Ислам тағылымы

113

Тақырыбы: Ислам  тағылымы

Мақсаты: Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу;

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар:

                                                     « Ислам – дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз».

                                                                                                          Н.Ә. НАЗАРБАЕВ

                                 I бөлім: «Діні  бардың  -діңгегі  мықты»                                                                 

  1   –жүргізуші

Сәлеметсіздер ме. Құрметті  оқушылар және  ұстаздар.6-ші гим  сыныбының  дайындап  келген «Ислам  тағылымы»  атты  тәрбие сағатымызды ашық  деп  жариялаймыз.Тәрбие  сағатымыздың бірінші бөлімі «Діні  бардың  -діңгегі  мықты» тақырыбында.Дін ислам  туралы  қысқаша мәліметтермен  танысып  өтеміз.

   2-жүргізуші

Халқымыздың  ұрпағының  саналы  өсуіне  парасатты,инабатты,елін  сүйер  азаматы немесе  азаматшасы  болуына,ақылды,ойлы  ұрпақ  болуына  дін  арқау  болған.

1 –жүргізуші

Дін халықтың  өткені  және  тарихи  екеніне  ешбір  күмән  келтіруге  болмайды.

2-жүргізуші

Ислам  дінінің  қазақ  даласында  аяқ  басып,табан  тірегеніне  бірнеше  ғасырдан  артық  уақыт  өтсе  де  дін  байрағы  қалпынан  өзгерген  жоқ.

Рүстем,Гауһар

 Дін  дегеніміз  сенім-нанымның  ұйымдасқан  түрдегі  жүйесі  әрі  рухани  дәстүр,Сонымен  қатар  ол  жаратушы  жайында  қалыптасқан  жоғары  деңгейдегі киелі  ұғым.Адамдар  арасында  өзінің  жеке  ұғымын, өмір  сүру  тәсілін,дүниетанымын  дін  ретінде  түсіндірушілерде  кездеседі.Алайда  ортақ  бір  мәселе  бар:дінге  сенетін  барлық  пенде  өзіне  әсер  ететін  белгілі  бір  құпия  күштің  бар  екендігіне  сенеді.

 

Батыл  «Дін-ғылымның  анасы»Хабан Дәурет

Дін-ғылымның  анасы,

Дін-ғылымның  әкесі,

Ғылым-діннің  баласы

Дін-ғылымның  көкесі.

Ғылым да  бар,дінде  бар,

Қоқыс  та  бар гүл  де  бар.

Адам  ата  өлмесін

Ақырзаман  келмесін,

Қол  қусырып  құдайға,

Ғылым  мен  дін,  бірге  бар.

 

1 –жүргізуші

Дүние  жүзін  дүр  сілкіндіріп желдей  есіп  тез  тараған  Мұхаммед 

Пайғамбарымыз  негізгі  қалаған  Ислам  діні.

 

2-жүргізуші

Ислам  дінінің  негіздерін  үйрену,оқу,меңгеру,өйткені  адамзатқа  жаратушысын  танытып  шынайы  бақытқа  жеткізетін  дін-Ислам  діні.

 

АрманИслам  діні

Ислам  діні-дүниежүзілік  діндердің ішінде  ең  кеш  шыққан  жас  дін.Ол  біздің  заманымыздың 7  ғасырында  арабия  түбегін  мекендеген  тайпалар  алғашқы  қауымдық қатынастардан  таптық..Қатынастарға  көше   бастаған  кезде  құл  иеленушілік  .

идеологиясы  ретінде  дүниеге  келді.Тарихи  деректерге,әдеби  аңыздарға  сүйенсек.Ислам  діні  Арабиядағы  Хиджаз  өлкесінің  ең  ірі  қаласы-Меккеде  шықты.

 

Венера

Ислам діні әлемдегі ең үлкен ,ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы.Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес .Ислам –мойұсыну,бойұсыну дегенді білдірсе, мойынұсыну-яғни қабылдау,бағыну және айтқанын орындау деген сөз. Кім Аллаға мойынұсынса,ол мұсылман.

Мұсылмандар

  Аллаға,Пайғамбарға.Алла  кітабына,періштелерге,өлімнен  кейін  өмір  болатынына  сенеді.

 

1 –жүргізуші   Ислам діні адамдарды жағымды, көркем мінезділікке, әдептілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің бес шарты бар: Иман, намаз оқу, рамазан айында бір ай ораза ұстау, зекет беру, қажыға бару.Ислам дінін тұтынатын адамдарды мұсылман деп атайды.

Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед Пайғамбар деп атады.

 

2–жүргізуші

Мұхаммед  Пайғамбар  біздің  заманымыздың  570  жылында  Аравия  жарты  аралығында дүниеге  келді.

 

Гүлайша,Жансая(Адамата)

 

   1 –жүргізуші

Бүкіл әлемнің  жаратушысы  бір Алла Тағала  ғана.Алла Тағала  өсиеттері  әр  түрлі  ғасырларда , әр  түрлі  қауымдарда  баян  етілген.

