Тапқыр достар

197

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саденова Меруерт Айдарқызы

Тақырыбы: Тапқыр достар

Мақсаты:

  1. 1. Балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету.
  2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3.Тапқырлыққа, тез ойлауға, ортада өз ойын талқылауға баулу.

Сайыстың түрі:   Интеллектуалды ойын.

Көрнекілігі:        Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер.

Ойыншылар:  2 сынып оқушылары

                                Сайыстың жүрісі:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен қадірлі оқушылар!

Бүгінгі  2 сыныпта өткізгелі отырған «Тапқыр достар» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!

Қош келдіңіз талантты да тапқырлар,

                       Танытатын білімдерін сан қырдан.

                       Бүгінгі күн күтіп отыр сіздерді,

                      Көрінер деп бәйгенің биік шыңынан!

 

                      Қош келдіңіз көрермені сайыстың,

                     Жанашыры болыңыздар бұл істің.

                     Бастан –аяқ қошеметпен қатысып,

                    Талантты мен талапты топты табайық!

Ойынға қатысушы топтар

  1. «Тапқырлар»
  2. «Алғырлар»

Ойын кезеңдері:

 

1 – айналым   «Сөз тапқанға  …»

2 – айналым    «Ойлан, тап»

3 – айналым   «Сен білесің бе?»

4 – айналым    «Мақалды жалғастыр…»

5 – айналым 

«Білегіңе сенбе біліміңе сен»

            (жұмбақ шешу)

1 – айналым «Сөз тапқанға қолқа жоқ» демекші бірінші сайысты бастайық.

Тапқырлар тобына Б әріпі беріледі. Сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы керек.

 

  1. Суды немен ішесің?
  2. Сенің досың кім?
  3. Жыл басын көрген жануар?
  4. Сенің есімің кім?
  5. Бүгін сенде неше сабақ?
  6. Қандай тағам ұнатасың?
  7. Арманың не?
  8. Қай көшеде тұрасың?

Алғырлар тобына М әріпі беріледі.Сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.

  1. Қай ауылда тұрасың?
  2. Киноға кіммен барасың?
  3. Тақтаға немен жазасың?
  4. Алтын күн астында не бар?
  5. Сүйікті пәнің?
  6. Сенің есімің кім?
  7. Сенің көршің кім?
  8. Қандай ертегі білесің?

2 – айналым «Ойлан тап»

Екі топқа бірдей арнайы сөз шығады. Сол сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құру.

Экранда «Сайқымазақ» сөзі шығады.1 минут ішінде қай команда көп сөз жазады, сол топ женіске жетеді.

 

3 – айналым «Сен білесің бе?»

Кезек келді «Сен білесің бе?» кезеңіне,

Сұраққа жауап табу мезгілінде.

Ой ұштап, ой- қиялды дамытатын,

Беріледі сұрақтар кезегімен.

  1. Үш бидің атын ата.
  2. Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келген?
  3. Ы.Алтынсарин не ашқан?
  4. Тоқтар Әубәкіров кім?
  5. Адамның сезім мүшелерін ата
  6. Б дыбысы қандай дыбыс?
  7. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады?
  8. Қай аң қысқы  ұйқыға  жатады?
  9. Елбасы күні —  қай  күн?
  10. Үш картоп 10 минут піссе,жалғыз картоп неше минут піседі?

 

 

4 – айналым «Мақалды жалғастыр…»

Көп сөздің тобықтай бір түйіні бар,

Мақал сөзде көп сөздің түйіні бар.

Көп сөйлеп ауызыңды ауыртқанша

Мағынасын мақалдың ұғынып ал,-дей келіп мақал сайысына кезек береміз:

  1. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
  2. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
  3. Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің.
  4. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
  5. Үлкенге – құрмет, кішіге міндет.
  6. Дұшпан күлдіріп айтады.

Дос жылатып айтады.

  1. Жүз сомың болғанша,

                          Жүз досың болсын.

  1. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

5 – айналым «Білегіңе сенбе, біліміңе сен»  «Жұмбақ шешу!»

Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,

Астарын сөз бұйдалап суреттеген.

Ұшқыр ой қиялына жетелейтін,

Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берем.

 

Жұмбақтар:

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.         (Мектеп)

 

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.      (Білім)

Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы      Мұғалім)

 

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.     (Ұстаз)

 

Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып.        (Дәптер)

 

Қырық екі жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.(     Алфавит)

 

Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар.      (Қоңырау)

 

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.    (Кітап)

 

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?       ( Әліппе)

Сайыстың ақыры да таяп қалды,
Топтағы өрендер де шаршап қалды.
Сайыстың қорытындысын білу үшін,
Қазыларға сөз кезегін ұсынады.
Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып — тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.

 Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,
Шықтық — ау деп ойлап тұрмыз көңілден.
Сайысымыз аяқталды бүгінгі,
Өрелі ой, жұмбақ сөзден өрілген.
Қош сау болыңыздар!