«Көлік түрлері».

Семей қаласы

№25 орта мектеп

Сәбилер тобы «Бота»

Закирова Бахытгүл Райыпқызы

.

Білім аймақтары: «Қатынас», «Денсаулық», «Таным».

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Көлік түрлері».

Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан-жақты білімдерін кеңейту.Өзін-өзі  көпшілік ортада мәдениетті ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Көлік түрлерінің суреттері, үн таспа, ойын элементтері (машина рулі, гараж), жол макеті.

Сөздік жұмысы: Достық – дружба, көлік – транспорт, көлік түрлері – виды транспорта, жүргізуші – водитель, бағдаршам – светофор.

Іс-әрекет кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекеттеріБалалардың іс-әрекеттері
Дәлелі-себеп

кезеңі

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу рәсімі:

 

—         Балалар сендер күннен күнге әдемі ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендерді қоршаған барлық жақсылықты бойларына сіңіріп үлгілі Қазақстанның азаматы болып өсулерін керек.Солай ма?

Балалар хорымен, қимыл іс-әрекет арқылы көрсетеді

— Сәлем саған алтын күн!

— Сәлем саған көк аспан!

— Сәлем саған жер ана!

— Сәлем саған достарым!

— Сәлеметсіздерме қонақтар!

 

—         Иә.

—         Жақсылықты үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан.

Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі—         Балалар қазір сендермен көлік деген сөздің төнірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп жұмбақтар шешеміз.

—         Көлік дегеніміз не? Ол адам үшін неге қажет?

 

—         Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?

 

—         Енді мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа – сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.

 

—         Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер.Сендер оларды атап көріндер.

Жұмбақ:

1.     Арқасында ауыл жур, ала тайым шауып жүр.

Автобуспен қайда баруға болады? ол қайда тоқтайды ?

және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?

 

 

2.     Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.

Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?

 

Логикалық ойын.(кім қай вагонға отырады?)

Сергіту сәт: «Пойыз»

Көліктің көбейуіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш көзі бар.

—         Көшенің қандай жеріне өту керек?

—         Автобустан түскенде қандай ереженің ұмытпау керек?

 

Дидактикалық ойын:

«Дұрыстап орналастыр»

 

—         «Көлік» деген сөз қандай дыбыстан басталады?

—         Сендер «К» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіндер?

 

—         Мен сендерді қазір шұғыл оқиғаларға байланысты асығып жүретіндігіне ерекшелемейті, басқа көліктер оларды күттірмей өткізіп жібереді. Солардың бірі (көрсетемін)

 

Оның ішінде кімдер отырады, терезесінен не көрінеді? Неге бұл машинаны бәрі өткізеді?

 

—         Міне тағы бір машина бәрін озып қатты дыбыс шығарып жатыр, сыртында жазуы жоқ болсада түсінен тануға болады от сияқты қызыл. Онда кімдер отырады және нелері бар?

—         Неге бұл машиналар тез кезексіз жүреді?

 

 

 

 

 

 

 

 

—         Балалардың жауабы (машина, адамдарды жүктерді тасиды)

 

 

—         Автобус, жеңіл машина.

 

—         Балалар тындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автобус.

Автобус алға зулайды

Бағытына еш аумайды

Зыр айналар дөңгелек

Көлік ол бізге ен керек

—         Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа т.б.

—         Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды.

—         Пойыз.

—         Үлкен қалалрға, алыс жерлерге баруға болады.

—         Тепловозға қарашы

Түтіні көк бүркиген

Жалғыз өзі санашы

Неше вагон тіркеген?

1,2,3,4,5.

 

Балалар ойнайды.

 

 

Сапқа тізбектеліп тұрады.

—         Пойыз кетіп барады

Жан жағына қарады

Бағдаршамда қызыл жанғанда

Пойыз тоқтап қалады. (2 рет)

 

—         Қызыл – тоқта

Сары – дайындал

Жасыл – жүресін

—         Жаяу жүрушінің өткелінен өту керек (пешеходный переход).

—         Автобустың арты жағынан өту қажет.

 

 

Жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып қалташаларға салады.

 

«К» дыбысынан басталады.

 

—         Кілем, кілт, кітап, кірпі, компьютер т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—         «Жедел-жәрдем».

 

 

—         Дәрігер, медбике, зембілді көруге болады.

(жедел жәрдем тақпағы)

—         Себебі жаны қиналған науқас адамды ауруханаға жеткізуі керек.

—         «Өрт сөндіргіш машина»

Жылтыр каска киген өрт сөндірушілер отырады, ұзын басқыштары, үлкен шлангы оралған катушкалары болады.

 

 

 

Себебі үй жанып кетпес үшін, өртті тездетіп сөндіру керек.

Рефлесия-түзету

Кезеңі

Қимыл —  қозғалыс ойыны:

«Өз гаражынды тап».

(Әуен қосылады)

Балалар үйде ата-аналарын, туыстарын алыс жолға шықса бір-біріне не деп айтатының білісіндер ме?

Машинаның рулін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рулінің түсіне сай гаражын табу керек.

 

«Жолың болсын!» — дейді.

—         Атам шықса сапарға

«Жолың болсын!» — дейді апам.

Апам шықса сапарға

«Жолың болсын!» — дейді атам.

«Жолың болсын!» — дейді олар

Үлкенге де кішіге.

«Жолың болсын!» — дейді олар

Ұшырасқан кісіге.

Осы сөзде байқадым

Қуат барын, күш барын

«Жолың болсын!» — айтамын,

Алыс жолға шықса кім.

Сау болыңыздар!

—         Жолдарыныз болсын!

 

 

 

 

 

 

Күтетін нәтиже:

Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.

Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.

Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.