Тақырыбы: Тілім менің

 

Тақырыбы: Тілім менің

Мақсаты: оқушыларды мемлекеттік тілдің өркендеп дамуына үлес қосуға талпындыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

 

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді тіл жанашырлары! Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата-мекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

Ана тілсіз тарихта жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.

Желмаяның үстінде желіп жүріп,

Күңіренбеген тектен-тек Асан қайғы.

Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі құрметіне арналған «Тілім менің» ойын-сауығымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырмас бұрын әділқазылармен таныс болайық. (Әділқазылармен таныстыру).

«Білімпаз» тобы, «Болашақ» тобы.

Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.

І. Таныстыру

ІІ. Сенесіз бе, сенбейсіз бе?

ІІІ. Шарадалар

ІҮ.«Сөз ойла, тез ойла» (асықтар)

Ү. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

ҮІ айналым

 

І айналым. Таныстыру (Топтар өздерін таныстырып өтеді).

 

ІІ айналым. Сенесіз бе, сенбейсіз бе?

«Білімпаз» тобына

  1. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тіл саясаты» тұжырымдамасы мақұлданды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)
  2. 1989 жылы «Тіл туралы» заң қабылданды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)
  3. 1994-1995 жылдар аралығында ҚР-ның жаңа конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, 1993-1995)
  4. 1995 жылы Тіл комитеті құрылды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм 1993)
  5. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)
  6. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді, — дегенді С.Мұқанов айтқан дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе?(сенбейм, Н.Назарбаев)

 

 

«Болашақ» тобына

  1. 1999 жылы «Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру үшін «Қазақ тілі» қоғамы құрылды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, 1989)
  2. 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң толықтырылып қайта шықты дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)
  3. 1996 жылы «Тіл туралы» Заңды күшіне келтіру туралы Мемлекеттік бағдарлама жасалды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, 1998)
  4. 2005 жылы «Мемлекттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған» Тұжырымдамасы қабылданды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, 2007)
  5. Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы-араб тілдерін меңгерген дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)
  6. Әркімге туған тілі – туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе, — деген нақыл сөзді Ғ.Мүсірепов айтқан дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, С.Мұқанов)

 

ІІІ айналым. Шарадалар (слайдтан көрсетіледі)

«Білімпаз» тобына

Алғашқы түбір сөз –

Қай сан? Тап.

Екінші түбір сөз –

Сұйық зат,

Екеуін қосып оқысаң

Жерге қойған ат.

(Жеті+су, жетісу)

 

«Болашақ» тобына

Алғашқы буыны –

Ұя ішіне жиған,

Екінші буыны –

Шөпке тұнған,

Екеуін қосып оқысаң –

Илеп кірпіш құйған.

(Бал+шық, балшық)

 

             ІҮ айналым. Сөз ойла, тез ойла (асық арқылы әріптер суыру)

             Бірінші болып суырған топ қандай әріп суырса сол әріптен басталатын, екінші топ суырған әріптен аяқталатын сөз айтып екі топ жарысады.

«Білімпаз» тобына   Қ, т, с, а.

«Болашақ» тобына  Р, а, н, л.

 

Ү айналым. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең жолдарында берілген асты сызылған сөздерге тіл туралы мақал-мәтел айту.

 

Тілсіз, ділсіз адамдар

көкірегі – көр, сезімі – тас кереңді,

Көре алмайтын Биіктікті,

Ұға алмайтын Тереңді!

Еслям Зікібаев

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

 

Ғұлама, халық жанды ғазиз бабам,

Халқыңнан бір сәтің жоқ ажыраған.

Келесің өлмей жасап, шырақшы боп,

Ана тілі – асыл жиған қазынаға.

Мұзафар Әлімбаев

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.

Тіл – мәдени қазынаның қайнар бұлағы.

 

Көшкен елмен өмірдің күн шуағын,

Кейде ауыр ойлардан тұншығамын.

Ана тілім – қасиетім жырымдағы,

Тілім бітсе, халқымның құрығаны.

Әбу Сәрсенбаев

Тіл – халықтың жаны.           

 

Сусыз, нұрсыз өспейтіндей гүл,

Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.

Аспан, Жердің амандығын апаттан

Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,

Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?

Еслям Зікібаев

Тіл – тіршілік тірегі.

Тілсіз жерде тіршілік жоқ.

 

Ұйқылы-ояу өмірде

Оятты ол неше жұртымды,

Сезінбес бұлай Тәңір де

Өзі жаратқан бұл тілді!

Қадыр Мырза-Әли

Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,

Сыйынатын тәңірі.

 

ҮІ айналым

 

Құрметті топтар бұл шешуші кезең, әр ойыншыға екі әріп тесілі, қойылған сауалдарға осы әріптердің көмегімен жауап берілу тиіс. Бізде кезекте «Білімпаз» тобы дайынсыздар ма? Уақыт шектеулі бізге 1 жарым уақыт беріледі. Уақыт кетті

  1. ҚР-ның медалі м-м-м еңбегі үшін (ерен)
  2. М-м-м лағындай (елік)
  3. Тары түйетін ыдыс (келі)
  4. Мақпал Жүнісова орындайтын ән «Қазақтың м-м-м қызымыз» (ерке)
  5. Алға сөзінің антонимі (кері)
  6. Азаттық сөзінің синонимі (ерік)

 

І     ІІ     ІІІ     ІҮ

Е     Р      Е      Н

Л     І       І       К

 

Кезекте «Болашақ» тобы дайынсыздар ма?

  1. Нешеу ала болса, ауыздағы келеді? (алты)
  2. Қорған болу м-м-м болу (пана)
  3. Қасқырдың іні (апан)
  4. Мұң, қайғының синонимі (нала)
  5. Абай өлеңінде

Өзіңе сен өзіңді алысқа қайрат пенен м-м-м екі жақтап, — дейді, бұл не? (ақыл)

  1. Арыстанның күшігі (алан)

 

     І     ІІ     ІІІ     ІҮ

А    Л       Т      Ы

Қ    П       А      Н

 

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

 

Тіл – ата-баба аманаты. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – баршамыздың парызымыз. Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры. Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана сүтімен бірге сіңетін болса, ол ана тілі ешқашан жойылмайды.

Табылар білім болса бар асыл да,

Кезек келді қазылардың бағасына.

(Қазылар алқасына сөз беріледі)

 

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей ордасы ауданы,

Мұратсай ауылы.