Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді

Тақырыбы: Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді

Мақсаты: 1.  Өзін- өзі және өзгені тану қабілеттерін дамыту.

  1. Ой өрістерін дамыту, жақсы мінез, айналасындағылармен жақсы қарым- қатынас қалыптастыру.
  2. Оқушыларды өз ойларын ашық айта білуге, шыншылдыққа, қарым- қатынасты реттеуге үйрету.

 

Түрі:     Тренинг

Әдісі:    Еркін қарым- қатынас

Көрнекілігі:   Нақыл сөздер, каррточкалар, “Күн” және “Түн” суреттері,т.б.

 

Өткізілу барысы:     1. Ұйымдастыру бөлімі

 

Ой қозғау. “Өзіңді білу”, “Өзіңді тану” тіркестерінің мағынасы жөнінде пікірлерін тыңдау.

  1. Кіріспе:

— Өзіңді тану- өзіңнің көңіл күйіңді, мінез- құлқыңды, қабілетіңді, сезіміңді, ойыңды, жалпы болмысыңды тану. Табысқа жетудің бір кепілі- жақсы мінез- құлық. Жақсы мінез- құлық айналадағылармен жылы қарым- қатынасқа құрылған мәнді өмір негізі. Адам өз бойындағы жағымсыз мінездерінен арылуға ұмтыла отырып өзін-өзі тәрбиелейді.

 

  1. Негізгі бөлімі. Тренинг жаттығулары

 

  1. “Мен кіммін” жаттығуы

    Нұсқау: тренингке қатысушыларға “Мен” бейнесін жазбалар, сурет, қимылдық бейне, ән арқылы ашуға, ойлануға уақыт беріледі. (арттерапия әдісі). Басқалар осы бейненің бұл адамға қаншалықты сай келетінін талқылайды.

Қорытынды: мен- Адаммын, Адам бола білу- ең қиын мамандық.

 

  1. “Күн мен түн” жаттығуы

   Нұсқау: Қатысушы күн суретінің астына тұрып өзінің жақсы жақтарын, түн суретінің астына тұрып кемшіліктерін айтады.

Қорытынды:  “Жетістікке таспа, кемшілікке баспа”.

 

3.“Мейірім” жаттығуы

Нұсқау: өзіңнің жақын туысқаның не танысың туралы жақсы сөздер айту.

Қорытынды: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”.

 

  1. “Көңіл күйді тану” жаттығуы

   Нұсқау: қатысушылар түрлі көңіл- күйдегі адамдар бейнеленген карточкалардың ішінен өзінің сол сәттегі көңілкүйіне сәйкескелетінін айтады. Таңдау себептерін айтады.

  Қорытынды: көңілділік айналаға күлкі сыйлайды. Күлкі- ең тамаша ем.

 

  1. Бек
  1. Қорытынды: — “Жақсыға ұмтыл, жаманнан тыйыл”. Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді. Адамгершілік- мәнді өмір бастауы. Алдағы өмірлеріңе сәттілік тілеймін.