«Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі»

84

«Қыз өссе елдің көркі,  Гүл өссе жердің көркі»

8 наурыз мерекесіне арналған мектепішілік шара

Мақсаты:

1.8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2.Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3.Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Зал мерекеге сай әсем безендірілген, шармен безендіру,нақыл сөздер, гүлдер,техникалық құралдар.

Түрі: Таң қалмаңыз

Барысы:

Зал мерекеге сай безендіріліп, «Ана» туралы әсем әуен жіберіледі

І.Кіріспе:

АҚТОЛҚЫН: (ашылуы)

Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар және оқушылар. Сіздерді көктемнің лебімен ілесе келген 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға бақыт тілеймін!

«Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Аналар-шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде»- дей келе бүгінгі «Таң қалмаңыз» шарасына қош келдіңіздер!

Жүргізушілер ортаға шығады  ӘЛІБИ,Асқар , АСЛАН

-ӘЛІБИ: —Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау жүр, Ақ мамам!-

АСҚАР: —ӘЛІБИ,   мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезден-ақ, апайларымыз осы әнді үйретуден бастады емес пе?

ӘЛІБИ:  -Рас айтасың, АСҚАР. Бұл жадыңда мәңгі сақталар әндердің  бірі емес пе?!

АСҚАР:—Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

АСЛАН:

—Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

 

ӘЛІБИ:        

—Қош келдіңіздер, құрметті аналар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

АСЛАН:

— Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

 

АСҚАР:

—Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды.

ТАСМАҒАНБЕТОВ Н-ның орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар!

АСҚАР: —ОУ, жігіттер!

Мерекені бастайық.

ӘЛІБИ:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана тауып, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

-деп шарамызды бастаймыз! Аяулы ұстаздар, ардақты аналар, мейірімді апайлар, сүйкімді қыздар, қылықты қарындастар! Мерекелеріңіз құтты болсын!

«Таң қалмаңыз » шарасын бастаймыз!

«Қадірлі қонақ» айдарында бізде бүгін қонақта ТАҢ ҚАЛМАҢЫЗДАР   мектеп-интернатымыздың басшысы Аманғалиева Бибігүл Тәутенқызы. Қол шапалақтап ортаға шақырамыз.      (сұхбат жүргізетін Жайжанов Әліби)

Әліби:- Бибігүл Тәутенқызы қош келдіңіз! Мерекеңізбен құттықтаймыз!

Сізге қояр алғашқы сауалым:

ӘЛІБИ: -8 наурыз Аналар мерекесі.  Бізге балалыққа бір сәт орала отырып, анаңыз туралы, анаңыздың жақсы қасиеттері туралы айтып берсеңіз?

-……

ӘЛІБИ:-Әнгімеңізге көп рахмет. Келесі сауалым, 8 наурыз мерекесін оқушылық кезеңде қалай атап өтетін едіңіздер? Оқушылық кезеңіздегі есте қалған сәттеріңіз…

-……

Әліби: —Бибігүл Тәутенқызы сізге көп рахмет.  Мерекеңізбен құттықтаймыз! Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз сіз үшін қаншалықты маңызды? «Анасы бар адамдар ЕШҚАШАН ҚАРТАЙМАЙДЫ» деген сөзбен келісесіз бе?

-………….

Әліби: БИБІГҮЛ ТӘУТЕНҚЫЗЫ Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сізге және отбасыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіз!

Мерекеңіз тағы да құтты болсын!КЕЛЕСІ ӘН СІЗДІҢ ҚҰРМЕТІҢІЗГЕ АРНАЛАДЫ.

ӘЛІБИДІҢорындауындағы ән барша әйелдер, аналар құрметіне арналады.  Ортаға биге шақырамыз.

АСҚАР:—    Көктем күні көрікті.

Күн шұғыла төгіпті

Сол көктемде мереке,

Дүниеге келіпті.

Көктем күні қуатты.

