Ұлттық өлшем бірліктері

 

Ұлттық өлшем бірліктері

 

Оразкүл  Есбола

Д.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік лицейдің арнаулы пән мұғалімі

 

Сабақтың мақсаты:               Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы пайдаланып

келе жатқан, соңғы кездері ұмыт болып бара

жатқан өлшем бірліктерін оқып үйрету.

 

Пән аралық байланыс:          Әдебиет, эстетика өндірістік оқу.

 

Сабақтың тәрбиелік мәні:    Оқушыларды салт-дәстүрімізді ұмытпауға,

тәуелсіздіктің арқасында өмір бақи есте сақтауына

ат салысу.

 

Сабақтың  түрі:                  Аралас сабақ.

 

Сабақтың барысы

 

I бөлім   Ұйымдастыру кезеңі

II бөлім   Үй тапсырмасын қайталау (сұрақ)

III бөлім   Жаңа сабақ өту

IV бөлім   Крассворд шешу

V бөлім   2 звеноға сұрақтар қою, дұрыс,бұрысты табу

VI бөлім   Салмақ өлшемі «батпан» ж/е уақыт өлшемі «түс ауа»

сөздеріне бірнеше бухгалтерлік сөздер құру

VII бөлім   Үй тапсырмасын беру

VIII бөлім   Қорытынды.

Қазіргі уақыттағы қолданылып жүген өлшем бірліктеріміз дүнйе жүзілік жүйеге сәйкес жүргізілген бірыңғай өлшем бірліктері дей тұрсақ та біз өзіміздің «Ұлттық өлшем бірлік»-теріміздің бар екенін еске алып оны оқып білуіміздің маңызы зор деп санаймын. Ұлттық өлшем бірлігі дегеніміз яғни қазақтың ұлттық өлшемі, қазақи өлшем бірліктер бұл өлшем бірліктерді Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы пайдаланып келген және жанынан табылған өлшем бірліктер деп айтуына болады. Сонымен «Ұлттық өлшем бірліктерді» үш түрге бөлеміз.

 

  • Натуралдық өлшем
  • Еңбекті өлшем
  • Ақшалай өлшем

 

  1. Натуралдық өлшемнің өзін бірнеше түрге бөлеміз

 

 

 

 

Ұзындық                 Салмақ               Аумақ                    Уақыт

өлшем                    өлшем                өлшем                    өлшем

 

 

I курста өтілген есеп жүргізудегі өлшем түрлері тақырыбымен өте сәйкес. Онда да осы үш түрге бөлінген, бірақ оның өлшем өлшем бірліктерді дүние жүзілік жүйедегі өлшемдер. Мысалы ұзындық өлшеміне м,см,мм,дм десек, салмақ өлшем бірліктері г,кг,т деп белгілейміз. Ал біздің ұлттық өлшем бірліктерімізде мынадай ел, сүйем, қарыс, кез, құлаш, арқан бойы, бір шақырым жер, қозы өрісіндей, қой өрісіндей деп атаған. Сонымен қатар ұлттық ойындарымыз бар: қыз қуу, бәйге, көкпар жарыстарында шауып келетін жерлерін метрлеп жатпаған, оларды былай атаған: құнан шаптырым, ат шаптырым, аламан бәйгелік, қозы көші жер, түстік жер, бір күндік сапар.

Салмақ өлшемдеріне – қос уыс, қадақ, кілә, пұт, бір арқа жер, бір қап, найза қап, батпан, мес т.б. «2қос уыс, бір кілә» деген, «не деген жатқан құйрық, не деген батпан құйрық» деген мысалдар бар.

Аумақ өлшемдеріне – оймақтай, апандай, ине жасуындай, алақандай, жапырақтай, ат төбеліндей ұлтарақтай, тулақтай, табандай, үй орнындай, көлдей. Ал уақыт өлшемдерін киіз үйдің түңлігін ашқаннан кейін әрбір уықтың арасынан өткен күн сәулесі, күннің қай шама болғанын біліп отырған. Мысалы елең-алаң, ала-кеуім, таңсәрі, таңбозарды, таң ата, күн шыға, күн арқан бойы көтерілді, сәске түс, түске жақын, күн төбеге келді, шаңқай түс, түс ауа, бесін, екінді, намаздыгер, күн бата, намазшам, ымырт, іңір бей уақыт, қас қарая, түн қараңғысы, түн ортасы деген. Қанша уық болса, сонша ат қойған екен.

