Қазақстан, туды алтын дәуірің

48

Тақырыбы: «Қазақстан, туды алтын дәуірің»

 

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз

еліміздің жетістіктерімен, халқымыздың біртуар ұлдары туралы шежіре мен деректер таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.

Түрі:               Сахналандырылған деректі фильм.

Көрнекіліктер:  Компьютер, слайдтар тізбегі (22), плакат, шарлар, гүлдер.

Барысы:

Слайдпен Қазақстанның жері, территориясы, шекарасы, қалалары көрсетіледі.

 

1-жүргізуші:

І. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар! Біздің «Қазақстан, туды алтын дәуірің» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер.

 

2-жүргізуші:

  1. Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Республика күнімен құттықтаймыз. Қазақтық ұлттық батыры Бауыржан Момышұлы кезінде «Отан үшін отқа түс, — күймейсің» деген. Өйткені Отан-қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Қазақстан Республикасының туған күні қазақ тарихына алтын әріппен жазылады.

 

1-жүргізуші:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, Шығысында Қытай халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан.

 

2-жүргізуші:

Қазақстан территориясы бойынша дүние жүзінде 9-орын алады, ал ТМД елдері бойынша 2 –орын алады.Қазақстанның жер аумағы 2,7 млн. шаршы шақырым.

Алматы-жері жайсаң облыс,

Ақтөбе-өлке ақ тарысы-мол ырыс.

Атырау-мол қазақтың мұнайы.

Жамбыл-жайлау, қазыналы шұрайлы.

Жезқазған-кен, бұзылмаған аймағы.

 

1-жүргізуші:

Көкшетау – көп-көгілдір көл аймағы,

Қарағанды-қара алтынның қоймасы,

Қостанай-құт қызыл бидай қымбат,

Қызылорда –күрішті сыр саласы,

Орал-көне Ақ Жайықтың жағасы.

Астана –Арқада ыстық алқабы,

Шымкент-ыстық оңтүстігімнің мақтаны.

 

2-жүргізуші

Өскемен-өр шығыста Алтай алып,

Павлодар-қара Ертістің саясы,

Қызылжар-солтүстігім арманым,

Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды,

Талдықорған-жер жәннат, көп бағы.

 

1-жүргізуші:

Отанды біз Атамекен

Деп аялап айтамыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Отан деген –Атамекен.

Отан деген –туған жер.

Отан-апа

Отан үлкен

Қазақстан туған елі.

 

2-жүргізуші

Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама.

 

1-жүргізуші:

  1. Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың кең жаһан далада өмір сүрді, не жойылып кету қауіпі тұрған еді.

 

2-жүргізуші

Өткен ХV ғасырда Қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты.

 

1-жүргізуші:

ХV ғасыр басында дүрліккен ел үдере көшіп, ақтабан шұбырындыға айналды. 1723 ж. Қазақтар аш-жалаңаш жаяу шұбап бір көлдің басына келшіп, көлді айнала сұлап жатыпты, Сонда ақсақал кісі:

— Балалар, адам бастан кешкен жақсылықты қалай ұмытпаса, жаманшылық көргенін де солай ұмытпау керек. Біздің көрген бейнетіміздің аты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын депті.

 

Слайд: 1млн адамнан, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызынан айырылды.

 

2-жүргізуші

Қаратаудың баурайында  қалық қазақ бас қосты. Оларды бірлікке Төле би шақырды:

Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса, елі жетім

Ұқпаса айтқан сөз жетім

Атың жақсы болса

Ер жігіттің пырағы

Балаң жақсы болса

Жан мен тәннің шырағы – деп,

Жаугершілік заманда халқымыздың арын ойлап, жер дауын, ел дауын әділ шешіп, қара қылды қақ жарған, елге тек бірлік, береке, тыныштық тілеген айбынды да ардақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ел тағдырына қатысты жайларға белсен қатысып, бәтуалы істер тындырған.

 

1-жүргізуші:

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп   қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.

 

2-жүргізуші

1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық,  тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың.

 

1-жүргізуші:

1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп – халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

 

2-жүргізуші

1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның  350 мыңнан астамы қазақтар еді.

 

1-жүргізуші:

Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың  қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді.

 

2-жүргізуші

Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.

 

1-жүргізуші:

Кең жазира құтты мекен – гүлістан.

Арай таңым, бақыт берген шығыстан.

Қасиетті анам — өзің, туған жер.

Бабалардан келген мұрам-Нұрстан.

 

2-жүргізуші

Бүгінгі күн – Республиканың той күні,

Жарқын тілек  жан көркейтсін бұл күні.

Қазағымның бар қасиеті көрініп,

Күй төгіліп, болсын қызық жар күні.

 

1-жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында.

 

 

Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті.

2-жүргізуші

Біздің қазіргі мектеп оқушылары 1991-1992 жылдары дүниеге келгендер. Сондықтан өткен жылдар жемісін 1991 жылдан басаймыз.

/Өткен жылдар жемісі  слайдтан көрсетіледі./

 

 

1991ж. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.

1991 ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.

1992ж. Қазан айында  тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

1992ж. 4 маусымда Мемлекеттік Елтаңбамыз, Әнұранымыз, байрағымыз бекітілді.

1993ж. 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді

1994ж. 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны, ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

 

2-жүргізуші:

 

2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.

2001ж.Салауатты өмір салты жылы.

2002-2005ж. Ауыл жылы болып жарияланды.

2006 ж. Елбасының «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» жолауы. Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің  қатарына ені керекү

2007ж. «Қазақстан -2030» бағдарламасы 10 жыл.

 

 

1-жүргізуші

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ, қарасын біліп тұрса сөзіміз.

 

2-жүргізуші:

 

Қазақстан  ХХІ ғасырға нық қадам жасап, игілікті жаңғырулар жалынды едәуір ілгері басты. Бүгінгі таңда бүкіл халықтың, барша жұртшылықтың және ел басшылығының өркениеті тұрақтылықты, азаматтық дінаралық және ұлтаралық татулықты сақтауға, мемлекет аумағының тұтастығы, шекарасының мызғымастығын қамтамасыз етуге, экономикалық өрлеуге, көршілермен және әлемдік қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастыққа бағытталып отыр.

 

1-жүргізуші:

Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұл өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай- далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші арбір адам өз Отанын жаныдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке.

 

Ер болдың ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қарағым жасқанат?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атыменен басталады.

 

Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек.

 

ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егеменді елдігіміз ұзағынан сүйіндірсін.