«Сыйласаң-сыйлы боласың!»

469

Тақырыбы:  «Сыйласаң-сыйлы боласың!»

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату.
Міндеттері: — үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
— сыйластықты қарым — қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
— үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Секторлық тақтайша, мақал- мәтелдер
Барысы:
Шаттық шеңбері

Амансың ба Алтын Күн!

Амансың ба Асыл жыр!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне менің қолым!
— Балалар, жаңа бір — бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай — ақ та жымиып бас ию — адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін.Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластыққа байланысты «Сыйласаң- сыйлы боласың» деп аталады.

Ал ,балалар осы сыйластыққа арналған тақпақтарымызды айтып шығайық.
Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ, өзі де,

Үлкен болған кезінде.

(С.Мәуленов)

2-оқушы:

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.

(Е.Ерботин)

3-оқушы:

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

(К.Байзақов)

4-оқушы:

Бала дана болады,

Даналықты көп көрсе,

Бала көктей солады.

           (Қ.Әбілдақызы)

5-оқушы:

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдепті қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

(Е.Өтетілеуов)

Адамдар бір — бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым — қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір — бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.

— Бүгін балалар сыйластыққа байланысты тәрбие сағатымызда  біз «Ғажайып алаң» атты ойын ойнаймыз. Оған 3 ойыншыдан 3 кезеңге қатысады. Мен бүгінгі тақырып бойынша тапсыраманы  тақтаға іліп қоямын, ал қатысушылар алдында тұрған секторлы тақтайшаны айналдыру арқылы өздеріне ұпай жинайды және жауаптарын айтады.

Бірінші кезеңге қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.

Назарбек Аружан, Нұрсұлтан Ақгүл, Мұрат Жігер

І- кезең сұрағы.

Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? Жасырылған сөз (әдепті)
Әдепті екен бұл дейміз!
 Көрермендермен ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
— Үлкендердің алдынан…… (кесіп өтуге болмайды.)
— Кішкене баланы…………….(жылатуға болмайды.)
— Құстарды ………………………(атуға болмайды.)
— Қыз баланы……………………(ренжітуге болмайды.)
— Сабақтан………………………..(кешігуге болмайды.)
— Сыныпта………………………..(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
— Үлкен кісіні…………………..(сыйлау керек.)
— Үлкеннің тілін……………….(алу керек..)
— Үлкендерге……………………..(сәлем беру керек.)
— Кішілерді…………………………(қамқорлау керек.)
— Оқу құралдарын……………… (күтіп ұстау керек.)

Енді ортаға ІІ кезең қатысушыларын шақырамыз.

Қоғамбай Дидар, Серікбай Аружан, Омархан Ерасыл

Сендерге берілетін тапсырма мынадай:

Кітап, дәптер, қаламы,
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз? Жасырылған сөз(Ұқыпты)

Ұқыпты екен бұл дейміз!
Көрермендермен бірге ситуацияны шешу.

1.Көше бойымен таяққа сүйенген ата келе жатады. Басын көтеріп жол

бағдарлауға шамасы келмеи келе жатыр.Сен оған қарсы кездестің. Недейсіз?

Не істейсіз?

Оқушылардың жауабы.

2.Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Әрине тұрып орын бересіз.Әже қуанып қандай  алғыс айтады.

Ортада ІІІ кезең ойыншылары. 

Альмаганбет Досымжан, Мұханбетқали Абдуллаһ 

Тапсырмаларың мынадай:

Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Жасырылған сөз (үлгілі)
Үлгілі екен бұл дейміз.

Жеңімпаздарды атау.

Жақсы ,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді!

Ең үлкенін,  жақсысын

Саған таңдап әкелді!

Не деп барып жеу керек? (рахмет)

Балалар жүр көшеде

Естіледі айғай-шу.

Сенде шықтың, көршіңді

Қойып кеттің байқамай.

Не деу керек? (кешіріңіз)

Осы келген бетіңде

Допты қудық, жарыстық.

Көшенің сол шетіңде,

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз бе)

Үй артыңда қоқысты,

Жатқан көптеп үйіліп.

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп,

Не  дегенің жөн еді?( көмегім тимес пе екен?)

Қорытынды:

Мұғалім: 

  1. Балалар, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білейік.
  2. Қоғамдағы ең жақсы адам- әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі.