Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік!

Тақырыбы: Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік!

Мақсаты: қазақ  халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы оқушыларға мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.                                                             Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың портреттері және хроникалы фильм.                                                     

1-ж: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-ж: Біздің бүгінгі «Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік!» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер. Сынып сағатымыз тақырыбымызға сәйкес III бөлімнен тұрады. I-бөлім – Алаш, II-бөлім – Желтоқсан, III-бөлім – Тәуелсіздік.

 

I-бөлім – Алаш

1-ж: Кезек  бірінші бөлімде. Бұл Алаш тақырыбындағы бөлімді бастамас бұрын тарихқа шолу жасап кетейік. Өлкелік басшылыққа келген Ф. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жасамақшы болды.

Наразы болған Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин т.б ұлт зиялылары «ұлтшыл» деп айыпталды, қуғынға ұшырады.

2-ж: жер-жерде кедейлер мен шаруаларды орынсыз соттау және шаруалардың малын жөнсіз кәмпескелеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты тұратын жерлерінен күштеп көшіру орын алды. 1930-1932 жылдарды алапат аштық етек алды.

1-ж: 1932 жылғы шілде айында республика қайраткерлерінің бір тобы

Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев аштық туралы Ф. Голощекинге ашық хат жазды. («Бесеудің хаты»).

2-ж: Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал адам болған Тұрар Рысқұлов етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды.

1-ж: 1937-38 жылдарды террор жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан, кезінде «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамбетұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, т.б ұшырады, оларды «халық жаулары» деп жариялады. Бұларға жазалаудың жоғары түрі ату жазасын қолданды.

2-ж: Қазақстан картасында КарЛАГ пайда болды. Оның бірі «Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерлерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті.

1-ж: Енді ортада 10 «А» сынып оқушылары өлеңдерін оқиды.

 

 

  • Гүлзада

Қара күйе жағылған,

Қарғыс таңба

Жазықсыз таңылған.

«Халық жауы»,Үй-орманың оталу.Өз елінде өзің дұшпан аталу

Саналылар сұмырайға саналу.

Айыпсыз-ақ абақтыға қамалу.

Қапияда қауіп алар қармақтар,

Ойды орап

Қырды жапқан Қарлагтар.

Қайда барсаң қан сасыған іргелер,

Тірі өлікке толған іші түрмелер.

 

  • Лейла

Парызың көп тірілер,

Өмір – күрес, жанталас.

Заман туса бірігер

Басыңды қос, алты Алаш.

Қазағымның әр үйін

Қуат беріп қолдаған,

Әли десең – Әлиің

Хан десеңіз – Хан болам.

Ұлдар туар Ержүрек,

Атар әлі таң-нұрың.

Бөлінсеңдер бөрі жеп,

Тәлтек болар тағдырың.

Аспан әлем нұрланса,

Жау шықпайды тасадан.

Алаш туы бір болса,

Бауыр – бүтін,

Бас – аман.

 

  • Айзада

Түбім – түрік

Мен өзім – қазақпын.

Болмай қалса керегім,

Отына сал тозақтың.

Білім деген бір тұма,

Көзін ашпас аса көп.

Ұйықтап жатқан ұлтыма

Ызыңдадым маса боп.

Айтқан беттен таймаса,

Қайран ерлер өркеуде.

Жұрт бүгінін ойласа,

Менің ісім ертеңде.

Белді бекем буған соң

Бар азапты көрдім мен.

Қазақ болып  туған соң,

Қазақ болып өлдім мен.

 

  • Гүлдана

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз!

Енді ешкімнің алашты

Қорлығына бермейміз!

Адамдықтың жолына

Бастаған ерлер соңында,

Басқаға көңіл бөлмейміз.

Қандай шайтан келсе де

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз,

Жасайды алаш, өлмейміз!

Жасасын алаш, жасасын!

  • Рахила

Ел керегін алғанша

Аянбадым Алашта,

Жалғыз жаңқам қалғанша

Аз өмірде әуре боп

Көп тартқанмен азапты,

Санасына сәуле боп

Оятып ем қазақты.