Шашты әлемге шуақты.

Наурыз өзі өмірді.

Нұрландырған сияқты.

АСҚАР:  Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән.Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?.

-Адамды дүниеге әкелетін,өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

АСҚАР:-«Ерекше жан» айдарында қонақта ТАҢ ҚАЛМАҢЫЗДАР мектебімізде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәрбиеші апайымыз,  2 ұлдың, 1 қыздың сүйікті анасы, немерелерінің ардақты да сүйікті әжесі МЫРЗАҒАЛИЕВА САНИЯ апайымыз бізде бүгін қонақта.

АСҚАР: -САНИЯ АПАЙ мереке құтты болсын! Қош келдіңіз!

Сізге қояр алғашқы сұрағым, Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз-……

АСҚАР:-Көп рахмет! Сіз 2 ұлдың анасысызз, балаларыңыз мерекеде сізге қандай тарту дайындайды? Жалпы 8 наурыз мерекесі сіз үшін маңызды ма? Мерекені қалай қарсы аласыз?

-…….

АСҚАР:-«Ана бақыты», «ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ» дегенді қалай түсінесіз? Өзіңізді бақытты санайсыз ба?

—….

АСҚАР:—Балалық шағыңыз, анаңыз туралы айтып берсеңіз?

-…..

АСҚАР:—Сізге көп-көп рахмет!Құрметті САНИЯ АПАЙ! Сізді бүгінгі төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!

   Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғаныңыз үшін Сіз қашанда сыйлы, сүйікті қадірлі екеніңізді ұмытпаңыз. Отбасыңыз аман, деніңіз сау болсын!

 

МАХМЕТЖАНОВ АСЛАННЫҢ тамаша көркемсөзі сіздердің құрметтеріңізге арналады.

 

Әліби:  8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, әжелеріміз, әпкелеріміз бен қарындастарымыз жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.

Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!

ӘЛІБИ:—Келесі қонағымыз Жұмабаев Күләш апаймен мектебіміздің еңбек жолын бастап отырған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ЕЛЕШОВА АЙГҮЛ апайларды қарсы алайық. Күләш апай, АЙГҮЛ апай қош келдіңіздер!

АЙГҮЛ  апайды АСҚАР «Дәм думанда » қарсы ал. «Дәм думанда» АЙГҮЛ АПАЙ мерекеге арналған тамаша тағамын ұсынады.

Әліби:—              АСҚАР, сөз кезегі сендерде. Қандай тағам түрлерін дайындайсыздар!

 

АСҚАР:-Көп рахмет! АЙГҮЛ апай қош келдіңіз мереке құтты болсын! 8 наурыз мерекесі сізге ұнай ма? Көбіне анаңыз үйде қандай тағам түрлерін дайындайды? Тағамның қай  түрін дайындағанды ұнатасыз?——….

АСҚАР:   Біз тағам дайындап болғанша, ӘЛІБИ кезекті сіздерге береміз.

 

Әліби:  —Күләш апай сізді мерекеңізбен тағы да құттықтаймыз! Мереке құтты болсын!

Сізге қояр сұрағым, мектебімізде еңбек еткеніңізге қанша жыл болды? Жалпы өскен ортаңыз, оқушылық кезең туралы айтып берсеңіз.

-…

Әліби:Анаңыз туралы, анаңыздың жиі айтып отыратын үлгі-өнеге, жақсы

сөздерін айтып өтсеңіз?

—….

Әліби:— Отбасыңыз болып, қандай мерекені асыға күтесіз? Балаларыңызға қандай тағам

түрін жиі дайындайсыз?

—-…….

Әліби:…8 наурыз мерекесі ұнай ма? Таң қалған, есте қалған сәттеріңіз туралы айтып берсеңіз?

-……

Әліби:    Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді апайлар, әдемі арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!

Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!

Әліби:АСҚАР сөз кезегі өздеріңізде.

