«Тілашар» мерекесі

505

«Тілашар»  мерекесі

Мақсаты:  Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.

Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген

сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.

Сахна мәдениетіне  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат, слайд, фото-шоу

 

Барысы:

 

Мұғалім:  Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі  мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:

  1. Дарынды дарабоз — Досымжан
  2. Ұшқыр ойлы — Дильназ бен білімге құштар — Расул
  3. Ерке мінезді Қуандық пен ұтқыр да тапқыр  – Рената
  4. Жаны жомарт — Абдолхақім мен талабы таудай — Жалғас
  5. Байсалды жан Ислам мен ақкөңілді Алишер
  6. Жаны жайсаң – Жанбек пен нәзік жанды – Алия
  7. Асыл да аяулы  Аяна мен сымбатты Султанбек
  8. Белсенді Бекзат пен пәк сезімді  Дария
  9. Ақ ниетті Нұрасыл мен алғыр да зерек Дана
  10. Қайсар жанды Магеррам мен мейірімді жан Мерейім
  11. Ұяң мінезді Нұрмұхаммед пен инабатты Инкар

 

Дильназ:    Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,

Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!

 

Мұғалім: Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.

Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл.

Мұғалім:  Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.    (Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын береді).
Әже: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа жиналған

Құтты болсын тойларың.

Мұғалім: Шашу шашты әжелер,

Сылдырлатып теңгелер.

Тойымыздың шашуын,

Сәт сапарға теңгерер.

 

Ислам: Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты – тілашар.

Султанбек: Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.

Абдолхаким: Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.

Мерейім: Мен оқушы баламын –

Оқып, білім аламын.

Мектеп-ұям, өзіңе

Арналады бал әнім.

 

  1. Хор: «Қоңырау» әні.

 

Магеррам: Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.

Алия: Оқуды көп ойлаймыз,

Қызығына тоймаймыз.

Әріптерді үйреніп,

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз.

 

Мұғалім:  «Қара жорға билемей, бидің сәні келер ме?» — деп жырламай ма әнде? Ендеше бүгінгі білім тойында «Қара жорға» билемейміз бе? Қошеметпен қол соғып, балаларды қарсы алайық!

 

  1. Би: «Қаражорға», сынып оқушылары.

 

  1. Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар: Дильназ, Инкар, Жалғас, Нұрасыл, Расул, Бекзат, Досымжан.

 

Автор-Дильназ:  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:

Қалам-Инкар:  Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

Оқушы-Жалғас : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.

Қалам-Инкар: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Оқушы- Жалғас:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-Инкар:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген  достарды тауып кездестірейін.

Автор-Дильназ:  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.

Оқушы-Жалғас: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

Дәптер-Бекзат:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.

Қарындаш-Расул: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Әліппе-Досымжан:    Ал мен болсам  —  бар кітапқа бас болған Ғылым атасы  -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.

Өшіргіш-Нұрасыл:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Қалам-Инкар: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?

Оқушы-Жалғас: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

Автор-Дильназ:     Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

 

Ән:  «Мектебім» . Орындайтын: Нусанова Рената.

 

Нұрмұхаммед: Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз — шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.

Досымжан:Еркесімін атамның,

Еркесімін  анамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

Алишер: Өсірді ой сананы

Тіл дамыту сабағы.

Жаңылмай айтып үйрендік

Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.

 

«Кім тапқыр?» жұмбақ, логикалық есептер шешу,  мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар  айту.

  1. Көп-көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине.

Іс тікпейді, әрине.  /кірпі/

  1. Мұрны пұшық, көзі қысық.

Өзі пысық , бұл не?….  /мысық/

  1. Мекені көкте екі ару,

Бірін-бірі көруге зәру.  / ай мен күн/

  1. Өшірді, сүртті, өзгені құртты,

Өзін де құртты.            /өшіргіш/

  1. Көлден ұшты 3 аққу,

Қайтып қонды  2 аққу.

Қонбады оның нешеуі

Қане, кім тез табады? /1 аққу/

  1. Далада тұр екі ешкі,

Қорада тұр үш ешкі.

Екі ешкі мен үш ешкі

Болады бәрі неше ешкі? /5 ешкі/

  1. 5 алманың екеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? /3 алма/

 

Мақал-мәтелдер (жалғасын тап):

  1. Бірі бәрі үшін, … (бәрі бірі үшін)
  2. Ағасы бардың — … (жағасы бар),

Інісі бардың — … (тынысы бар),

  1. Ырыс алды — … (ынтымақ) .
  2. Әке — … (асқар тау).
  3. Ас атасы — … (нан)
  4. Ас — … (адамның арқауы)
  5. Әкеге қарап ұл өсер, … (анаға қарап қыз өсер)

 

Мұғалім:   Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.

