінің  ішінде ең  көп  мөлшерде  никотин  болады.Никотин

улы   зат   болғандықтан   медицинада  қолданылмайды  және  дәрі  болып  та

саналмайды.  Бір  қорап  темекінің  құрамындағы  никотинді  адамға   инемен

шаншыса, адам  өліп  кетеді.

Ақбаян. —  Темекінің  зияны : Ерін ,  тіл   және   өңеш   қатерлі   ісігіне  душар

болады. Ас  қорытуды  қиындатады. , тәбетті  қайтарады.

Ұлданай. —  Асқазанда  жара  айда  болады , өкпе  мен  көмекей  қатерлі  ісігі-

не  ұшырайды.

Бауыржан. —  Қол-аяқ  тамырлары  бірте-бірте  бітеледі.Гангренаға  айналып,

қол, аяқ  кесілуге  дейін  барады.

Шерзод. – Миды   қамтитын   тамырларда  да  қатаю  пайда  болып , жасуша-

лары   өледі   және   орнына   қайтып  келмейді. Жүрек  ауруына  шалдығады.

Тез  қартаяды , теріде  әжім  пайда  бола  бастайды.

Әзиза.  —    Темекі  өрттің   шығуына   да   ықпал   етеді. Соның   кесірінен  үй, орман  өртеніп , адам  өліміне  де  душар  етуі  мүмкін.

Бақберген. – Темекі  шегуді  о  баста  « ойнап »  бастаған  100  адамның  80-і

біртіндеп  тұрақты  шылымқорға  айналады.   

 

Жүргізуші:  Биылғы  жылдың  9  қазаннан  бастап «Халық денсаулығы  және денсаулық сақтау жүйесі жөніндегі кодекске сәйкес» енді қоғамдық орындар- да  темекі  тартуға  тыйым  салынды. Яғни, ауруханаларда, оқу орындарында, сауық-сайран   кешендерінде  (дискотека,  түнгі  клуб,  кинотеатр),  қоғамдық көлікте,  мемлекеттік  мекемелерде, мұражай, кітапханаларда, әуежай немесе теміржол   вокзалдарында   темекі   тартуға  тыйым  салынады. Егер  тыйымға көңіл  аудармасаңыз,12 960  теңгеден  77 760  теңгеге  дейін  мөлшерде айып-

пұл  салынады.

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!

Мұғалім :  Міне , балалар  « Арақ – арыңа  нұсқан , темекі – тегіңе  нұқсан », жаман  әдеттерден  аулақ  болыңдар! –  деп  кешімізді  аяқтай  келе  қатысып

отырған  қонақтарымызға  сөз  береміз.