Ашық тәрбие сағаты Біздің еңбегіміз –оқу

171

Ашық тәрбие сағаты  Біздің еңбегіміз –оқу

Құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Бүгінгі біздің сыныпта өткелі отырған « Біздің еңбегіміз-оқу» деп аталатын ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

1.Мұғалім сөзі

Айнадай болды жарық заманымыз

Күн санап арта түсті қадамымыз

Хат жазып, білім алып, газет оқып

Болып тұр бар жұмыстан хабарымыз

Еліме тірлік керек, бірлік керек

Азамат қырағы бол, өс те зерек

Барлық жұрт бір кісідей білім алса

Бейбіт күн аясында жер гүлдемек

Ізденіп оқушылар алсын білім

Табыстан табысқа өрлер әрбір күнің

Білімін ұландардың саралайық

Қуанып өткізейік -оқу күнін

 Тәрбие сағатын бастамас бұрын оқушыларды 2 топқа бөлу

1 топ Ы .Алтынсарин ауылы

Ұраны: Кел, балалар оқылық

2 топ А. Құнанбаев ауылы

 

Ұраны: Білімсіз адам – бақытсыз

1 топ .

Оқушыларының сәлемдесуі

Біз доспыз шын достықпен жинақталған

Білім мен бақ сынап ырысты алған

Мереке жылды айналып келгенінде

Мың сәлем сайыскерлер ерлеріне

2-топ

Оқушыларының сәлемдесуі

Достарым топтан озған жүйрік өзен

Жауапты мықтап берер сөзі берен

Сыналған біліміңді ел бағалар

Ел жұртың орын берер биік төрден

Оқушылар Ұраны мен сәлемдесуін айтып болған соң сайыстың бірінші кезеңі басталады

Мұғалім сөзі

Кітабың кені білімнің

Қайнары небір ұғымның

Өзіңнен бойға сіңірдік

Қастерлі ойдың шырынын

2-топ сайыскерлеріне кітап сөзіне топтастыру  жұмысы беріледі

1-топ оқушыларының сөздігі

( Сөмке, жұқа, үлкен,қызық, жұмбақтар, қалың, әріптер т,б)

2-топ оқушыларының топтастыру сөздігі

(Автор, оқулық, білім алу, ертегі, әліппе,суретті, баспа, тыныс белгілер т,б)

 

Қанша сөз жазғанына қарай ұпай беріледі

2 Мұғалім сөзі

Аңғарайық ойлы сөздің сарасын

Обал мен сауап, ұят пен ардың арасын

Келесі сайысымыз мақал мәтел сайысы

1-топ оқушыларының мәтелдері

1 Оқу –білім азығы

Білім ырыс қазығы

2.Кітап тілсіз мұғалім

3.Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

4Оқу білім, бәрә де

тоқуменен табылған

2-топ  оқушыларының мәтелдері

1.Білім мәңгілік,дүние аз күндік

2.Еңбек пен оқу егіз

3.Оқысаң озарсың,оқымасаң тозарсың

4.Білім көзі кітапта

5.Білімдінің көзі ашық

Мақалды айтуына қарай ұпай саны беріледі

3.Мұғалім сөзі

Ақылды бол,адал бол

Сыйласқан серік досыңа

Білімді бол,білгір бол

 

Күлкі болма, қасыңа

Келесі сайысымыз «Кім жылдам» деп аталатын сұрақ жауап бөлімі 2-топқа бірдей қойылады.

1.Ы Алтынсариннің балаларға айтып кеткен өсиеті ( Кел балалар оқылық)

2.Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл қоғам қайраткері( А Құнанбаев)

3.Абай атамыздың балаларды өнер, білімге шақырып жазған өлеңін атаңыз( Әсемпаз болма әрнеге)

4.Ең алғаш ағаш баспа қалыбы ксилография қай елде дүниеге келді (Корея)

5.Европада кітап басып шығару ісі нешінші ғасырда дамыды( 15 ғасырдың 40 жылдары)

6.Россияда 1564 жылы Апостол деп аталатын тұңғыш жарық көрген кітаптың авторы (И Федров жәнеП Мстиславец)

  1. Қазақ тілінде 1807 жылы басылып шыққан тұңғыш бірінші кітап қалай аталады( Сейфілмәлік) қисасы
  2. 1913 жылы басылып шыққан қазақтың тұңғыш романын атаңыз( С Көбеев Қалың мал )

Топ оқушыларының жауап беруіне қарай ұпай саны беріледі

4.Мұғалім сөзі

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей

Деген мақал қашаннан

Келеді елде көнермей

Сондықтан да, еңбек ет

Жалқаулық жеңіп безермей

Келесі сайысымызда 2-топ оқушыларына бірдей Сөредегі кітаптарды қалай жинау  жайлы жаттығу беріледі

Кітапты дұрыс жинаған топқа ұпай беріледі

 

5.Мұғалім сөзі

Жақсы кітап оқығаның

Жақсы досқа жолыққаның

Сайысымыздың келесі кезегінде топ оқушыларынан кітап авторлары жайлы тест жұмыстарын алу

Тестке жауап беруіне қарай ұпай саны беріледі

6.Мұғалім сөзі

Егемен елдің төсінде

Шуағын шашсын арай күн

Мәнерлеп оқып аларсың

Сөздікпен жұмыс жасарсың

 Сайсымыздың келесі кезегінде 2 топ оқушылырына мына өлең жолдарымен жұмыс жасау беріледі

Кітап та………ағашы

Жемісін………теретін

……..алмаға балашы

кітабыңның әр………

бөбектерім………ойна

Оқу білім саған………

Кітабыңның шетін……

Сияменен………қойма

Керекті сөздер ( алма, біздер, тәтті, бетін,оқы,пайда, жыртып, бояп)

Құрастыруына қарай топ оқушыларына ұпай беріледі

7Мұғалім сөзі

Қазақта білмейтұғын адамдар жоқ

 

Ребусты шеш те жазып таста

Сайысымыздың келесі кезеңінде 2-топ оқушыларына бірдей  ребус беріледі

Ребустың ортаңғы бағанасында кітап деп аталатын сөз шығу керек

Ребусты шешкеніне қарай ұпай саны беріледі

8.Қорытынды:

Оқы кітапты,оқы тынба

Шығарар ол биік шыңға

Мұғалім сұрағы  Кітап бізге не береді?

Оқушылар хормен: Білім,ойды дамытады,тәрбиелейді

Білімді болу үшін не істеу керек?

—-Еңбек ету керек

Біздің еңбегіміз не болып табылады?

——Оқу

Біздің мектептегі  оқуымыз сонымен не болып табылады?

——Еңбек

Мұғалім сөзі

Сонымен « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей » деген сөз бекер айтылмаған

Сонда Отанымыздың гүлденуі жолындағы еңбегіміз—оқуымыз болмақ.

Сондықтан білім алып, отан игілігі үшін адал қызмет етуге әзір боламыз

Төрімізде тұр Ыбырай атам

Дейді,оқы,оқы балам

Оқу еңбек бәрін жеңбек

Орнатылған ұлы заман

Еркін өмір өткелдерін

 

Еңбегіммен өткеремін

Ойлы дана өсиетін

Орындауға серт беремін

 Тәрбие сағаты « Ұстазым» әні хорымен аяқталады