 

  1. Ертегіні сахналау: «Үйшік»  ертегісі

Қатысатын оқушылар: Жанбек-аю, Дана-түлкі, Рената-қоян, Қуандық-тышқан,

Аяна-қасқыр, Дария-бақа.

Аяна: Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.

Жанбек:  Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!

Дана: Ойыншық қалды жайында,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ қой ойынға.

Әріпті құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

Рената: Әжептеуір бойым да,

Сабақ қана ойымда.

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді «Жел боп есейік»

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есейіп.

Қуандық: Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат  оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.

 

Дария: Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.

Тақпағымды жаттаймын,

Сабағымды баптаймын.

Біздікіндей мектепті

Ешбір жерден таппаймын.
Мұғалім:    Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,

Шалқып қайт, шаттық тойы —

Тілашардан!


Т – тәртіпті болайық                      Султанбек

І – ілімді бойға жинайық               Мерейім

Л – лашындай биік самғайық      Магеррам

А – ақылды азамат болайық        Расул

Ш – шыншыл болайық                 Алишер

А – айбынды болайық                    Нұрасыл

Р – рахат өмір сүрейік                     Ислам

 

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

 

  1. Хор: «Менің Отаным – Қазақстан»

 

Мұғалім : Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Құтты болсын  балдырған,

Оқушы деген жаңа атың.

  • Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін.
  • Ертеңгілігімізді оқушыларымыздың осы кезге дейінгі мектепте түскен фотоларынан жасалған фото-шоумен аяқтағым келіп отыр. /фото-шоу/

 

  • Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші бастайды: Дильназ:

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,

Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!

 

Көрініс:

Автор-Дильназ:  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:

———-

Автор-Дильназ:  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.

——-

Автор-Дильназ:     Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

 

 

 

 

 

Ислам:

Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты – тілашар.

 

Р – рахат өмір сүрейік!                   Ислам

—-

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

 

 

 

 

 

 

Қуандық:

Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат  оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
 

Мерейім:

Мен оқушы баламын –

Оқып, білім аламын.

Мектеп-ұям, өзіңе

Арналады бал әнім.

 

——

 

І – ілімді бойға жинайық!              Мерейім

 

——

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

 

 

 

 

 

 

Магеррам:

Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.

 

—-

Л – лашындай биік самғайық !     Магеррам

—-

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

 

 

 

Султанбек:

Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.

 

—-

Т – тәртіпті болайық!                    Султанбек

—-

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

Абдолхаким:

Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.

 

 

 

 

 

 

Нұрмұхаммед:

Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз — шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.

 

 

 

 

 

 

Алишер:

Өсірді ой сананы

Тіл дамыту сабағы.

Жаңылмай айтып үйрендік

Жаңылтпаш, жұмбак, мақалды.

——

 

Ш – шыншыл болайық!                 Алишер

—-

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

 

 

 

 

 

Алия:

Оқуды көп ойлаймыз,

Қызығына тоймаймыз.

Әріптерді үйреніп,

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз.

 

 

 

 

Жанбек:
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!

 

 

 

 

Аяна:
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.

 

 

Досымжан:

Еркесімін атамның,

Еркесімін  анамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

 

 

Көрініс:

Әліппе-Досымжан:    Ал мен болсам  —  бар кітапқа бас болған Ғылым атасы  -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.

 

 

 

 

 

Дана:

Ойыншық қалды жайында,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ қой ойынға.

Әріпті құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

 

Дария:

Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.

Тақпағымды жаттаймын,

Сабағымды баптаймын.

Біздікіндей мектепті

Ешбір жерден таппаймын.

 

Әже:

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа жиналған

Құтты болсын тойларың. /шашу шашады/

 

 

 

 

 

Рената:

Әжептеуір бойым да,

Сабақ қана ойымда.

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді «Жел боп есейік»

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есейіп.

 

 

 

 

 

Қалам-Инкар:  Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

—-

Қалам-Инкар: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

—-

Қалам-Инкар:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген  достарды тауып кездестірейін.

—-

Қалам-Инкар: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы-Жалғас : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.

—-

Оқушы- Жалғас:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

——

Оқушы-Жалғас: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

——

Оқушы-Жалғас: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

Дәптер-Бекзат:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.

 

 

 

 

Қарындаш-Расул: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

—-

 

А – ақылды азамат болайық !        Расул

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

 

 

 

 

Өшіргіш-Нұрасыл:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

——-

 

А – айбынды болайық!                   Нұрасыл

——

 

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!