Табиғат-ортақ үйіміз

Тақырыбы: Табиғат-ортақ үйіміз

Мақсаты: Оқушыларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Өз ойын ортаға салып, ортақ шешімге келуге үйрету. Алдарындағы проблемаларды шешуге, өзара қарым-қатынасқа түсе отырып, бойындағы «хайуандылықты» жою маңыздылығын ұғындыру.

Сабақ барысы:

Адам өзін қинағанды

Ат сияқты тебе алмас.

Гүл де жұлқып, жұлғанды

«Неге өйтті» деп сөге алмас.

Аю байғұс аяғын

Алса жырып, қанатып,

Кім бар бағып-қағатын?!

Табиғаттың панасы-

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың панасы.

М. Әлімбаев.

-Өлеңнің тақырыбы қандай?

-Өлеңнің негізгі идеясы?

  • Негізгі ой-түйіні қай жолдарды жатыр?
  • Табиғат пен адам біртұтас па?
  • Табиғат адамнан не күтеді?
  • Табиғат қорғаушысы кім?
  • Табиғатты біз кімнен қорғаймыз?
  • «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» қалай түсінесің?

Ендеше, бүгінгі сынып сағатының тақырыбы:

Табиғат- ортақ үйіміз.

Проблемалық сұрақ  Ерте ерте ертеде ен даланы шегірткелер жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті. Патша уәзірлерінен сұраса, бірі: дәрімен өлтіру керек, бірі отпен құрту керек, бірі оның жұмыртқасын құрту керек, ал енді бірі қыста өзі-ақ құриды, деп бас қатырыпты.

— Сендер не ұсынар едіңдер?

  • Құстар бізге не үшін керек?

( Қытайда торғайларды құртып, шегірткелер басып алған соң, шетелден торғайларды сатып алуға мәжбүр болған)

Ақпараттық блок

Табиғаттың өз заңы бар. Біз саол заңды сақтауымыз керек.

  1. Бәрі өзара байланысты
  2. Әр нәрсенің өз орны бар
  3. Оңайлықпен келетін дүние жоқ
  4. Табиғи реті болу керек

Табиғатта ізсіз еш нәрсе қалмайды, тіпті қоқыстың өзін жерге көміп, немесе өртеу керек. Біз тек табиғаттан алуды білеміз, бірақ өз орнын толтыруды да ойлауымыз керек. Себебі табиғаттың өз табиғи жүйесі бұзылады. Ал адамдардың  химиялық заттар мен миниралдарды қалай болса солай қолдануы табиғатты ластайды.

Экологиялық рейд

Осы заңдылықтың қайсысы бұзылды?

Өз аулымыздың көше, ауласы мен айналасын қарап шығайықшы.

  • Қандай экологиялық заңдылық бұзылған? (қоқыс, көлшік)
  • Заң бұзушылар кімдер?
  • Бұл жағдайды қалпына келтіруге болады ма?

Топтық жұмыс

Сабақ басында «Табиғаттың тілі жоқ» деп едік, ендеше табиғаттың атынан хат жазып көрейік.

1 топ  ғалымдарға хат

2 топ  жеке кәсіпкерлерге хат

3 топ балықшыларға хат

4 топ біздің мектеп оқушыларына хат

Қорытынды бөлім   « Менің ішімдегі хайуан»

Бүгін біз табиғат заңы туралы көп айттық. Осы заңды орындасақ, біз экологиялық тұрғыдан мәдениетті боламыз,бірақ бұл жеткіліксіз.

Сабақ басында « Табиғаттың панасы-

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың баласы» демекші, біз әр жәндікті сүюіміз керек. Ал біздің ішіміздегі хайуан деген ол не?

( надандық, сараңдық, қатыгездік, аямаушылық, қулық, мақтаншақтық, көреалмаушылық, қорқақтық) бұл бойымыздағы жаман қасиеттер.Егер осы жаман әдеттерден құтылсақ, экологиялық мәдениеттілікке бір адым жасадық деп есептеуге болады.

Рефлексия

-Бүгінгі сабақта сен үшін не маңызды болды?

-Өзіңді экологиялық мәдениетті адам деп санайсың ба?