Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

160

Тақырыбы: Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

 

Мақсыты:мақал-мәтел,өлеңдер үйрету,олардың мағынасын талдап, пайдасы туралы әңгімелеу;

 

Көрнекілігі:мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер.

 

Ұйымдастыру:сәлемдесу.түгендеу.

 

Мұғалімі:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарымқатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

Мысалы уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен »дейді. Онымен басқа адамдар қарым – қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды.Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе байқамай бұзады.

Егде және сыртқы адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен әрі ауыр жүк көтеріп келе жатқан адамдарға жол беру қажет.

1-оқушы: Етек кетер салақтап,

Бос жүріспен далақтап

Ұқыптап сабақ ұқпайды.

Өз бетімен алақтап.

 

2-оқушы: Ілгек,  түйме  жұлынып,

Кешке  дейін алысар.

Әркімге  бір  ұрысып,

Құспен, малмен  жарысар.

Шашы  түсіп  көзіне,

Түсінбей  ақыл  сөзіне.

 

            3-оқушы:Тазалап  тұру керек,

Ерте  мен кеш  бала.

Кір-кір болу елден ерек

Мүлдем  ұят,  иүлдем ұят  масқара!

4-оқушы:Кеше  ғана  қалдырған

Өміртайдың  түймесін

Орнында  жоқ, япыр-ай,

Қайда  кеткен, бұл  несі?!

Мұғалім:  Ал енді балалар кезекті  мақал-мателге  берейік.

«Жақсыдан үйрен

Жаманнан жирен »  деген  мақалды  қалай түсінесіңдер

Оқушылар  хормен: Аулақ жүріп  жаман  қылық,әдеттен,

Үйренеміз  жақсы  мінез, әдептен!

Мақал-мәтел  айтылады.

    5-оқушы: Аға әдепті  болса,

Іні де  әдепті.

Апа әдепті  болса,

Сіңілі де  әдепті.

         6-оқушы:Әдепті  бала-арлы  бала,

Әдепсіз  бала- сорлы  бала.

7-оқушы:Әдептіліктің  бнлгісі- иіліп  сәлем  бергені.

  8-оқушы: «Сіз»  деген- әдеп, «Біз»  деген  көмек.

  9-оқушы:Әдепті  бала  кездессе, сәлем  берер  бас  иіп,

Әдепсіз  бала  жолықса, өтн  шығар  кекиіп.

10-оқушы:Бәрі  жақсы  баланың

«Беске»  оқитын   сабағын,

Азаматтық оны де

Ойнатса  кім  інісін,

Мақұлдайтын  мұнысын,

Өзі  түйме  қадаса,

Мұнда  бала  тамаша.

Барын  берсе  қолындағы,

Бала  жомарт  болғаны.

 Мұғалім: «Құлақтан  кіріп  бойды  алар,

Әсем ән  мен  тәтті  күй»  демекші   енді  кезекті  әнге  берелік….

11-оқушы:«Ұқыптың  тоны  тозбас,

Ұқыпсыздың  ісі  оңбас»

«Олақтық жаман, олақтықтан  салақ  жаман

Мұғалім: -Бөлмеге  қалай  кіру  керек?

-Автобуста  өзіңді  қалай  ұстау  керек?

— Егер де  жаныңда  тұрған  біреудің бірдеңесі  түсіп  қалса, т       сен  не  істейсің?

-Үйге  кірерде  үлкен  адамдарға не  істеу  керек?

— Көшеде кәмпиттің  қағазын  қайда  тастау  керек?

— Қандай әдепті  сөздер  білесің?

Мұғалім:«Әдеп»  пен «әдетшілік»деп  қандай  мінез  бен  іс әрекетті  айтамыз?

12-оқушы:  Әдептілік   деп   үлкенді   сыйлауды,   достарды, айналадағы   адамдарды  құрметтеуді   айтамыз. Әдепті  адам  басқадан   сыйласым   күтпей-ақ   алдымен  өзі  басқаны  құрметтеп,  ардақтай  біледі,  көпшілікке  өзінің  әдептілігін  көрсетеді.

    13-оқушы: Жас–кәріге  сіз  деген,

Жақсы  үлгі  іздеген.

Дос  боламыз  біз  деген

Ізетті  ұл  мен  қызбенен!

14-оқушы: Инабаттылық – әдептіліктің  әсем  көрнісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық,  сыпайылық,  тіл  алғыштық,  әділдік,  адалдық, ұқыптылық  жауапкершілік.

 

Қорытынды:  Әр адамның әдептілігі  оның сөзінен, көзінен,  өзінен  байқалады. Әдептілік  көрсететін  сөздерге  теңеу, балау  сөздер  жатады. Әдепке  үйреніп, әдепті  сөздерді  айтуға  жаттыққан   адам-мәдениетті де  әдепті   адам.