 

  1. Еңбекті өлшем – бұл өлшем де көне заманда пайдаланылған өлшем бірліктер, бұл өлшем еңбек өлшемділігінің тиімділігіне қатынасы бар өлшемдер. Оларға еңбек сағат, еңбек күн. Еңбек өнімділігі белгілі бір аралығында шығарылған өнім немесе соған кеткен еңбек уақыт. Оны әп сәтте атқарады, лезде тапсырманы орындады, күн ұзаққа жұмыс атқарды, азаннан қара кешке дейін, таңның атысы, күннің батысы деп атаған.

 

  1. Ақшалай өлшем – бұл өлшем ақша номиналдары «теңге, тиын» осы атқарылған жұмыстарды ақшалай өлшемге айналдыру. Мысалы:100 литр сүт 40 теңгеден = 4000 теңге, 100 кг мақта 10 теңгеден = 1000 теңге, 10 текше метр жер қазсаң 400 теңге = 4000 теңге.

 

Крассворд шешу. Қарыс, сүйем, пұт.

 

 

КОРПОРАЦИЯ
ҚҰН
АКТИВ

 

 

  1. Өз мүдделерін қорғау үшін ірі кәсіпорындардың бірігуі. (корпорация)
  2. Тауардың өндірісіне тауар қанша тұратындығын айқындайтын өлшем. (құн)
  3. Бухгалтерлік баланстың сол жағы қалай аталады? (актив)

 

 

 

 

 

АВАНС
ҮСТЕМЕ
ПАЙДА
ЧЕК
ЖЕКЕМЕНШІК

 

 

  1. Болашақ төлем есебінен алдын ала берілетін ақша не зат (аванс)
  2. Қосымша ақы түрі (үстеме)
  3. Қандай да бір істі орындау кезінде түскен олжа (пайда)
  4. Салым иесінің банкіге қандай да болмасын нақты ақша қаражатын алу

жөніндегі құжат (чек)

  1. Нақты бір адамға тиесілі мүлік (жекеменшік)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОР
АҚША
БАРТЕР
ЖАЛАҚЫ
САЛЫҚ

 

 

  1. Берілген бір мақсат үшін жұмсалатын ақша бөлігі (қор)
  2. Адамдарға тауарларды сатып алуға мүмкіндік беретін метал не қағаз (ақша)
  3. Ақшасыз негізде тауар мен айырбас (бартер)
  4. Еңбек үшін берілетін ақша не басқадай құндылықтар (жалақы)
  5. Адамдар не кәсіпорындар мемлекетке төлеуге тиісті табыстың бір бөлігі (салық)

 

2 звеноға кезек-кезек қойылады

 

5-бөлім                        Екі звеноға кезек-кезек қойылады.

  1. Салмақ өлшемдерді жеңілінен ауырына қарай орналастыр.

 

Бұрысы                                        Дұрысы

 

Келі                                              Мысқал

Қадақ                                           Қадақ

Мысқал                                        Кілә

Пұт                                               Пұт

  1. Мына ұзындық өлшем бірліктерін рет-ретімен орналастыр.

 

Бұрысы                                        Дұрысы

 

Қарыс                                          Елі

Сынық сүйем                             Сынық сүйем

Сүйем                                         Сүйем

Елі                                               Қарыс

  1. Аумақ өлшемдерінің ішіндегі жиі кездесетін өлшемдердің 4-ін ата.

1 Апандай

2 Алақандай

3 Оймақтай

4 Табақтай

  1. Қазақи уақыт өлшемдерінің 4 мезгілін ата.

1 Азан

2 Түс

3 Кеш

4 Түн

 

6-бөлім

 

Уақыт өлшемі түс ауа салмақ өлшемі батпан сөзіне бірнеше экономикалық сөздер құрау.

Түс ауа – табыс, үстеме, салық, актив, аванс, ақша, акт, айып, төлем, уақыт.

Батпан – баланс, бартер, бухгалтер, ақша, актив, аванс, акция, нарық, налог, салық, сүйем.

2 звеноның қайсысы 10 сөзді бұрын құрайды сол звено жеңіске жетеді.

Ойын тоқтайды.

 

 

 

 

7-бөлім

 

Үйге тапсырма: Әр оқушы әртүрлі өлшемдерге крассворд құрап келу.

 

8-бөлім

Қорытынды.

Оқушыларға жаңа сабақты пысықтап, оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

 

.

                              Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Кәсіпорын экономикасы.

А.Қ.Мейірбекова

К.Ә.Әлімбетова   Алматы 2003ж

  1. Экономикалық білім негіздері.

Алматы 2002ж

 

Шәуілдір ауылы

Отырар ауданы

Оңтүстік Қазақстан облысы