«Арман қала – Астана»

87

Тақырыбы:   «Арман қала – Астана»

Мақсаты:      1. Астананың 10 жыл бойындағы қарқынды өсу жетістіктерімен, тарихымен таныстыру (Клип)

  1. «Кім жүйрік» ойыны арқылы Астана, Қазақстан, Конституция жайлы білімдерін тексеру және толықтырып, дамыту.
  2. Көп ұлтты мемлекетімізді гүлдендіруге татулықты берік сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  ақпараттық-компьютерлік саяхат сабақ.

Көрнекілік:   суреттер, қанатты сөздер, шарлар, «Ақылды тақта».

Әдіс-тәсілдер: СТО, ойын, сұхбат, эссе.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.     (5 мин)

а) әнұран

ә) «Білім күнімен» құттықтау

б) Сабақтың өту барысымен таныстыру.

ІІ. Астананың 10 жыл бойындағы қарқынды өсу жетістіктерімен,

тарихымен  бейнеклип арқылы таныстыру. (4 мин)

Оқушылардың назарын клиптегі елеулі даталарды аударып отыру керектігін ескерту.

ІІІ. Ой толғау.

Астананы не себепті көшірді? (оқушылардың ойын  тыңдау, толықтырып өту)

Біріншіден, бейбітшіл сыртқы саясатымыздың сан-саласы бағыттылығын қуаттадық. Осы әрекетімен Қазақстан Солтүстікпен және Оңтүстікпен,   Шығыспен және Батыспен тең құқықты ынтымақтастыққа ашықтығын паш етті.

Екіншіден, Қауіпсіздік мәселесі маңызды орын алды. Бұл тұрғыда тәуелсіз мемлекеттік астанасы сыртқы шекаралардан алыстау жерде, мүмкіндігінше елдің ортасына таман тұруы тиісті.

Үшіншіден, Қазақстанның экономикасын одан әрі дамыту тұрғысынан да тиімді еді.   (7 мин)

ІV. Ойын «Кім жүйрік» (Үш топқа бөлу) ( 20 мин)

30
20
10

Тақырыптары: «Қазақстан»

 

30
20
10

 

«Астана»

30
20
10

 

«Конституция»

 

Әр ойыншы берілген тақырыптардың бірін таңдап,  кезектесіп ұяшықтарды ашады. Дұрыс жауапқа ұяшықтағы ұпай беріледі.

Қазақстан,   

10 ұпай        – ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?

(1991 жылы, 16 желтоқсан)

20 ұпай       —    Қазақстан қандай елдермен шекаралас жатыр

(батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен,  оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен)

30 ұпай        —   ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің авторларын атау.

(әнұран – сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов. Ту – Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков, Елтаңба – Шәкен Ниязбеков)

     40 ұпай        —   ҚР-ның ұлттық ақшасы қашан пайдалануға берілді және жаңа дизайн банкноттары қашан енгізілді

                              (1993 жылы 15 қараша ұлттық валюта енді, жаңа дизайн 2006 жылы жасалды)

«Астана»  

10 ұпай  — Астананың тұсаукесері қашан болды?

(1998 жылы 10 маусымда)

20 ұпай        —  Қай уақыт аралықтарында Астана Ақмола қаласы деп аталды және қай  кезеңде Целиноград қаласы болды?

(Ақмола қаласы 1832-1961 жж., 1992-1997 жж., Целиноград 1961-1992жж)

30 ұпай       — Ең алғаш осы қаланың әкімі болып кім тағайындалды?

(Әділбек Жақсыбеков 6 жыл әкім болды)

40 ұпай       — Астана қаласының қазіргі әкімі.

                           (Иманғали Тасмағанбетов)

      «Конституция»

10 ұпай     — Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?   (1993 жыл, 28 қаңтар)

20 ұпай     —  Қазіргі таңда қолданыста жүрген Конституция қашан қабылданды  (1995 ж. 30 тамыз)

30 ұпай     —  Еліміздің басты құжаты не? (Конституция)

40 ұпай     —  Конституциямыз неше бөлім және баптан тұрады?

(9 бөлім, 98 бап)

  1. Астанадағы «Жастар форумына» барып келген сыныптасымыз «Жасыл алма» газетінің тілшісі – Тынымбаева Жаннамен сұхбат.

VІ. Эссе жазу. Тақырыбы:

«Астананы көркейтуге менің қосар үлесім»  (3 мин)

VІІ. Қорытынды:

«Бұл дүниеде ұмытуға болмайтын бір нәрсе бар. Егер сен басқаның бәрін ұмытып, бірақ осыны ұмытпасаң, алаңдауға себеп те болмас еді. Алайда өзге істің бәрін жадыңда ұстап әрі жүзеге асырған болсаң, бірақ, ең бастысын ұмытып кетсең, бұл түк бітірмегенмен барабар, сен бұл өмірге мақсатты тірліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенсің»

Жалал ад-дин Руми