Тәрбие сағаты Жеңістің жырын жырлайық!

177

                                                   Тәрбие сағаты Жеңістің жырын жырлайық!

Мақсаты :  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  қиыншылықтарды , халық  көтерген  қасіреттерді  еске  ала  отырып , оқушыларды  адамгершілікке , Отанын  сүюге ,  оны  қорғауға  баулу  және  оқушыларды  Ұлы Отан  соғысымен ,  қазақстандықтардың  ерлік  ісімен  таныстырып ,  ой — өрісін  дамыту .

 

Көрнекілігі:   1.   Интерактивті  тақта ,    телевизор .

  1. «Ер намысы – ел намысы»
  2. «Ешкім де  ұмыт    қалмайды ,  Ештеңе де  ұмыт  қалмайды»
  3. «Боздақтар» кітабы . Боранқұл  ауылынан  соғысқа  қатысқан  ардагерлер  суреттері.

 

Кіріспе :  Мұғалімнің    кіріспе  сөзі.

 

Жүргізуші :  65 жыл – бейбіт   көктем  таңы  атқалы ,

65 жыл – шуақты  күн  таратты  әнін .

Есімде  сонан   бері  65  рет

Ашылды  Жеңіс  күннің   парақтары .

65 жыл – үзілмеді  құстар  әні ,

Кетті  енді  сұм  соғыстың  қыспағы  әні .

  • жыл – жауымыздың ажал  оғы ,

Біздің  ел  үстіменен  ұшпағалы .

Талай  құс  содан  бері  қайта  оралды ,

Талай  бақ  әлеміне  қайта  орнады .

Соғыста  өлгендер  тек  оралмайды ,

Тек  ұрпақ  олар  жайлы  айтады  әнді.

Жеңіс  оңайлықпен  келген  жоқ . Жеңіс  жолында  Отан  үшін  су  кешіп  талай  миллиондаған  асыл  азаматтар  мерт  болды .  Жауымен  жан  аямай  шайқасып ,  ерліктің  ерен  үлгілерін  көрсетті.  Ана  жарын  жоғалтқан  жесір ,  бала — әкесінен ,  анасынан  айырылған  жетім  атанды.  Фашистердің  тұтқын  лагерінде  ана  мен  бала  айуандықпен  өлтірілді.  Ал ,  тылда  қалған  қарттар ,  аналар  мен  бесіктен  белі  шықпаған  балалар  соғыстың  қайғы – қасіретін  арқалай  жүріп ,  бірде  аш ,  бірде  тоқ  тынбай  жұмыс  істеді.Бірақ  ешкімнің  сағы  сынбады.  Олардың  бойындағы  отаншылдық  сезім ,  қолына  қару  алып  сапқа  тұрған  көптеген  ұлт  өкілдерінің  тізе  қосқан  бірлігі  мен  ерлігі  Жеңіс  сағатын  жақындата  түсті.

Біздің  Қазақстан да соғыс  оты  шарпымаған  шаңырақ  кем де кем . Жүз  мыңдаған  ата — әкелеріміз  соғыстың  алғашқы  сәтінде – ақ  майданға  аттанды. Жауға  атылған 10 оқтың 9 – ы Қазақстанда  жасалды .

Дәл  осынау  жадыраңқы  жай  күні ,

Болса  дағы  қай  ғасырдың  қай  жылы .

Ұлы  Отаным  басымды  иіп  бір  минут ,

Есіне  алмақ  сол  бір  апат  қайғыны .

Осы  қан  майданда  мерт  болған  ерлердің  рухына ,  бүгін  арамызда   асқар  таудай  болып  жүрген аталарымызға  басымызды  иіп  тағзым  етейік .  1 минут  үнсіздік .

«Случайный  вальс» музыкасымен  3 қыз , 3 жігіт  билеп  сахнаға  шығады . Кенеттен  радио  хабары . «Левитанның  даусы)  Интернет арқылы  алынған.

 

Музыка «Священная  война»  Жауынгерлерді  соғысқа  аттандыру.  Сахна  сыртында :

Қала  қалды  қаңырап ,

Ана  қалды  аңырап.

Түсіп  жатты  ортаға ,

Жүздеп  мыңдап  шаңырақ .

Зұлматтсұмдық  соғысқа ,

Иесі  кетті  тұлпардың ,

Сүйгені  кетті  қыздардың ,

Күйеуі  кетті  тұлдардың

Баласы  кетті  шешенің

Ерлері  кетті  көшенің

Быт – шыт  болды  дүние

Сынығындай  кесенің .

Жоғалтты  біреу  панасын

Жоғалтты  біреу  анасын

Жоғалтты  біреу  баласын

Жоғалтты  біреу  інісін

Жоғалтты  біреу  ағасын

Жоғалттқандардан  сұрағын ,

Ұлы  Жеңістің   бағасын !

Болат:( Майданға аттанушы) Қош  бол елім , қан  майданға  жөнелдім ,

Жаным  барда  жаудың  жолын  бөгермін .

