Тіл мерекесі

122

Тіл мерекесі

Бірінші көрініс: Дала сахнасы «Шешендік әлемінде» деген жазу алыстан көз тартады. Сахна төрінде қазақ тарихындағы көрнекті шешен билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би отырады. Ортада дастархан жағалай ақсақалдар, отырысқан.

Бірінші жүргізуші: «Халқымыздың тарихында ел үшін еңіреніп, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгері, ойшылдары, қайраткерлері аз болмаған. Олардың ең бастылары от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған билер. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би. Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп, арашаға келіп сонау сұңғыла жандардың атқарған қызметі ұшан-теңіз. Төле бидің руы Үйсін-Дулат. Оның ішінде Жаныс, Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Байбекұлыменбірге ӘзТәукенің басты кеңесшісі әрі көмекшісі болады. Төле би Әлібекұлы қазіргі Шымкент облысы Леңгір ауданына қарасты Ақбұрхан Орда деген жерде 93 жасында дүниеден өткен.

Төле би: Ей, әлеумет! Құс арыса, қанаты талады, ат арыса тұяғы тозады», — деген, алыс қияннан келіп отырсыздар, осы аттың күші қай жерде болады? – деп сұрайды.

Біреу: Аттың күші алдыңғы екі аяғында шығар.

Екінші біреу: Артқы екі аяғында болар. Сонда бала Қазыбек тұрып:

Қазыбек би:Аттың күші алдыңғы аяғында да емес,артқы аяғында да емес, ортасында болады, — депті.

Төле би: (балаға қадала  қарап). Оны қайдан білдің, себебі не?

Қазыбек би:Астында төрт тіреуі жоқ жерде күш қайдан болсын, күш тіреуі ортасында. Алдымда ағам бар, артымда інім бар, екі жағынан да тірегім зор. Әділ билік лайық емес пе? – деген екен.

Төле би: (Сонда Қазыбекке бата берген екен)

  • Айтқан сөзің аталы болсын, жүрген жерің бәтуәлі болсын, дуалы ауыз, әділ жан атанғай, осы саған берер батам, — депті.

 

Екінші жүргізуші: Тілім менің!

Осы тілде шежірем, жырым менің.

Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі,

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.

 

Бірінші жүргізуші: Тілім менің!

Жауға айбарым, ұраным, туым менің.

Найзасымен тең ұстап, ана тілді,

Намысымды қорғады Сырым менің.

 

Екінші жүргізуші: Тілім менің!

Тіршілігім, танысым, құным менің!

Бас бергенмен, Махамбет тіл берген жоқ,

Тіл кесілсе, не болмақ күнім менің.

 

Бірінші жүргізуші: Тілім менің!

Тұтастығым, елдігім, үйім менің,

Ел қорғаған ерлерге рух берген,

Осы тілде толғады биім менің.

 

Екінші жүргізуші:Тілім менің!

Ұлы  Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

 

Бірінші жүргізуші:Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен, арыммен, қатар қойып,

Тілді қорғау – парызым бүгін менің.

Қазақ халқының дәстүр-салтына арналған кешімізді әдеби-музыкалық концертпен бастайық.

Ән шашу

Көркем сөз оқушы: қазақ елінің қайта жаңғырып, маңдайы жарқырап, бағы жануы рухани таза, адамгершілік мұралардан нәр алуында, ата-бабалар тәлімін қастерлеп, ұлттың иірімдерінің небір шұрайлысын халықтық мұралардан іздеп табуда.

Имандылық, адамдық қасиеттерді бойға сіңіруде халық педагогикасының тереңіне үңілсек, қазақ халқы өзінің ұрпағын «тек» деп өсірген екен. «Жақсы сөз – жарым ырыс» — деген ата-бабаларымыз жаман сөзді, суық сөзді айтуға тыйым салған. Ал жөн-жоралғыларды, жақсы-жаман ырымдарды естіп көрмеген, мектепте олардың бәрін ескінің қалдығы деп жирендірген соң, бүгінгі ұрпақ 7 атасын, тегінің кім екенін білмейді былай қойып, ана тілінде сөйлеу артта қалушылық деп ұқты-ау.

 

Бірінші оқушы:

Бейбіт елде болмаса да қатал күн,

Бейқам жүріп «шала қазақ» атандым.

