Тақырыбы: «ТӘУЕЛСІЗДІК АТА – БАБА АРМАНЫ, ҰРПАҚҮШІН МАҚТАНЫШ!»

111

Тақырыбы: «ТӘУЕЛСІЗДІК  АТА – БАБА АРМАНЫ,

ҰРПАҚҮШІН   МАҚТАНЫШ!»

Мақсаты: Кеш жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен  қаһармандарын құрметтеуге үйрету,  адамгершілік, патриоттық сезімдерді  қалыптастыру  арқылы Отанын  сүюге және қорғауға тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.  Отан,  туған  ел, туған  тіл  туралы өлеңдер  айту.

Көрнекілігі: Слайд, буклет, бейнетаспа

«Желтоқсан желі»  бейне фильм

1-жүргізуші:

Жеткен арман – жаса тәуелсіздігім

Өз қолына берген ерік тізгінін

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

2-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тәуелсіздік  ата – баба арманы, ұрпақ үшін мақтаныш!» атты тәуелсіздік күніне арналған әдеби – сазды бағдарламамызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: 

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім!

Азап жүгін, ел жауын қуған ерім

Әділет пен бірлікке жанын қиып

Қорғап өткен ата – баба туған жерім

Өлең жолдары  4 оқушы

Шыңғыс:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді

Бізге оны ешкім аяп бермеді,

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың

Тас көшеде тас – талқан боп өлгені

Даметкен:

Жеттік, міне, осы күнге көптен бері аңсаған

Ата – баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған

Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын

Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын

Мирас:

Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы

Татулығым – бірлігімнің айғағы

Сөгілмесе еліміздің іргесі,

Әлде де бар ұрпағымның  арманы

2-жүргізуші: 

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейін  құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Домбыра: орындайтын Эрнст Альбина

1-жүргізуші: 

Қазақстан – қазақ елі қашаннан ата – бабан жайлаған жер. Қазақ жері ұлан байтақ.

2-жүргізуші: 

Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар мереке құтты болсын.

Ән  «Ақтілек» орындайтын  Нұрсұлтан Жанат

1-жүргізуші: 

Біздің халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздік күніне 20 жыл толды. Аңсаған күнде қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышты күн бола берсін. Еліміздің көк байрағы желбіресін.

1-оқушы

Тәуелсіздік ата – бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам

Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.

2-оқушы

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы

Ол әркімге еркін өмір сыйлады

3-оқушы

Тәуелсіздік  он бір әріп құраған

Сан ғасырлар бар қазаққа бол арман

4-оқушы

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек жан тәңіммен ұғып біл

Он бір әріп не мағына береді

Ал тыңдайық, жеткенінше, қызыл тіл

5-оқушы

Т – әріпі білдіреді теңдікті

6-оқушы

Ә – әріпі әдептілік, әлдікті

7-оқушы

У – әріпі уайымсыз уақытты

8-оқушы

Е – әріпі егемендік, елдікті

9-оқушы

Л – әріпі дейді лағып лепірме

10-оқушы

С – әріпі сенімділік секілді ең

11-оқушы

І – әріпі ілтипат пен ізет қой

12-оқушы

З – әріпі зиялылық тілек қой

13-оқушы

Д – әріпі шақырады достыққа

14-оқушы

І – әріпі іркілмей тек шындықты айт

15-оқушы

К – әріпі дейді күн бол көктегі

Көз алартып, көршілерге қол сұқпа

2-жүргізуші: 

Сонымен тәуелсіз мемлекет атауымызға кімдердің еңбегі сіңді?

оқушы:

Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сияқты азаматтардың еңбегі сіңді.

1-жүргізуші: 

Иә, осындай аға – апаларымыздың арқасында тәуелсіз мемлекет болдық.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін!

Қайта тұрдым, өмірге қайта келдім!

Мен, мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!

Домбыра: орындайтын Шамуратова Жанна

2-жүргізуші: 

Балалар, мінекей Тәуелсіздік деген жарқырағын күн, еркіндік, аспаны ашық, ешкімге тәуелді болмай өз алдына дербес мемлекет дегенді білдіреді. Күніміз жарқырай берсін, егемен елдің болашақ ұрпақтары сіздер, жақсы оқуға, елдің мәртебесін әрі қарай көтеруге тиістісіздер!

Бейнеролик  хор «Атамекен»

Құрметті ұстаздар  осымен біздің «Тәуелсіздік ата – баба арманы,  ұрпақ үшін мақтаныш!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, сау болыңыздар!