Қазақстан Республикасының Білім беру мекемесіндегі тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2013-2014 оқу жылының 9 х/б — сыныбының жылдық тәрбие жоспары

347

Қазақстан Республикасының Білім беру мекемесіндегі тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2013-2014 оқу жылының 9 х/б — сыныбының жылдық тәрбие жоспары

Сынып жетекшісі: Ташкентбаева Гүлзада

 

 

Тәрбие бағыты Атаулы күндер Өткізілетін іс-шара Мақсаты Түрі Көрнекілігі Мерзімі
І ТОҚСАН
1 Азаматтық патриоттық құқықтық және полимәдениеттік тәрбие 1 қыркүйек – Білім күні Кіріспе. Егеменді елімнің рәміздері Оқушыларға ҚР Ата Заңын білуге, өз елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеп, сыйлауға үйрету Әңгіме ҚР рәміздері
2 Кәсіби – шығармашылық тәрбие   Қазақтың ұлттық киімдері Өз  халқының салт – дәстүрін сақтауға дайын тұлғаны қалыптастыру. Дөңгелек стол Мақатаев өлеңдері, кітаптары
3 Азаматтық патриоттық құқықтық және полимәдениеттік тәрбие   Қазақ тілі ертеңім болашағым Тілдің қасиетін сезінуге ана тілімізді сүюге, тілдің мәртебесіне көтеруге, танымдық қабілеттерін арттыру Шығарма
4 Өзін — өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру   Т.Әлімқұлов шығармашылығына шолу Т.Әлімқұловтың 95 жылдығына арналған іс-шара. Өнеге сағаты Кітаптар, видеоролик
5 Азаматтық патриоттық құқықтық және полимәдениеттік тәрбие 1қазан – Қарттар күні

7қазан –Ұстаздар күні

Ұстазым ұлағатым, үлгі өнегем! Балалардың ұстаз атаулыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру еңбектерін бағалап, ұстазға деген сезімдерін ояту әдеби, сазды кеш Қанатты сөздер
6 Еңбек және экономикалық тәрбие Ақша қайдан келеді? Оқушыларды еңбекке баулу, табиғатты қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілігін арттыру Дөңгелек стол Суреттер
7 Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру Имандылық инабаттылық негізі Адамгершілік қағидаларын басшылыққа алу қабілеті, жеке тұлғаның әдеп ұстанымы нығайту, әдеп нормаларына сәйкес өз іс-әрекетін, мінез-құлқын, қарым-қатынасын бағдарлау қабілеттерін

Қалыптастыру

Сынып сағаты Қанатты сөздер
8 Өзін — өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру Жүректен шыққан жырларым,

Айтылған сендерге сырларым

Д.Әлімқұлованың шығармаларымен танысу әдеби кеш әдеби оқулықтар
9 «Тапқыр достар» Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру Топтық жұмыс
ІІ ТОҚСАН
10 Рухани адамгершілік тәрбиесі Ел сүйсінер ұлан бол Оқушылардың өздеріне деген көзқарастарын қалыптастыру. Алдымен өзін сыйлауға, тәрбилеуге, өзгені сыйлай білуге баулу Пікір алмасу Қанатты сөдер
11 Өзін — өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру Т.Әлімқұлов шығармашылығы Т.Әлімқұловтың шығармашылығына көрме ұйымдастыру көрме
12 Азаматтық –патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие 1-желтоқсан тұңғыш  президент күні «Жұлдызым менің жоғары»

Айналамдағылар менің қандай қасиетімді бағалайды?

Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын жақсарту, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу Ойтолғау  интерактив тақата, рәміздер
13 Өзін — өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру Спид – ғасыр дерті Оқушыларға ғасыр дерті туралы толық ақпарат беру. Сақтану жолдарын үйрету Лекция

реферат

Интерактивті тақта,
14 Азаматтық –патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие 16желтоқсан – Тәуелсіздік күні

17желтоқсан – желтоқсан құрбандарын еске алу күні

Желтоқсан желі Оқушыларға тәуелсіздіктің ақ таңының қиындықпен жеткенін түсіндіру. Тәрбие сағаты Интерактивті тақта, шар
15 Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру   «Білім биржасы» Оқушылардың интеллект деңейін анықтау Зияткерлік сайыс Мультимедиалық проэктор
16 Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру Жаңа жылдық шырша мерекесі Жасыл шырша жанында Мектеп шыршасына дайындалу Тәрбие сағаты Қабырға газеттері
ІІІ тоқсан
17 Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру Тәртіпсіз ел болмайды Өз  қылығы мен қасиеттері арасындағы байланыс арқылы өзіндік бағалауы, әлеуметтік бейіндік, әлеуметтік белсенділік пен тұрақтылықтары қалыптасады Әңгімелеу
18 Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру

 

Ұлттық ойындардың пайдасы Ұлттық ойындарды насихаттау Дебат Ұлттық ойын бейнеленген суреттер
19 Салауатты өмір — салтымыз Оқушылармен спорт залда жарыс ұйымдастыру. Марафон Доп, қап, айналма белгілері
20 Өзін — өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру Т.Әлімқұлов шығармашылығы Т.Әлімқұлов шығармашылығына шолу жасау, өлеңдерін оқу Сынып сағаты оқулықтар
21 Еңбек және экономикалық тәрбие Еңбек бәрін де жеңбек Оқушыларға еңбек туралы мақал мәтелдер жарысын ұйымдастыру Жарыс Қанатты сөздер
22 Азаматтық –патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие 15ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған күні Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу Ауған соғыс ардагерлерімен кездсеу, пікір алмасу Сұрақ – жауап, кездесу Қабырға газеті, интерннеттен алынған фильмдер
23 Экологиялық тәрбие