Иә болмаса  омырауыма  оқ тиіп ,

Жүрегімнің  қанын  жерге  төгермін .

 

Жасұлан.:  Бұлт   түнеріп  аспаннан ,

Талайдан  көзден  жас  тамды .

Тұтқиылдан  жау  тиіп ,

Қырғын  соғыс  басталды.

Отаным  еркелеймін  енді  кімге ,

Өзіңмен  нені  болса  көрем  бірге .

Қалайша  қабырғама  батпас  менің ,

Басыңа  қатер  бұлты  төнген  күнде . «Прощание  славянки»  әні  орындалып тұрады.

 

Айгерім:1418  күн  мен  түн  майдан  оты  маздап соғыс  қазаны  сақылдап қайнап  , ажал  оғы  ойнап  жатты. Қазақстанда  құрылған  көптеген  әскери  құрамалар  ұлы  шайқастардың  жылнамасында  даңқты беттер  жазып  қалдырды. 316 атқыштар  дивизиясы , 238 және 312  атқыштар  дивизияларының  Москва  түбіндегі  шайқастарда , 29 және 38 дивизиялардың  Сталинград  түбінде , Курск  доғасында , 310 және 314 дивизиялардың  Ленинград  қаласы  үшін  ұрыстарда  даңқы  шықты.

 

Батырхан:  Осы  соғысты  бастай  отырып , ьфашистік  Германия ұлы  жоспар  жасады. Яғни  біртұтас  ССРО – ны  бөлшекке бөліп  жіберуді  ойлаған . Оған Қазақстан  жері де  енді. Ортақ  Отанымыздың  басына  қатер  төнген  кезде  қазақ  жерінен  барлығы 1 млн. 200 мың  адам  соғысқа  аттанды.

 

Фариза :  Көрінген  елге  бас  салған ,

Гитлердің  жынын  басуға

Дабылымен  тас  жарған

Тарихи  майдан  ашуға

Аттандық  біз  майданға !

Қанға  құмар  қарақшы ,

Өз  қаныңды  ішерсің .

Еңсеңді  басар ердің  күші , Өз көріңе  түсерсің ,     Аттандық  біз  майданға !

Інжу:    Оқ атып Отаныма  фашист  зұлым ,

Кіргенде  еліміздің  жерін  таптап ,

Қазақ  та  аттандырды  қыз  бен  ұлын

Дұшпаннан  достығымды  қал  деп  сақтап.

Қазақ  халқы  соғысқа  кірген алғашқы  күннен  бастап  өзінің   қаһарман  халық  екенін  көрете  білді .  Осыған  байланысты  500 –ге жуық  қазақстандық  Кеңес  Одағының  батыры  деген  атаққа  ие  болды.  Бүкіл  соғыстың  барысында  3500 – ден  астам  қазақстандықтар  Украина , Беларуссия , Ресей   ормандарында  партизандық  соғыс жүргізі.  Партизан  батыр  бала  болатбектің , Павлик  Морозовтың , Олег  Кошевойдың  есімдері  мәңгі  ұмытылмайды.

 

Мадина :  « Соғыс , соғыс , соғыс»  — деп  өрт алауы ,

Жалай  берді аямай  айналаны .

Өртке  былғап  жерімді ,  көкке  бүркіп ,

Өзеуреді  өлімнің  миналары.

Жойқын  соғыс  бәрінде  жалмап  алды,

Заманы  алай – түлей  бола  қалды.

Аналар  көйлек  емес ,  шалбар  киіп ,

Шарт  буынып  қолына  орақ  алды.

 

Айзада:  Кеңес Одағы  бойынша  11600 адам  Кеңес Одағының  Батыры  атағын  алса , оның 497 – сі  қазақстандықтар.  Кеңес  Одағының  орден ,  медальдарымен  марапатталған  қазақстандықтар – 96638 . Кеңес Одағының  Батыры  атағын  үш   мәрте  алған – Иван  Кожедуб,  екі  мәрте  алған Талғат  Бигелдинов , Сергей  Луганский , Иван  Павлов , Леонид Беда – қазақстандықтар еді. Дубосекова   разьезі  жанындағы  шайқаста  28  панфиловшылардың  ерлігі  дүние  жүзіне  мәлім  болды.

 

Жасұлан :  Мәскеу  үшін  шайқаста  қазақ  жерінен  жасақталған  И. В. Панфилов  басқарған  316 – атқыштар  дивизиясы  ерлікпен  шайқасты.  Кейіннен  бұл  дивизия 28 – Гвардиялық Панфиловшы  деп  аталып , Бауыржан  Момышұлы  басқарды.

