Берекелі күз, мерекелі күз

125

Берекелі күз, мерекелі күз

Зал безендірілген. Күз, еңбек туралы өлең, мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер. Көрме «Күз сыйлықтары»

Бастаушы:

Өрік, алма

Шие, алма

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз

Қияр, сәбіз

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады? (күз)

Оқушы:

Күздің сыйын алайық,

Қызығына қанайық

Күзге арнап бәрәмәз,

Әнімізді сыйлайық.

Ән «Күз келді».

1- оқушы.  Қуандырып біздерді,

Берекелі күз келді.

Мерекелі күз келді.

2-оқушы.       Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

3-оқушы      Қыркүйек кеп, күз келіп,

Шопан көшті күздеуге.

Мектепке бет түзедік.

Гүл құшақтап біздер де.

4-оқушы.   Өнім үйіп тастадың,

Оқуды да бастадың

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Күз: Рақмет! Ал балалар, неге мені «Алтын күз» деп айтады?

5-оқушы    Қауын-қарбыз жемістермен,

Толтырамыз қол себетті.

Алтын күз деп аталады.

Күз айы да сол себепті.

 

6-оқушы    Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап,

Мұны көріп қалай күзді

Теңемейміз сары алтынға?

7-оқушы    Қараңдаршы қандай сұлу?

Бидай басқан кең дала.

А лтын жайып тастағандай,

Біздің дала бай дала

Мұны көріп қалай күзді

Теңемейміз сары алтынға?

Күз: Рақмет, балалар. Олай болса, кім күз айларын айтады?

Ойын: Жапырақтарға жазылған 12 ай ішінен күз айларын кім тез жинайды?

Бастаушы:

Ал, балалар, балалар,

Күзді енді тыңдаңдар,

Қандай жұмбақ айтса да,

Шешпей оны қоймаңдар.

Күз жұмбақтар айтады.

  • Енді бидайға сөз берейік.

8-оқушы    Бидай басы ақ дән

Берген жерге бал тұнған.

Ақ нанын берген Отанға,

Айналдым іскер халқымнан.

9-оқушы.   Желкілдейді желменен,

Жерді егін тербеген.

Өсірді оны диқандар,

Тамшылаған терменен.

Көрініс: «Ас атасы- нан».

10-оқушы  Егінді баптап өсірген,

Диқан ісі мәрт қандай

Тың жер бүгін түрленді

Тұр жайқалып ақ бидай.

11-оқушы  Нан иесі қандай

Пісірілген жаңада.

Дәмі де балдай,

Жүректен ыстық таба  нан.

12-оқушы   Азамат бүкіл

Ардақтап нанды сақтасын.

Ешқашан түйірі жерде жатпасын.

13-оқушы   Күз жомарт дейміз біз

Не деген дәмді көкөністер,

Не деген тәтті жемістер.

Жемісті жесең кемістер.

Болмайды сенің бойыңда

Болсыншы осы ойыңда.

14-оқушы. Мен алмамын, алмамын,

Таңдай тұшар бал дәмін

Дастарқанға көрік беріп,

Келтіремін бар сәнін.

15-оқушы.  Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Сүйіктімін сәбилерге.

Айтпасам да бөліп тым.

16-оқушы. Шиемін мен, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Бала келсе қасыма.

Басымды мен иемін.

Ойын: «Жеміс- жидек жеу.»

Күз сыйлықтары көрмесіндегі жидектер.

Қорытынды.