 

 

  Тылсым табиғат ғажаптары Табиғат құбылыстарына тоқталып, тылсым табиғат себеп-салдарын түсіндіру әңгіме, пікір алмасу
24  

Отбасы тәрбиесі

8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні Ана – өмір шуағы Оқушыларды аналарын құрметтеуге тәрбиелеу Тәрбие сағаты Шар, қабырға газеті, гүл
25 Эстетикалық тәрбие   Ата – баба дәстүрі — әдептілік негізі Оқушылар бойына халқымыздың қадір – қасиетін сіңіріп, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету; танымдық сағаты Қанатты сөздер
27 22 наурыз – Наурыз мейрамы Наурыз келсе, құт келгені, ағайын! Наурыз мерекесінің маңызын түсіндіру Ұлттық тағамдар көрмесін дайындау Ұлттық тағамдар көрмесі
IV ТОҚСАН
28 Рухани адамгершілік тәрбиесі Ойлау дегеніміз не? Жеке тұлғаның әдеп ұстанымы нығайту, әдеп нормаларына сәйкес өз іс-әрекетін, мінез-құлқын, қарым-қатынасын бағдарлау қабілеттерін

қалыптастыру

әңгімелесу
29 Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру 12 сәуір- Ғарышкерлер күні Ғарышкерлер — мақтанышым Оқушылармен ғарышкерлер жайында әңгімелеу, қабырға газетін ілу. Қабырға газетін шығару Қабырға газетін шығару
30   Білімді ұрпақ ұлт болашағы Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту Танымдық ой Интерактивті тақта, қанатты сөздер
31   «Сыйласаң сыйлы боласың» Оқушыларға сыйлы болу жолдарын, кішіпейілдік пен сыпайылықты үйрету Дөңгелек стол
32 Кәсіби шығармалық тәрбие   ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі және Қазақстан білімділік — 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып,2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру. Тәрбие сағаты
33 Азаматтық –патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие 9 мамыр –Жеңіс күні Ерлікпен өткен өмір / халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы / Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыру. Келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыроайын қорғауға тәрбиелеу Дөңгелек стол Интернеттен алынған видео фильм
34 Өзін — өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға » Т.Әлімқұловтың 95 жылдығына арналған кеш өткізу кеш әдеби оқулықтар

 

 

 

ТӘРБИНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай     б а ғ ы т т а р ы  айқындалады.

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалары мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдері мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру.
  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;
  • Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоционалды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік – тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады. Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және морлдық құндылақтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату.
  • Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасау.
  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.
  • Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті қаөқарастың және оған қарым – қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс — әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
  • Эстетикалық тәрбие рухани – адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойындағы қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.
  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілердің сан алуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.
  • Еңбек және экономикалық тәрбие  балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызметкөрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.
  • Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (аранайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.
  • Интеллектуальды мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітіліп, Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылады.

 

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ:

Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін — өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

 

      ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
  • Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелу;
  • Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
  • Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
  • Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамыуна ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтаенуін барыша дамыту бейімділіні қалыптастыру;
  • Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
  • Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлері радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
  • Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру;

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.

 

ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ:

Білім беруідің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі ролінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазіргі білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үрдісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адамтұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік – рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рол жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ

 

16-17 желтоқсан – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕРІ

 

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Жеңіс күні

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

30 тамыз – Конституция күні

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАУЛЫ КҮНДЕРІ МЕН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІ

31 мамыр – Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

Маусымның үшінші жексенбісі – Дәрігерлер күні

Маусымның соңғы жексенбісі – Баспасөз, теледидар мен радио күні

Шілденің үшінші жексенбісі – Металлургтер күні

Тамыздың бірінші жексенбісі – Байланыс және көлік қызметкерлері күні

Тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні

Тамыздың үшінші жексенбісі – Спортшылар күні

Тамыздың соңғы жексенбісі – Кеншілер күні

1 қыркүйек – білім күні

Қыркүйектің алғашқы жексенбісі – Мұнай, газ кешені қызметкерлері күні

Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

15 қараша – ұлттық валюта күні

Қарашаның үшінші жексенбісі – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

Желтоқсанның үшінші жексенбісі – Энергетиктер күні

Сынып жетекшісінің циклограммасы

 

КҮНДЕЛІКТІ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ:

  1. Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс
  2. мектепке келмеген, сабаққа қатыспай жүрген оқушылардың себептерін анықтау
  3. оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
  4. Сыныптың кезекшілігін ұйымдастыру
  5. Оқушылармен жеке – дара жұмыс

 

АПТА САЙЫН

  1. Оқушылардың күнделіктерін тексеру
  2. Жоспар бойынша сыныппен іс-шара өткізу
  3. Ата-аналармен жұмыс (нақты жағдайға байланысты)
  4. Пән мұғалімдерімен жұмыс (нақты жағдайға байланысты)
  5. оқушылар ауырғанда алған анықтамасы бойынша мектеп дәрігерімен кездесу

АЙ САЙЫН

  1. Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу
  2. Мектеп психолгімен кездесу
  3. Ата-аналармен комитетімен кездесу
  4. Сынып жетекшілері жиналысына қатысу

 

ТОҚСАН САЙЫН

  1. Тоқсандық бойынша сынып журанлын толтыру
  2. Ата-аналар жиналысын өткізу

 

ЖЫЛЫНА 1 РЕТ

  1. Ашық іс-шара өткізу
  2. оқушының жеке құжаттарын толтыру