Сынып үздігі

Сынып үздігі

Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Мұғалім: Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменнен аспанға жол салынар.
Армысыздар ата – аналар, ұстаздар!
— Бармысыздар,
Болашақтың басталуы,
Балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Сынып үздігі» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз)
Қатысушы оқушылар:
1. 3- сынып оқушылары
2 .4- сынып оқушылары
Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
«Сынып үздігі» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер»
3. «қызықты бестік»
4. «Тапқырлық»
5. «Жорға»
Сайысқа қатысатын оқушыларға іске сәт!
1 – бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл
1. Адамдардың қатынас құралы? (тіл)
2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)
3. Сұйық зат? (Су)
4. Қазақтың үш биін ата? (Әитеке, қазбек, Төле)
5. Бір жылда неше күн бар? (365-366)
6. Сөйлеудің қандай түрлері бар? (ауызекі, жазбаша)
7. Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім? (Юрий Алексеевич Гагарин)
8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
10. Біздің туда не бейнеленген? (қыран, ою, күн)
11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)
12. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
13. Тасымалданбайтын сөздерді ата? (от, тау, су, ай ою)
14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
16. Екі өркешті жануар? (Түйе)
17. Адамға қажетті бес нәрсені ата? (ауа, жарық, жылу, тамақ, су)
18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)
19. Табиғат құбылыстарына нелер жатады? (боран, жаңбар, аяз)
20. Қағаз неден жасалады? (ағаштан)
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
2 – бөлім: «Тіл өнер»

Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Қолымды 4 алма,
Табақта 1 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: бес – пять — five
2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка — grandmother
3. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко — milk
4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев – lion
5. Жылы киім тон
“Т” алып тастап
Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять –
6. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга – book
7. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool
8. Мектептің жүрегі кім? Мұғалім- учитель-тиче
9. Алуан түрлі із салғанмен,
Өзінен де пайдалысы – өзегі. Жауабы: қарындаш – карандаш – реncil
10. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея – snake
11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко — apple
12. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь — seven
13. Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама – моther
14. Алманың түсі? Жауабы: қызыл– красный – red
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
3 – бөлім: «
Қызықты бестік»

Әр пәнбойынша сқрақтардың дұрыс жауабын атау керек?

 

         30

Дүниетану

          10

математика

        30

Қазақ тілі

     30

Әдебиеттік оқу

 

 

          20

Әдебиеттік оқу

         10

Бейнелеу өнері

        20

Дүниетану

        10

Дүниетану

 

  1. Математика 10.

Барлығы 63 сәбізді 9 қоянға нешеден бөліп беруге болады? (7)

  1. қазақ тілі 30

Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2)

  1. Әдебиеттік оқу 30.

Қандай батырларды білесің?

4.Дүниетану 20.

Біздің облысымыз қалай аталады?

  1. Бейнелеу өнері 10

Табиғатты бейнелеу қалай аталады? Пейзаж

  1. Дүниетану 10

Мамандық түрлерін ата.

  1. Дүниетану 30.

Көкжиек тұстарын ата

  1. Әдебиеттік оқу.

ҚР Мемлекеттік әнұраның авторларын ата. ( Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов)

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
4- сынақ«Сөз шебері»
Әр ойыншы қалауы бойынша бір өлеңді  мәнерлеп жатқа айтады

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
5 – бөлім: «Жорға»
Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.
1 – оқушы
1. Қыс айларын ата? ()
2. білім ордасын ( мектеп)
3. сөзге шебер адамды кім Дейді? шешен
4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)
5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. Сөйлем нені білдіреді?
7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)
9. күй орындаушы кім? ( күйші)
10. 16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік)

  1. Ұя салмайтын құс? Көкек
  2. Сиырдың пірі –Зеңгібаба
  3. Көру мүшесі

14.Жылқыға жұранақ жалғанса, кім болады? Жылқышы

15.Саусаққа тағатын бұйым? Сақина
2 – оқушы:
1. Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады? (сұрақ)
2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра)
3. Балаларға білім беретін кім?
4. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)
5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)
7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)
8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
10. 1 қыркүйек қандай күн? (білім)

  1. Суретші ата кім?
  2. Қой атасы
  3. оқушы айнасы

14.Қазақстанда қанша облыс бар?

  1. Зиянды әдеттер

    Мұғалім: «Сынып үздігін» марапаттау
    Бастауышта оқиды,
    Ойға білім тоқиды
    Бұлар бізден жалындар
    Ертеңгі ірі ғалымдар
    Алдыңда ұзақ жолың бар,
    Оқумен өсіп толыңдар
    Қиындыққа мойымай
    Аман – есен болыңдар.