Анық тегін анық білмей атамның,

Ар-намыссыз, «шала қазақ» атандым.

 

Қасиетін қадірлемей сақалдың,

Қас – надандай «шала қазақ» атандым.

Мағынасын түсіне алмай мақалдың,

Масқара боп «шала қазақ» атандым.

 

Құса болып құстай, талай қақалдым,

Бәрібірде «шала қазақ» атандым.

Өз баласы болам қалай Отанның,

Өз үйімде «шала қазақ» атандым.

 

Екінші оқушы:

Ұят болар, «шала қазақ» атанба,

Жүрген жоқсың алыс елде жапанда.

Осы менің саған айтар ақылым,

Осы менің саған берер батам да.

 

Әкең қазақ, шешең-қазақ, қарағым,

Сенде ұлысың мынау дарқан даланың.

Әр халықта ұлттық намыс деген бар,

Оны биік қасиет деп санаған.

 

Жеті атаңды, руыңды білмейсің,

Үлкен сөзін құлағыңа ілмейсің.

Әкеңменен әңгімеге зауқың жоқ,

«Мен білмес» деп тілді бұрып күрмейсің.

 

Жауап қаттың маған орыс тілінде,

Таласым жоқ, болар сенде білім де.

Басқа тілді білген жақсы, бірақ та,

Таза сөйле өз анаңның тілінде.

 

Жас адамсың, басқа сенің мінің жоқ,

Менің сенен жасыратын сырым жоқ.

Отан, Ана, Ана тілің – үш  Айың,

Осыларсыз болашақта күнің жоқ.

 

  1. Үш бақытым
  2. Хор «Менің Қазақстаным»
  3. «Қазақтарды қонақтармен таныстыру»
  4. Ән – шашу

 

Екінші жүргізуші:Қазір, «ата-баба ұлағаты» атты қазақ ырымдарымен танысамыз.(сахнада ұлттық киімде, ана, әже, ата, әке отырады. Бірі текеметтің үстіне, бірі диванға, бірі орындыққа жайғасқан).

10 жасар бала: Табалдырықта тұрып алады.

Әке: Балам, табалдырықта тұрма.

8 жасар қызы: Табалдырықты керіп тұрады.

Ана: Қызым, босағаны керме.

7 жасар бала: Үйде ысқырады.

Атасы: Балам үйде ысқырма.

8 жасар бала: Үйді айналып жүгіреді.

Әже екі немересін ұстап: Балаларым, үлкеннің айтқанын тыңдап алған дұрыс,жаман ырым жамандыққа бастайды, дейтін әже-аталарымыз. Айға қарап дәрет алмайды. Бас киімді теріс қаратып киюге болмайды. Мойынға белбеу салған жаман ырым. Күлді баспа, бүйіріңді таянба, адамды айналып жүгірме. Қарақтарым, осындай ырымдарды еске алып жүрсеңдер, әдепті, ибалы адам боласыңдар. Үлкеннен бата алуға тырысыңдар. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» — деген бабаларымыз.

 

Көркем сөз:

Ежелден-ақ еліміз ірі, іргелі,

Шежіреміз, тарихымыз ілгері.

Менің тілім Қаз дауысты  Қазыбек,

Әйтеке мен Төле бидің тілдері.

 

Алғаш рет ана сүтін жұтқам-да,

Алғаш рет ана тілім ұққан-да.

Өз анамды «мама» демей ана деп,

Алғаш рет тілім менің шыққан да.

 

Тегін білмеу жетесіздік жат маған,

Тілім – арым, ол арымнан аттаман.

Дүние есігін сол тіліммен ашқанмын,

Келмеске де сол тіліммен аттанам.

 

Келесі кезекте халық әндерінен музыкалық насихатнама айтылады.

 

  1. Гүлдерайым
  2. Үкілім-ай
  3. «Келіншек биі» орындалады
  4. Қарындасым әні

 

Бірінші жүргізуші:

Ана-тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

 

Екінші жүргізуші:

Сенің арқаң қанып ішсем тұрықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.

Анашыңды ұмытқаның емес пе?

Ана тілін егер сені ұмытсам.

 

Екі жүргізуші хормен:

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын,

Ана тілім, егер сені білмесем.

 

Анамның тілі: Ән