Кем-кетігі толды ма,

Болса әлде де керегім.

«Оян, қазақ!» орнына

«Ойлан, қазақ!» дер едім.

 

  • Абылайхан А.

Мен – Сәкенмін

Сейфулланың баласы,

Жазылмаған жүрегімнің жарасы.

Мен Құдайдың ажалынан өлгем жоқ,

Мені өлтірген адамдардың аласы.

Он жетіде ту ұстадым қолыма,

Мақтанышпен мадақтадым оны да!

Қыран едім, қанатыммен соғылып

Өзім түстім қастандықтың торына.

Көжегіне ұқсамадым қоянның,

Қатарымнан тым ертерек ояндым.

Қызыл туды жырлап едім армансыз,

Ақырында қызыл қанға боялдым.

Бостандықтың күте-күте әр таңын,

Енді соның шын азабын тартамын!

Мені атқан адамдардан

қорықпаймын,

Елін сатқан адамдардан қорқамын!

 

  • Береке

Жазам-жазам әлі де бір тынбаймын,

Қонса-дағы бір күн бақ, бір күн

қайғың.

Амангелді, Жалбырға жан бітірген,

Бейімбетпін – досымын

Мырқымбайдың.

Шұға – менің өз мұғым, өз ғашығым,

Туған елден жоқ менің өзге асылым.

Құрымбайдай жігіттің құрдасымын,

Аштан өлген Күлпаштың көз

жасымын.

Мінген атым астымда тепектеген,

Белсенді көп бұйрықты екі етпеген.

Көкбазарға сатуға бара жатыр,

Көк сиырын Дайрабай жетектеген.

Тәуелсізсің. Айналдың өркенді елге,

Қаптап, қаулап гүл өсті өртеңдерде,

Кеше жаздым мұңымды, бүгін

жаздым,

Мен сендермен біргемін Ертеңде де!

 

  • Әлішер

Ілияспын!

Өлеңге мұрагермін,

Иесімін мынау ел, мына жердің.

Құлагерді жазып ем жүрегіммен,

Тағдырына тап келдім құлагердің.

Жетісумын, Алтаймын,

Сарыарқамын

Жарылмады жүректе жанартауым.

Түгел көріп қайтейін кете алмадым,

Қазақстан жерінің бір алқабын.

Туған елдің туымын, айбарымын,

Жетісудың мен де бір –

қайнарымын.

Жауларыма сұстымын – алмас

қылыш.

Жайшылықта жайсаңмын,

жайдарымын.

Бітті бәрі, басылды дау-дабыра,

Өзеніме иемін, тауларыма.

Егеменді ел болып қайтарыңдар

Менің кеткен кегімді жауларыма!

 

  • Бейбарыс

Мен Сұлтанмын, Сұлтанмын,

Өз еліме ұлтанмын.

Әуелден-ақ білгенмін

Алатынын бір таңның,

Шешен десең шешенің,

Көсем десең көсемің,

Кесіп тастай алмадым

Замананың кеселін.

Орындалмай тілегім

Соқпай қалды жүрегім.

Өз халқымнан кіші едім,

Сталиннен ірі едім!

Көшпей қойды бастан бұлт,

Елге жасап қастандық…

Қайтып келді бәрібір

Мен аңсаған Бостандық!

 

        

1-ж: 1917 жылдың ақпан айында патша үкіметі құлады. Осы жағдайды пайдаланып қазақ зиялылары Алаш партиясын құрды. Ендігі алдағы мақсат- Алашорда үкіметін құру. 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында өткен Орынбордағы II Бүкілқазақ съезінде өткен «Алашорда үкіметінің құрылуы» жайындағы көрініске назар салыңыздар.

(Көрініс мазмұны: «Алашорда үкіметін бүгіннен алдырмай жариялаймыз ба, әлде бір айдан кейін жариялаймыз ба?» деген ұсыныс болады. Осы кезде дауыс беру басталып кетеді. Дауыс беру қорытындысында Шығыс Алашорда 42 дауысты, ал Батыс Алашорда 39 дауысты алады. 3 адам дауыс бермей қалыс қалады.

