Сабақтың тақырыбы: Ер есімі –ел есінде

Сабақтың тақырыбы:   Ер есімі –ел есінде

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, Туған жерін сүю, Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
  2. Ұлы отан соғысында, Чернобыл апатында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

Көрнекілік: Ерлік жайында түрлі-түсті суреттер, мақал-мәтелдер ілінген.

«Ежелден ел тілегі-ер тілегі,

Адал ұл ер болып туса-ел тірегі» (Б.Момышұлы)

«Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса — жер ырысы».

«Ер — елдің ық жағының қаласы,

Жел жағының панасы»

«Құс ұясын қорғайды,

Адам отанын қорғайды» (Ә.Нұршайықов)

Мұғалім: Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Жәнібек сынды батырлар өмір сүрген.

Олар ХVII – XVIII ғасырда өмір сүрген Қазақ халқы жер үшін жоңғар

қалмақтар жерімізді қан сасытқан. Осы қиындықты мойындарымен

көтерген осы батырлар болған.

Ер қаруы –бес қару.

Найза, қылыш, айбалта, шоқпар, садақ.

Ал, ол кезде жекпе-жек айқас болған екен.

Қазіргі қару жарақтың қандай түрін білеміз?

  • Мылтық, пистолет, винтовка, автомат, пулемет, миномет т.б.

«Ешкімде, ешнәрсе де, ұмыт қалмайды» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. 1941 жылдың жазына дейін Германия бүкіл Батыс Еуропаны жаулады. Жаулап алған барлық күшін Германия өзіне қосып алды. Сондықтан фашистік әскер күші мен соғыс техникасы барынша көбейді. Фашистік Германияның  негізгі мақсаты – Кеңес Одағын  (КССРО) жаулап алу еді. Осы мақсатын орындау үшін «Барбаросса» жоспарын жасады.

— Адамзатқа қасірет әкелген сұрапыл соғыс осылай басталып еді.

Кеңес Одағының шекарасына Германия толық қаруланған әскерін әкеліп, дайындық жасай  бастады. Кеңестер еліне шабуылға жалпы саны 5,5 миллионға жуық жаяу әскер, 5 мыңдай әскери ұшақ , 4 мыңнан  аса танк, қару жарақ, оқ-миномент  шығарылды.

Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап-ақ жау ұшақтары кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбылады. Осы күннен отанды қорғау соғысы басталды. Халық қолына қару алып, майданға аттанды.

Волоколамск тас жолын қорғаған қазақстандық жауынгерлер мен қолбасшы — офицерлер И.В.Панфилов, Б.Момышұлы, М.Ғабдулин, сияқты ерлер бер екенін жақсы білеміз.

Суық хабар сол күні байтақ елімізге, Жер-жердегі ауылдарға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Қасиетті бейбіт жатқан  жеріміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны, шыбықтай  жаны қалғанша шайқасты.

Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 милионнан астам адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған апаттың жеңіспен аяқталғанына 6 жыл болып отыр.

 

 

  Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары майданға аттанды. Еңкейген кәрі , өмірдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, Отаны үшін арпалысты.

 

Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқандар: Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров, Сергей Луганский, Жұмағали Саин, Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдулин

 

Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр » деп жазып кетті.

Дастан Ерлер есімі еліміздің мәңгі есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырады.

 

  • 1 слайд

Мәскеу үшін шайқаста ерлік

көрсеткен қазақ батырлары:

 

Қорытынды жасалады

Қазақ батырлары кімдер екен?

Олар қандай қару ұстаған?

ІІ бөлім

«Сыр сұхбат»

Олай болса балалар біздің ауылымыздың тұрғыны мақтанышымыздың бірі чернобыл апатының ардагері Қарлыбек Сіләмбекұлын ортаға шақырайық.

Хош келдіңіз біздің сұхбатымыз ға дайынсыз ба?

  • сұрақ-жауап
  • Есіңізде болса…
  • Қонағымыздың көңіл күйі
  • Ән айтайық бірге

Әрқашанда ынтмақты, тату болайық деп келесі кездескенше аман болыңыздар!