 

 

2-жүргізуші

Алла ғана  асқан  шебер  пәктеулі,

Ұмытпаңдар,         құдіретті  хаһ деуді.

Шебермін  деп  шіренсеңдер  бәрібір,

Шеберсіңдер  мүмкіндігі  шектеулі.

Алла  ғана  асқан  шебер  ақтаулы,

Әр  ісіміз  Алла  алдында  сақтаулы,

Аллаға   арнап  ақтарайық  адамдар,

Ғаламдағы барлық мадақ  мақтауда

 

Күміс

«Алланың  өзі  де  рас,сөзі  де  рас» ТЕМІРХАН БАЙСҰЛТАН

Алланың өзі де  рас,сөзі  де  рас

Рас  сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас.

Аманту оқымаған кісі барма ,

Уактубиһи  дегенмен ісі бар ма,

  Алла өзгермес адамзат күнде өзгерер

Жарлық берді ол сіздерге сөзді ұғарға

Замана шаруа мінез күнде өзгерді,

Оларға кез-кезімен нәби келді

Қағида шариғаты өзгер

Тағриф Алла еш жерде ешжерде өзгермеді.

Күллі мақұлық өзгерер Алла өзгермес,

Әһлі кітап бұл сөзді бекер  демес.

Адам нәпсі,өзімшіл мінезбенен

Бос  сөзбенен қастаспай түзу емес.

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жолы деп әділетті

 

2-жүргізуші  Хор « Аллаға  шүкір»

1 –жүргізуші  Құран барша  мұсылмандардың  ерекше  қадір  тұтып  ұстанатын  қасиетті  кітабы.Құран  сөзі  араб тілінен  аударғанда  көп  оқылатын  кітап  деген  мағынаны  білдіреді.Шариғат  ілімінде  құранды  жазуды  ең  соңғы  Пайғамбар Мұхаммед  періште  арқылы  дахи  жолымен  түскен.

 

   2-жүргізуші

Құранда 114сүре  бар.Сүре  араб  тілінен  аударғанда «қамал,абырой» деген  мағынаны  білдіреді.Сүренің  әр  жолы  аят  деп аталады.

Жұпар

 

1-жүргізуші Хадис-Мұхаммед  пайғамбардың  даналық сөздерінің  жиынтығы, «Құран кәрімнен» кейінгі  ең  қастерлі  кітап. Мұнда  мұсылманшылық, имандылық, инабаттылық, адамгершілік  ережелері  жинақталған.

 

 2-жүргізуші

Хадисте: «қайсыбір  әйел  төрт  амалды  орындаса, сегіз  жәннаттың  қалаған  есігіне  кірсін» делінген.

Біріншісі- күніне  бес уақыт  намазын  оқу.

Екіншісі- жылына  бір  келетін  Рамазан айында  ауыз бекіту.

Үшіншісі- күйеуінің  ризашылығына  бөлену.

Төртіншісі- ар-ұятын  сақтау.

 

Батыл: Аш  адамға  көмек  беріңдер. Аурудан  хал  сұраңдар.

              Қарызға  батқан  адамның  қарызын  өтеуге  көмек  беріңдер.

 

Ақнұр: Кездескенде  кім  бірінші  сәлем  берсе, сол адам  тәңір  алдында да, адам  алдында да иманды адам. Иманның  жақсысы-сабырлы  және  кеңпейілді  болу.

 

Ләззат: Тәңір  әйелдермен  сыпайы  сөйлесуді  бұйырады, себебі  әйел-анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.

 

Жансая: тамақ  салынған  табақтың  шетінен  ғана  алып  жеу  керек. Ортасына  қол  жүгіртпе, себебі  береке  ортада  болады.

 

1 –жүргізуші

Қасиетті  Мекке  мешітіне  тоқталып   өтсек.Қасиеттімешітінің  төбесіндегі  ұлы  қоршаудың ішіндегі анық  аулаларды  қоса  есептегенде  аумағы 356000 шаршы  метр.осы  аулаға  млн  мұсылман  сыйды.

 

Ләззат

 

2-жүргізуші

Мен  сенің  алдыңдамын.Сенің  ешқандай  теңдесің жоқ. Қажылар мекеге  осы  мынажатты  айтып  кіреді  екен.

ҰЛМЕКЕН , Алмас (Мекке)

 

1 –жүргізуші

Қағбаға кіретін есік солтүстік қабырғада жерден 2м –ден биік .есікті кәдімгі  жапқышпен жабумен жабады.оның аты бурка.

2-жүргізуші

Киева-қағбаның  жапқышы  деп  аталады.Киева  жібек  пен  мақта  қосып  тоқылған  матадан  жасалады.

 

Гауһар(қағба)

 

1 –жүргізуші

Мұсылман  болу-ұлы  игілік.Біз  Аллаға  осы игілігі  үшін  ризамыз.Алланың  алдында  бес  парызымызды  өтеуге  тиіспіз.

