Бөлшек сауда және оның түрлері

297

Есбола Оразкүл Досайқызы

Д.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік лицейдің арнайы пән оқытушысы

 

Сабақтың тақырыбы:      Бөлшек сауда және оның түрлері

 

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                Бөлшек сауда түрлері және сауданың дамуы, Ұлы жібек жолының

саудаға  қатысы, қазіргі заман талабындағы сауда түрлерінің

маңыздылығын айта отырып түсіндіру

 

Дамытушылық:     Сауда түрлерін үйренуге меңгеруге  баулу

 

Тәрбиелік:                Оқушыларды жалпы нарықтық замандағы

маркетиштік саланы меңгеруге тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі:       Аралас сабақ

 

 

Сабақтың байланысы:    Тауартану , Маркетинг, Дүние жүзі тарихы

 

Сабақтың көрнекілігі:    Интерактивті тақта, слайд, электрондық оқулық

«Злата пальма», «Мир красоты».

 

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгелдеу

ә) үй тапсырмасын сұрау

 

  1. Баға дегеніміз не?
  2. Бағаға әсер ететін факторлар
  3. Бағаның нарық жағдайына бейімделуі
  4. Иілімді баға белгілеу және т.б.

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

а)  тақырып бойынша баяндау

б) жаңа сабақты пысықтау

 

Бөлшек сауда — түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді немесе тауарды тұтынушыға жеткізу жолымен аяқталады. Ол үшін арнайы сауда орындары болуы қажет. Сондай-ақ тауарларды соңғы кездері сауда орындары мен қатар пошта, телефон түрлі ақпарат құралдары арқылы өткізуге болады. Жалпы сауда өте ертеден келе жатқан 2-ші 16 ғасыр аралығында дамыған. Алдында орта Азия арқылы Қытайды алдыңғы Азиямен байланыстырды. Ұлы Жібек жолы Сианынан Ланчжоу арқылы Дунхуанға апарды, осы жерден жол екіге бөлінді:

1-ші солтүстік жол Қашқар Самарқанд, Ферғанаға барса екінші жол яғни оңтүстік жол Хотан, Жаркент Памир тауы арқылы Үндістанға соңынан Сырдарияны жағалай аса ірі қалалар Отырар -Фарабқа-Шауғар қалаларымен жалғастырған.

«Фараб» сөзін аударғанда — «арғы беттегі қала» деген ұғымды білдіреді. Отырар қаласы көптеген керуен жолдары тоғысқан түйін еді. Сырдарияны жоғары бойлап Сүткент арқылы Хорезм мен Үргенішке, Еділ жағалауы арқылы Кавказға кетеді. Ұзақ уақыт бойы Отырар Ұлы Жібек жолы бойында ерекше роль атқарған қалалардың бірі болып келді. Осы мақсатты қайтадан жандандыру үшін Отырар төбе мен Арыстанбаб кесенесінің аралығынан «Туризм» орталығы қүрылмақ. Бұл айтылғандардың барлығы Ұлы Жібек Жолы арқылы жүргізілген сауда жолдары. Содан бері келе 1920 жылдары Бөлшек сауда тарихы басталды

 

 

 

Экономикалық сауданың екі түрі бар:

Бөлшек сауда                    Дүкеннен  тыс  бөлшек  сауда

 

Бұл сауда орындары жалпы дүкендер, арнайы дүкендер, супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері т.б.

Соңғы жылдары бөлшек сауданың түрлері өнімді телефон, теледидар, интернет арқылы сату пайда болды. Мұндай сату жолдарын «бөлшек сауда дөңгелегі» деп атайды.

Сонымен, бөлшек сауданың бірнеше типтері бар, олар:

 

  1. 1. Тауарлық ассортименті бойынша

а) супермаркеттер

ә) суперстарлар

б) гипермаркеттер

в) арнаулы дүкендер

г) универмагтар

д) ыңғайлы дүкендер

 

  1. 2. Дисконтты дүкендер

а) қойма клубтары

б) қойма — дүкен

 

  1. Қызмет көрсету түрі бойынша

а) пошта арқылы сату

ә) жарнамалар арқылы

б) тапсырыстар қызметі бойынша

в) шығарып сату саудасы

 

  1. Жеке меншікке байланысты бөлшек сауда

а) пропорциялық жүйе

ә) ерікті жүйе

 

Дүкеннен тыс бөлшек сауда.

Дүкеннен   тыс   бөлшек   саудаға —   тікелей   маркетинг   жатады.    Тікелей маркетинг-қазіргі  кездегі  жаңа технология  мен  ақпарат  құралдары  арқылы тауарларды сату. Сатудың бұл әдісінде сатушы маңызды роль атқармайды. Тікелей маркетинг мынадай түрлерге бөлінеді:

а) пошта немесе телефон арқылы жүргізілетін бөлшектік сауда — бұл тұтынушылардың арнайы тізімі арқылы тапсырыс алу, Қазақстанда жаңа технологиялық телекоммуникациялық әлемдік ірі компьютер жүйесі «Интернет» Х25 Frame Relay, сандық телефон желілерін, электрондық поштаны енгізуге байланысты бөлшектік сауда.

 

ә) каталог бойынша тапсырыс алу саудасы — сатушылар әдетте каталог бойынша арзанырақ бағамен алуға мүмкіндік жасайды.

 

 

III  Дискет «Злата пальма»

 

ІҮ.   Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» клубы ойын өткізеді.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Команда аттарын өздері қояды. Капитан команда ойынның шартымен таныстырады. Ойынға үш оқушыдан қатысады. Әріптерді команда мүшелері өз қалағанын алады. Сұрақтар қойылады, қойылған сұрактарға қолдарындағы әріптер бойынша жауап беруі керек. Ойын жеребе тастау бойынша басталады.

 

«Зерек» тобының сүрақтары:

«Ойшыл» тобының сурақтары:

 

  1. Бөлшек сауда дегеніміз не?
  2. Бөлшек сауданың түрлері
  3. Типтеріне қарай бөлшек сауда нешеге бөлінеді?
  4. Тауарлық ассортименті бойынша бөлшек сауда түрлері
  5. Дисконтты дүкендер
  6. Қызмет көрсету түрлері бойынша дүкендер
  7. Дүкеннен тыс бөлшек сауда түрі

 

Ү. Қорытынды.

Оқушыларды бағалау

 

ҮІ. Үйге тапсырма.

«Бөлшек сауда» сөзіне кроссворд ұйымдастыру

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы

Шәуілдір ауылы