 

Алтай:  300 мың  жауынгер  қыз – келіншектердің  ішінде  86 – сы Кеңес  Одағының  Батыры  атағына  ие  болса ,  оның  екеуі  Шығыстың  даңқты  қыздары — Әлия  мен  Мәншүк .  Қарағандылық  Нүркен Әбдіров – капитан Гастеллоның , Ақеділ  Сухандаев – Матросовтың  ерлігін  қайталап , жау  амбразураларын  денесімен  жапты. Бұл  ерлікті  Сұлтан  Баймағанбетов , Иван  Бабин , Михаил Янко  қайталады.

 

Әділет :  Соғысқа  1 млн. 200 мың  қазақстандық  аттанса , соның  603  мыңы  майданнан  оралған  жоқ. Сол кезде  Еңбек  армиясында  жеңіс  үшін 700  мыңнан  астам әйел , бала , жас – кәрі  аянбай  еңбек  еттің.  Ұлы  Отан  соғысында 27 млн. Кеңес  адамы , 50 млн. Дүние  жүзі  адамы опат  болды.  Азаткер Армия  Еуропа  мен  Азияның  көптеген  халықтарын  фашистік  құлдықтан  құтқарды.

 

Боранқұл  селосынан  соғысқа  аттанған   ардагерлердің  суреттерін  интер  тақта  арқылы  көрсете  отырып ,  өмір жолдарын ,  ерлік істерін  айтып  шығу. (әр оқушы)

 

 

Арай :  Соғыстың  аты – соғыс қой ,  Жалмады  талай  арысты.

Мылтықтың  оғы  босқа  ұшпай ,  Өмір  мен  өлім  алысты.

Зұлымдықтың  туын  жығып , Атты  бақыт  алтын  таңы .

Фашистердің  жау  боп  келген , Көкке  ұшты  шаң – тозаңы.

 

Айгерім : Соғыста  еліміз 27 млн адамынан  айырылды. Ақырында  көптен  күткен  Жеңіс 1945  жылдың  9 – мамырында  келіп  жетті.

 

Айзада:  Кек  қайтарып  фашистен , Соғыс  бітті  жеңіспен

Па , шіркін , осы  шаттыққа ,      Түрілсін , халқым  құлағың!

Жеңіс  келді  далама !  Жеңіс  келді  қалама !

 

Интертақта  арқылы  Жеңіс  парадын  көрсету.    Ән «День  Победы»  орындалып тұрады.

 

Маржан:   Неменеңе  жетістің  бала  батыр ?

Қариялар  азайып  бара  жатыр .

Бірі  мініп  келместің  кемесіне ,

Бірі  күтіп , әнеки,  жағада  тұр .

Ақиқатты  айқындап  жариялар

Бара  жатыр  азайып  қариялар.

Дауыл  тұрса  бүлк  етіп  толқымайтын

Бара  жатыр  сарқылып  дариялар.

Қанды ,  сұрапыл  соғыстың   куәсі  болған , Отанымыздың  әрбір  тасын  қорғауға  арын  жалау  етіп , жанын  алау  етіп  жауға  аттанған  ер азаматтар  көз  қуаныштарымыз  болып  ортамызда  жүр.   Ұлы Отан  соғысының ардагері Алуадин Орақовпен  кездесу.

Алуадин Орақов  менің  әкем Қармыс Тоқсановпен  бірге   әйгілі «Курск  доғасында»  соғысқан  майдандас  досы .  Бұл  туралы  жазылған «Маңғытау»  газетіндегі  Злиха Тоқсанованың   (01.04.2010ж) «Мен  әкемді  айтып  мақтанамын»  мақаласын  оқып  беру.

 

Маржан :  Сәбилердің  зәресін бұлт  алмасын ,

Айна  көңіл  жүректі   кір  шалмасын .

Бейбіт  құстар  даласына  еркелеп ,

Аспанымда  қалықтаудан  талмасын.

Сәбилердің   зәресін  бұлт  алмасын ,

Гүл  бәйшешек  еш  уақытта  солмасын.

Ақ  көгершін  аспанымда  қалықтап,

Барлық  халық  бейбіт  күнді  қолдасын.

Ән: «Ақ көгершін»

 

Еламан:    Отан  үшін  жанын  қиған  боздақтар

Рухың  сенің  от боп  маздап  жалындар !

Ей , жас ұлан , ұмытпаңдар ерлік  еткен  ерлерді!

Тағзым  етіп  басыңды  иіп гүл  шоқтарын  қойыңдар .

Мектеп  жанындағы  ескерткіш – обелискіге  гүл  шоқтарын  қою.

1 минут  үнзіздік. Хормен:  Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.

 

Маржан:  Енді  соғыс  болмасын

Қабаққа  қайғы  қонбасын

Жер  бетін  өрт  шалмасын

Әр  күні  бейбіт  таң  атып ,

Әлпештеп  жұртты  оятып ,

Әр күні  көкке  күн  шықсын .

Күрсінбесін  аналар ,

Күле  берсін  балалар!

 

Ән: «Әрқашан  күн  сөнбесін».

Қорытынды:  Аталық  Әбдешұлы : «Соғыс  ардагерінің  толғанысы»  өлеңімен  аяқтау.