Түйсік-сезімдік бейімделу

175

Биология пәнінен сабақ жоспары

Сынып 11

Мұғалім :Жакенова Ж.Ж.

Күні:

Сабақ тақырыбы: Түйсік-сезімдік бейімделу

Сабақ мақсаты: Түйсік-сезімдік бейімделуінің пайда болу,қалыптасуы туралы түсінік беру.

Сабақ міндеттері:

Білімділілік : Түйсік-сезімдік бейімделу туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Өзінің және жолдастарының  білімін өздігінен бағалау дағдысын дамытуды қамтамасыз ету.

Тәрбиелілік: Ғылыми мағлұматтарды өздігінен ізденіп, меңгеруге талпынуға баулу.

Құрал-жабдықтар:тақта(маркерлік,интерактивті),үлестірмелер,кестелер-сызбалар,презентация,видео.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
І.Үйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Сабақа назарын аудару.

Сабақтың тақырыбын айту

Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

ІІ.Өтілген тақырыпқа шолу:тапсырманың орындалуын түсіндіру және дұрыс орындалуын қадағалау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

Тақырыпты түсіндіру

Тақырыптың қорытындысын шығару

 

 

ІҮ.Бекіту кезеңі.

Тапсырмалардың орындалуын және олардың дұрыстығын қадағалау.

Сабаққа дайындалу

Сәлемдесу

Сабақтың тақырыбын жазып алу

 

 

 

 

тапсырманы орындап шығу.

 

 

Тақырыптағы терминдерді жазып шығу

 

Тақырыптың қорытындысын шығару

 

 

Тапсырмаларды орындау.

 

ІІ.Өтілген тақырыпқа шолу:

  1. Организнің қандай белгілері арқылы бейімделушілікке ыңғайланады?
  2. Бейімделушіліктер қалай пайда болады?
  3. Бүркеніш реңнің түрлерін атаңдар.
  4. Сақтаңдырғыш реңді мысалдармен дәлелдеңдер.
  5. Еліктеуші рең қандай организмдерге тән?
  6. Қызықтырушы рең мысалдары,бұл рең қай кезде пайдалы?
  7. Өсімдіктердегі еліктеуші реңнің мысалдары қандай?

Қорытынды:

  1. Организмдердің тіршілік ортасына түрліше бейімделуіне негізгі себепші – сұрыпталу.
  2. Бүркеніш рең – ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік.
  3. Сақтандырғыш рең – улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән бүркеніш реңнің түрі.
  4. Қызықтырушы рең – организмдердің көбею кезіндегі бүркеніш реңнің түрі.
  5. Қауіп төндіруші рең – жауынан қорғану үшін айбар шегіп құтылу тәсілі.
  6. Табиғаттың өлі заттарына және тірі организмдеріне еліктеу – өздігінен қорғана алмайтын, баяу қозғалатын дәрменсіз организмдердің бейімделушілігі

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

Ұрпағына қамқорлық-жануарлардың ортасында ұрпақтарын жауынан қорғау үшін әр-түрлі бейімделушілік белгілер қалыптасады.

Физиологиялық бейімделу-бейімделушіліктердің барлығы тек физиологиялық бейімделішілікпен үйлескенде ғана тіршілік үшін күресте жеңске жетеді.

Бейімделушіліктің салыстырмалы сипаты-организмдердің орта жағдайына  бейімделушілігі ұзақ жылдар бойы тарихи даму процесінде қалыптасты.Бірақ табиғатта тіршілік жағдайларына  мүлдем бейімделген түрлер жоқ , бейімделушіліктің барлығы тек салыстырмалы.Егер тіршілік еткен орта жағдайы өзгере қалса  бейімделушілік организмді құтқара алмайды.

ІҮ.Бекіту кезеңі  А)Әңгімелеу

В)Негізгі мағлұматтарды талдау,анализдеу,анықтаманы жазу

С)Тақырып соңындағы сұрақ пен тапсырмаларды орындау,кесте толтыру.

       3 — зертханалық жұмыс

      Организмдердің бейімдеушілігі – табиғи сұрыпталудың нәтижесі

      Құрал-жабдықтар: әр түрлі жолмен таралатын тұқымдардыңжинақтамасы (қарағаш,терек,қайың,үйеңкі,шаған,бақбақ,шоңайна,итошаған),жидектер,көбелектер мен қоңыздардың жинақтамалары,суреттері,кактус,алоэ өсімдіктері,оқулықтағы суреттер.

Орындалатын тапсырмалар

  1. Қарағаш, қайың, үйеңкі (табылғандарының біреуін талдаса жеткілікті) ағаштарының қанатты жемістері (тұқымы да) қандай жолмен таралуға бейімделгенін анықтау.
  2. Шоңайна, итошаған тұқымдары (жемістері де) қалай таралуға бейімделген, ерекше сипаты (белгілері).
  3. Жидектердің жинақтамасы (бар болса) мен суреттерін пайдаланып, қандай жолмен таралатынын талдап, ерекшелігін көрсету.
  4. Оқулықтағы суреттен және табылса көбелектер мен қоңыздардан түкті ара, бал ара, жабайы аралардан бүркеніш реңнің формаларын ажырату.

Барлық бейімделушіліктер эволюция процесінде қалай пайда болғандығын және оның салыстырмалы екендігінен хабарлама жазыңдар.

Жұмыс қорытындысында түсінгендеріңді кестелерге толтырыңдар.

Р/с Өсімдіктер Бейімделу сипаты Таралу жолдары

 

 

Р/с Жәндіктердің аты            Бүркеніш реңнің формалары
сақтандырушы Қауіп төндіруші еліктеуші

Қорытынды:

1.Түйсік-сезімдік бейімделу мінез-қылықтарымен ерекшелінеді.

2.Ұрпағына қамқорлық – бейімделушіліктің бір түрі.

3.Тіршілік ортасы, өзгеріс, бейімделушілік организмдерді құтқара алмайды, сондықтан бейімделушіліктер салыстырмалы.

Ү.Үйге тапсырма беру.