Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

88

 

 

Cабақ жоспары

 

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Баймаханов Мейрамбек 8 «А» сыныбы

Оқушының саны — 14

Ақмола облысы

Бурабай  ауданы

Зеленобор мектеп-гимназиясы

4 апта 12.10.2012 2 сабақ         09:50-10:35         №18 кабинет
Сабақтың тақырыбы Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Сілтеме Биология Адам. 8 сынып оқулығы.Алматы. «Мектеп»2008. Е. Очкур. Л. Аманжолова . Р. Жұмабаева
Жалпы мақсаты Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі жайлы түсініктерді қалыптастыру. Қалқанша безі функциональдық қызметі бұзылуы нәтижесінде пайда болатын аурулар жайлы білімін толықтыру және алдын алу шаралары.
 Міндеттер:

 

Қалқанша безі қызметінің бұзылу себептерін талдау. Қалқанша безінің ағзада орналасуын түсіндіру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. Қалқанша безі жайлы түсініктердің пайда болуы.

Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.эндемиялық зоб, микседема, кретинизм, аурулары қандай аурулар?

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Тапсырмалар Ø  Қалқанша без құрылысы мен қызметін мазмұндап келу. Тироксин, микседема, эндемиялық зоб, кртетинизм, базедов ауруы тақырыбтарына хабарлама жазып келу.
1 сабақ. тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Бездердің бөлінуімен танысу  
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу  /1-2 мин/

СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға түрлі – түсті қағаздар таратылады, осы қағаздар арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

/2 мин/

 

 

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын оятуСлайд1,2

 Мұғалім: Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «ыстық орындық» ойыны орындалады.

Интербелсенді тақтада төмендегі сөздер тұрады: гормон, гипофиз, эпифиз, өсу гормоны, ергежейлілік, акромегалия, аралас бездер, мүше, өкпе, ұлпа. (8 минут)

Қызығушылығын ояту мақсатында миға шабуыл стратегиясын қолданамын. Тақтада қалқанша бездің суреті көрсетіледі, оқушылар осы суреттің не екенін анықтауы қажет. (3 минут)

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

— оқушыларды белсенділігін арттыру

 

ІІ. Мағынаны тану

Мағынаны тану мақсатында «Кластер» стратегиясын қолданамын.

Мұнда оқушылар плакатқа «қалқанша безін» ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті етіп, материалды графикалық ұйымдастыру керек.

Топтар дайын болғанда өздерінің қорғаған тақырыптарымен ортаға шығып өз ойларын қорғайды.9 минут

 Сергіту сәті: Биологиялық эстафета (2 минут).

Деңгейлік тапсырмалар: үш топқа үш түрлі тапсырма.

1 – топ жазбаша. 1. Қалқанша бездің массасы ….. грамм.

2. ….. құрамына иод кіреді. 3. Адам тәулігіне — ….. миллиграмм иод алуы керек. 4. Оқушылар мен балабақша балалары ….. ішуі керек.

2 – топ. Ауызша: 1) қалқанша безі қай бездер қатарына кіреді? А) ішкі секреция, В) сыртқы секреция С) аралас бездер. 2. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе қандай ауру пайда болады? А) СПИД; В) кретинизм; С) акормегалия; Д) микседема. 3. Кретинизм ауруы жас шамасы қандай адамдарда болады? А) шалдарда; В) балаларда; С) ересектерде. 4. Төмендегі аурулардың қайсысында көзі бадырайып тұрады? А) микседема; В) базедов ауруы; С) кртеинизм;

3 – топ. Сәйкестік сынақ.

Сұрақтары Жауаптары
1 Иодтың жетіспеуінен сол бездің жұмысы бұзылады Кретинизм
2 Егер тамақта йод жетіспесе қандай ауру пайда болады Қалқанша безі
3 Дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады Эндемиялық зоб
4 Қалқанша без қызметі шамадан тыс жоғарыласа, өте ашуланшақ, қатты терлегіш Базедов ауруы
     
Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

Бүгінгі сабаққа сараптама

1.      Бүгінгі сабақта қандай жаңа заттарды үйрендіңдер?

2.      Қай жерінде қандай қиындықтарға тап болдыңдар?

3.      Сіз қиындықтарды қалай жеңе білдіңдер?

4.      Топпенен жұмыс жасағанда қандай заттарды толықтыруға болады немесе алып тастауға болады?

Экспресс – тест

1.      Қалқанша без бөлетін негізгі гормон? (тироксин)

2.      Тироксин құрамына қандай химиялық элемент кіреді? (иод)

3.      Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда пайда болатын ауру? (кретинизм)

4.      Көз қарасы бейжай болсада көзі бадырайып тұрады. Бұл ауру

5.      Ересек адамдарда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болса онда ол не деп аталады? (микседема)

 

 

Бағалау түрлері

—      оқушының өзін-өзі бағалауы;

—      топтық өзін-өзі бағалауы;

—      мұғалімнің бағалауы;

—      жалпы бағалау;

—      критерийлер арқылы бағалау

 

Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні____________________________________

Оқушының аты-жөні Сыныптасыңды бағалау Мұғалімнің бағалауы
1      
2      
3      
4      
-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау
Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу…

-өз пікірін дәлелдеу…

-үйде жалғастыру…

 

Үй тапсырмасы: 11 Қалқанша безі ауруларына хабарлама дайындап келу

                                  /1,5 мин/

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің  деңгейін  қандай дәлел арқылы білуге болады?

— оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы  дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда  оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

 

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) 1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет  қарымын аша түсуге күш салдым.

             

 

 

                                                         Кері байланыс парағы.                          

Оқушының аты-жөні_________________________________________

 

Сабақта ұнағаны Сабақта ұнамағаны Сабақта нені өзгерткің келеді