2-жүргізуші

Мұсылманның бес парызы

Иман айту, Намаз, Зекет, Ораза, Қажылық — Осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік

Рүстем

Бекназар

Нұрлыбек

Күміс

 

Жұпар «Бес парыз»  Мұханов Бағдат

 

Мұғалімнің сөзі: Ендігі сөз кезегін ,қонағымыз мектебіміздің дінтанушы мұғалімі Боранқұлов Қайырбек ағайға берейік.

 

Мұғалімнің сөзі: Қайырбек ағай ,әнгімеңіз сондай әсерлі,тартымды жақсы болды. Осы берген жауаптарыныз ,әнгімелерініз бізді қатты қызықтырды .Енді әнгімеден кейін оқушылар өз ойларын айтсын.

Ал,енді балалар келесі кезекті Кенжебай Арманнын орындаунда  «Мереке »күйін тамашалайық.

 

               II  бөлім «Әулиеге түне ,Алладан тіле!»деп аталады.

2-жүргізуші Ұранымсын ,жан-баба

                      Жыр әнімсін жан-баба

                     Жебеушімсін , жан-баба

                     Демеушімсін , жан-баба

                     Бекет Ата-Пір баба

 

Маңғыстау десе аузымызға бірден Бекет ата немесе 362 әулие түседі.Маңғыстаудағы  әулие саны 360 ,қырда- Бекет ,ойда—Саназармен 362 деген қағиданың қатесіздігін айғақтай түседі.Қазақстандағы мәдени ескерткіштердің 80 пайызы Маңғыстауда шоғырланған. Тәрбие сағатымыздың екінші бөлімі : «Әулиеге түне ,Алладан тіле!»деп аталады.

 

1-жүргізуші:Иә,киелі Маңғыстау жері әулиелерге бай .Әрқайысынын өзіне тән қайталанбас қасиет ерекшешелігі болғаныда аян ,бірі қан тамырын ұстау арқылы ,бұкіл болмысына деректерді қолға ұстатқандай көріп- танып отырғандай баян етсе ,бірі кәдімгі 41 құмалақты ашып, сол  арқылы  айқын  болжамдар  жасаған: ал келесі  біреуі  болса, кісінің  бет-жүзіне қарап отырып-ақ  келген  шаруасымен  ниет-пиғылын   ашып беріп  отырған.

 

2-жүргізуші

Әулие (араб тілінде- желеп-жебеуші)-ерекшк  діндарлығымен, дін жолыа кіршіксіз берілгендігімен  халық  сеніміне ие  болған қасиетті  тұлға.Әулиелер  туралы түсінік  барлық  діндерде  кездеседі.Ислам дінінде де  әулие  ұғымы  бірден  орныққан.

Гүлайша (Әулие)

1-жүргізуші: Маңғыстау  өңірін  ашық  аспан  астындағы  музей  десе де болады.Манғыстау  мен  Үстірт  үсті  тарихи  ескерткіштер мен  қорымдарға  толы. Мәселен  Бекет ата, Шопан  ата, Шақпақ  ата, Қошқар  ата,Қараман  ата, Сейсем  ата, Масат ата, Сұлтан  епе  және  Отпан  тау.

 

 1-жүргізуші

О менің  Маңғыстауым, Маңғыстауым

Мақтанып  мақтанарым  алға  ұстарым

Өзіңде бар  махаббат, бар  құштарым

Жыр болып  құйылады  алғыстарым

Сен десем  нөсерлеп  жыр  ағылады

Сен десем  жаныма  шам  жағылады

Ауызға  алсақ  сені  жатады  ғой

Нұр  шашып  Бекет  ата  аруағы

 

2-жүргізуші: Бекет  ата  мешіті оған  бару  үшін  Шетпе  теміржол  станциясынан  теміржол  бойымен  170-шақырымдай  жер  жүріп, бағытын  Бейнеу  болып, соның  қақ  ортасындағы  алтыншы  разъезге  тоқтап,  Оғыланды  тауына  сапар  шегесің.

Жұпар( Бекет ата  өмірбаяны)

Жансая

Ләззат

Нұрлыбек (Шопан  ата)

Рүстем (Шақпақ ата)

Гүлайша (Есен ата)

Арман( Қараман  ата)

Гаухар (Асау мен Барақ)

Күміс( Қошқар  ата)

Ұлмекен (Масат ата)

Бекназар (Бекбауыл  ата)

Венера (Шат  қорымы)

Алмас (Сұлтан  епе)

Нұрлыбек (Отпан тау)

 

1-жүргізуші:Хор: «Маңғыстау»

1-жүргізуші  Киелі  Маңғыстау  жері  туралы  сыр  шертетін  болсақ, ол біраз  уақытты  қамтиды.

2-жүргізуші  Сөзіміздің  соңын қысылғандарға  дем, жабыққанға  жар болған  қасиетті  Бекет  ата  рухы  кім-кімді де  қолдап  есін  жиып, ел  болу  жолында  келелі  әрекеттерге  қадам  басқан отандастарымызды  оң іске  бағыттай  берсін! Алла  тағаланың  назары  түзу  болып,Мәдинада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет, Оғыландыда-Пір Бекет, Маңғыстаудың  ойында  362 әулие, Отпан  тауда  Адай-ата  желеп-жебей  берсін!