Асқар:  —РАХМЕТ! АЙГҮЛ  апай мерекеге орай жылы лебізіңіз.

Мерекеден не күтесіз? 8 наурыз мерекесі сізге ұнай ма?

АСҚАР:Бүгін бізбен бірге болып, тамаша ас мәзірін ұсынғаныңызға көп-көп рахмет!

Сізге бар жақсылықты тілей отырып, сізден әсем ән сұраймыз.

Елешова АЙГҮЛ ән айтады.

АСЛАН:  — Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

Ана-перзент тәрбиелеуші,

Ана-қызметкер,

Ана-ғалым,

Ана-ғарышкер,

Ана-зейнеткер,

АСЛАН:    -Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады.

 

АСЛАН:  -Жасынан сүйіп өскен балақаның,

Бір ғана сенім артар балапаның.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайынан алақаның.

Өмірге Ана-бақыт,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай шешен,талай көсем,

Талай ер,талай дана,талай ақын

АСЛАН:-Бүгінгі айтылаған ақ тілек,жылы сөз,күмбірлеген күй,шырқалаған ән сіздердің құрметтеріңізге арналды. МЕРКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

АҚТОЛҚЫН:    Аналар жөнінде күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ даулықты аналардың толық болмыс бітімін суреттеп бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме- жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес. Ол  ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс. Сағыныш толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны  жайсың, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс. Өйткені, «Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән».

Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,

Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.

Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,

—        Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.

 

Айтар ойды жарқырата неше өңдеп

Сөйледіңіз,

Шешендікті мекендеп

Сонда өзімше бағаладым ішімнен,

«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.

 

Тағы бірде асқақтата ән салдың,

Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.

«Тап Күләштің көшірмесі…» деп сол сәт,

Дүниеге келіп кетті жар салғым.

Баршамыз бірге ән шырқайық.

Хор: «Ана туралы жыр».

 

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана тауып, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың дағы кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!-деп  бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.

 

Мерекеге арналған шарамыз аяқталды. Мереке құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған

«Қыс өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі» атты

ТАҢ ҚАЛМАҢЫЗ шарасының жүру-барысы

 

 

 

 

Атқарылатын жұмыстар Орындалуына  жауапты
1. Музыка жіберіліп, бөлме мерекеге сай безендіріліп қойылады.

І.Кіріспе. Шараның ашылуы

 

Тойлыбай А.

2. Жүргізушілер ортаға шығады. Жайжанов Ә, Төлешов А, Махметжанов А.

Ана туралы, мерекелік құттықтаулар жүргізушілер кезек-кезек жүргізеді.

Жүргізушілер кезектесіп жүргізеді
3. НОМЕР: Тасмағанбетов Н-ның орындауында ән жіберу Нұрлан Т.
4. ІІ. ТАҢ ҚАЛМАҢЫЗ шарасы басталады.

Алғашқы қонақ  мектеп басшысы  Аманғалиева Б.Т.

Жайжанов Әліби

сұхбат алушы

 

5. Жайжанов Ә-дің орындауында  тамаша ән Жайжанов Ә.
6. Келесі қонақжайда  тәрбиеші Мырзағалиева С. апай Төлешов Асқар

сұхбат алушы

7. Махтетжанов А. «Шеше сен бақыттысың» көркемсөз оқиды Махметжанов А.
8. Жұмабаев Күләш апай ортаға шақырылады.

 

Елешова Айгүл «ДӘМ ДУМАНҒА» шақырылады.

Жайжанов Әліби

сұхбаттасады

Төлешов Асқар

сұхбат алады

9. Елешова Айгүл ән айтады. Елешова А.
10. Махметжанов А. Ана туралы сөздер оқиды. Махметжанов А.
11. Қорытындылау Тойлыбай А.
12. «Ана туралы жыр» хормен қоысылып шырқау Тойлыбай А.
13. Шараның жабылуы. Тойлыбай А.