Батыс Алашордашылар «Алашорда үкіметін бүгіннен қалдырмай жариялайық» дейді.

Шығыс Алашордашылар «Жоқ, тоқтай тұрыңдар, мынау Түркістан облысы, Түркістанға қарайтын Жетісу облысы, Сырдария облысы бар, осылардың пікірін білейік» дейді.

Дауыс бермей қалыс қалған үш адам «Біз Алашорда үкіметіне қосылмаймыз, біз Түркістан автономиясын құрамыз» деп сахнадан шығып кетеді.

Осы кезде Шығыс Алашорда мен Батыс Алашорда өкілдері қосылып: «Біздер бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып Алашорда үкіметін жариялаймыз» дейді.

Әлихан Бөкейхан «Азаттықтың таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұр ттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті.

Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкірлік!)

 

II-бөлім – Желтоқсан

2-ж: Назарларыңызға рахмет! Ендігі II-ші бөлімге аяқ басайық. Желтоқсан деп аталатын екінші бөлімімізді бастамас бұрын желтоқсан оқиғасына байланысты дайындалған бейнематериалымызды ұсынамыз. (видео қосылады.)

1-ж: Бөліміміз оқушылар өлеңдерімен жалғасады.

 

  • Айсулу

86-Желтоқсанның аязды бір күндері,

Мәскеу жақтан бір үкім кеп төндірді,

Біз білмеппіз, өңшең қазақ қас екен,

Бір-біріне неге мұнша, бұл белгі?

 

Арыз көпті, болмас былай басқалай,

Колбин барар, көтеріңдер тастамай,

Сен мәңгүртке билік қайда, болмасты,

Деген сөзбен ызалы ойын тастады-ай.

 

Мұны есітіп бар қазақтың бозымы,

Атқа мінді, шал-шауқаны тозығы,

Арулары шашын түйіп арқаға,

Алаң келіп, ұзына бой созылды.

 

  • Надира

Қырып беріп төрт мыңдайын қазақтың,

Басқасын да түрме тығып, азаптың,

Неше түрін ойластырған заман да,

Өтіп барар тіліндей боп сағаттың.

 

Міне халқым мейрам емес мына күн,

Жоқтау айтып, іштен ғана тынатын,

Күн де емес, сол заманды еске алып,

Құран оқып, еске алып тұрар кім?

 

Ол мына сен, асқақтатқын үніңді,

Сол залымды табу керек бүгінгі,

-Қырсын деген, оны алған мойынға,

Ортаға алып, көрсет оның түрін де!

 

 

III-бөлім – Т әуелсіздік

2-ж: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды. Тәуелсіздігіміз жайлы толық мағлұматты Орумбаева Толқын ашып айтып береді.

(Толқын — презентация)

 

1-ж:  «Жеңіс туы» өлеңімен Төлеу Абылайханды шақырамыз.

Жігіт жаста қан майданға кеттң де,

Сағындырдың көз ілдірмей көп түнде.

Зарықтырған Жеңіс туым – жауынгер,

Байтақ елге аман-есен жеттің бе?!

Әбден қажып шаршағанда ел мүлде,

Ынтық болып тұрған кезде жер гүлге,

Жалын атып ту көтерген жауынгер,

Шаңырағыңа гүл құшақтап келдің бе!

Отандастар жан пидалап оққа ұшты,

Құрбан болып кеудесімен от құшты.

Сертіне мәрт, ер-намыстың құрбаны,

Сын сағатта сол намыстан жоқ күшті.

Ұландарым, қағып түсер қырандай,

Дұшпанына оқша атылып құлардай.

Жау ордасын опат қылып ойрандап,

Сонда ғана құмарынан шығардай.

2-ж: «Тәуелсіз ел» әні, орындайтын 10 «А» сынып оқушылары

1-ж: Отан! – деген сөзім қандай әдемі!

Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.

Атам қазақ аңсағаны еркіндік,

Сақтау үшін азаттықты бекіндік,

2-ж: «Отанның намысы үшін оттан қашпа,

Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.

Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,

Өмірің орынсыз боп кетпес босқа» деп бүгінгі сынып сағатымызды

аяқтаймыз.