Құқық-өмір айнасы

159

Тақырыбы: «Құқық-өмір айнасы».

Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік беру,  білімдерін толықтыру,кездесуге шақырған құқық қызметкері арқылы құқықтық білімдерін нығайту, оның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді сыйлауға, өмірге көзқарастарын тың мәліметтермен толықтыруға,тапсырманы орындауда ыждағаттылыққа, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударуға қалыптастыру.
2. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
3. Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Әдісі сыр-сұхбат                                                                                                                                                                                                                Көрнекілігі заң туралы қанатты сөздер,шарлар, арнайы слайдтар                                                                       Барысы                                                                                                                                                                             Кіріспе бөлім. Мұғалім сөзі.                                                                                                                                    Құрметті оқушылар!
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабына «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы. Құқық саласында біздің тыныштығымызды құқық саласының органдары қорғайды.

Арнайы слайдтар көрсету

Қазіргі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасы – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-да бірден бір әр бір адам өміріндегі маңызды құжатқа «Құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы» 1995 жылы 21-маусымда № 2347 қаулысын жариялаған. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық  мемлекет, оның ең қымбат қазынасы — адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Адам құқықтары жайлы құжат, яғни «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-ның шешімімен қабылданған.                                                                                                    Арнайы слайдтар көрсету                                                                                                                                     Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.Құқық саласынан көп мағлұмат алу үшін бүгінгі біздің шарамызға мектебіміздің инспекторы   Мұхамедияров Ғалымжан ағай арнайы шақырылып отыр.Ендеше қонағымызды ортаға шақырайық.
(Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады). Қонақпен таныстыру
Бүгінгі сұхбат барысы мынадай бөлімдерден тұрады

1.Оқушылардың қояр сұрағы

2.Қонаққа тапсырмалар

3.Қонақпен ойын

1.Оқушылар сұрақтары

Балалық шағыңыз қалай өтті?Мектепте қалай оқыдыңыз?

Заң саласы қызметкері болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?Не себепті инспектор болдыңыз?

Біздің елімізде бала құқығы заңмен қалай қорғалған?

Сіздің инспектор ретінде міндетіңіз қандай?

Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

Кәмелетке толмаған балаларға қандай шектеу қойылған?

Кәмелетке толмаған бала қылмыс жасаса ,қалай жазаланады?

Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме?Несімен есте қалды?

Жасөспірімдердің ауыл болып төбелесуіне қалай тосқауыл қоюға болады?

Өлім жазасына көзқарасыңыз қандай?

Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

Жеке басыңыз туралы айтып берсеңіз.

Біздің заңымыздың осал тұстары бар ма?

Қорыққан кезіңіз болды ма?

Өтірік айтасыз ба?

 

  1. .Қонаққа тапсырмалар

 

Өлең айту

Би билеу

Картоп,сәбіз аршу

Есеп шығарту

Мылтық жинату

Сурет салу

Машина маркаларын ажырату

  1. Қонақпен ойын

Смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл — күйін көрсету.

Кеш қонағына класс ақыны Н:Айтбаеваның арнау өлеңін оқыту

Оқушылар қойған сұрақтардың ішінде өзіңізге ұнаған сұраққа естелік ретінде мына кітапты жазып қалдырсаңыз. Сыр сұхбатқа келіп, шынайы ой бөліскеніңіз үшін рақмет айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз.Және естелікке фотоға түсейік. Қош, сау болыңыздар