Тұрғындардың су тасқыны мен сырғымалар кезіндегі іс-әрекеті

133

Тақырыбы:  Тұрғындардың су тасқыны мен сырғымалар кезіндегі іс-әрекеті
Мақсаты:
Білімділік:  Су тасқыны мен сырғыма туралы түсінік беру, одан қорғану, көмек беру жолдарын меңгерту;
Дамытушылық:  Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының қызығушылығын, ой-өрісін, есте сақтау  қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Жер бетіндегі және жер астындағы суды тиімді пайдалануға, суды ластамай, қорғауға баулу.
Түрі:  таным сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап,ой жинақтау,ой қорыту, түсіндіру                                   Көрнекілігі:   интербелсенді тақта
Барысы                                                                                                                                                 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
3.Таным сабағы

Су  тасқыны.  Бұл  құбылыс  та  біздің  елімізде     жерімізде  жиі  болып  тұрады.   Тек  соңғы   бес  жылдың  ішінде,   Атырау   облысының  өзінде  ғана   бірнеше  су  тасқыны  болды.   Бұл  өзгерістердің   барлығы    тек  табиғат  күштерімен  ғана  болып  жататын   құбылыстар.   Әсіресе,   Каспий  теңізінің   тасуынан     Құрманғазы,  Исатай  аудандары   көп  зиян   шегуде.  Мал,  қора,   қыстақтар,  үйлер  суға  кетуде.

Жайық,   Ойыл,  Эмбі  өзедерінің   суының  көтерілуінен  Қызыл-қоға,  Жылой,  Махамбет  аудандары   көп зиян   шегіп  отыр.  Каспий    теңізі  мен  Жайық   өзендері   Атырау     қаласына   қауіп   төндіруде.  Бұған  қарсы  облыс  басшылары   тиісті   шаралар    қолданып  (жағаны  бекіту,  елді  мекендерді  қауіпсіз   орындарға  көшіруді),  күрес  жүргізуде.   Осындай  жағдай  2003-2004 жж. Шардара  су  қоймасында,   Сырдария  өзенінің   батысында  болып,  үлкен  материалдық шығын  әкелді.

 Су тасқыны кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Су тасқын кезінде, егер сізде уақыт бар болса, онда үйден кетпей тұрғанда газды сөндіріп және электротехникаларды сөндіру керек, өзінмен бірге керекті азық-түлікті (2-3 күнге), киімдерді, дәрілерді жинап алу керек.
  2. Егер су тасқыны ашық жерде немесе орманда болса, онда жылдам биік жерлерге (ағашқа немесе басқа бір затқа) ұстанып қалу керек.
  3. Егер сіздің жолынызда өзен тасқыны болса ең біріншіден тайаз (мелкое) жерді іздеп көріңіз.
  4. Сумканы немесе рюкзакті сулап алмау үшін жоғары орынастырыныз. Егер оларды өзініз ұстасаныз онда рюкзакты иықа бір лямкаға ғана ілініз, өйткені, егер сіз суға құласаныз рюкзакті оңай тастасалуға болады.
  5. Судың тереңдігін білу үшін, ұзын таяқты алыныз.
  6. Суға бір аяқты мықты қойғаннан кейін ғана екінші аяқты көтерініз, судын ағына қарай бұрыш жасап қырынмен абайлап жүрініз.

Егер сіз топтың ішінде өзенді өтіп жүрсеніз, онда бір адам өзеннің арғы жағын жіптің бір соңын алып ағашқа немесе тасқа байлап қою керек. Келесі адамдар бір қолымен жіпті екінші қолмен таяқты ұстап өзенді өтуге тиісті.Егер сізде жіп, арқан болмаса және сіз топпен өзенді өтіп жатырсындар, онда бір бірлеріңіздің иықтырыңыздан ұстап, бір-біріне сақтандыру жасап абайлап бірдей немесе кезекпен аяқтарын басып өзенді өту керек.

Сырғыма. Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады.  Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Сырғымаға қалай дайындалу керек:

Сырғымалардың мүмкін болу жерлері мен мөлшермен шекарасы туралы ақпаратты зерделеңіз, сырғыманың пайда болу қаупі туралы хабарлау дабылын, сонымен қатар осы дабыл берілген кездегі іс-әрекет тәртібін есте сақтаңыз. Ғимараттардың есіктері мен терезелерінің ашылмай қалуы, сырғымақауіпті жартастар судың шығуы — бұл келе жатқан сырғыманың белгілері болып табылады. Жақындап келе жатқан сырғыма белгілері пайда болған кезде жақын маңдағы сырғыма станциясы бекетіне хабарлап, олардан ақпарат күтіңіз, ал өзіңіз ахуалға байланысты әрекет жасаңыз.

Сырғыма кезінде қандай әрекет жасау керек:

Сырғыманың пайда болу қаупі туралы дабыл алған кезде электрқұралдарын, газ аспаптары мен су құбырлары желісін ажыратып, алдын ала әзірленген жоспар бойынша дереу көшуге дайындалыңыз. Сырғыма станциясының анықтаған сырғыманың ығысу жылдамдығына байланысты, қауіпті есепке ала отырып, әрекет етіңіз. Ығысудың әлсіз жылдамдығында (айына метр) өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қарай әрекет етіңіз (құрылысты алдын ала дайындаған орынға көшіріңіз, жиһазды, заттарды тасыңыз және т.б.). Сырғыма ығысуының жылдамдығы тәулігіне 0,5 – 1,0 метрден көп болса алдын ала өтелген жоспарға сәйкес көшіңіз. Көшу кезінде өзіңізбен бірге құжаттарды, құндылықтарды, ахуалға байланысты және әкімшіліктің нұсқауымен жылы заттар мен азық-түлік алыңыз. Дереу қауіпсіз жерге көшіңіз, және қажет болса құтқарушыларға қазуға, опырылымдардың астынан зардап шеккендерді алып шығуға және оларға көмек көрсету үшін жәрдемдесіңіз.

Сырғыманың ығысуынан кейінгі әрекет:

Сырғыманың ығысуынан кейін сақталып қалған құрылымдар қабырғаларының, жабындарының жағдайы тексеріледі, электр-, газ-, сумен жабдықтау желілерінің зақымдануы анықталады. Егер де Сіз зардап шекпесеңіз, онда құтқарушылармен бірге зардап шеккендерді үйінделерден алып шығыңыз және оларға көмек көрсетіңіз.

 

 

ІҮ. Судың пайдасы мен зияны.                                                                                                                                   1.Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Бірақ, біз суға қандай құпия жасырылғанын білеміз бе? Ол қашаннан бері бар? Бұл сұрақтардың жауабын судың өзінен іздеу керек шығар. Судың о бастағы мөлшері қандай болса, бүгінде сол қалпынан айныған емес. Бір қарасаң, су – сол баяғы біз білетін құрамы мен белгілері бар сұйық зат. Бірақ зерттеу нәтижелері тіпті керемет дүниелерді анықтады.
«Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез – келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», – деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао – Цзы жазған болатын.
Су -тіршілік көзі.Сусыз тіршілік ететін  ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.Су табиғаттағы ең көп тараған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрылық.Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
(интерактивті тақтадан бейне материал)
Күн сәулесі қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.
Топырақтан,өсімдіктерден,жануарлардан буланған су буы ауа қабатына көтеріледі.
Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып,бұлт түзеді.
Бұлт ауаның ағысымен,қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрылыққа қайтып оралады.Бірақ ұзақ тұрақтамай Күн қыздырғанда қайтадан буланып ауаға көтеріледі.
Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді.Онда өсімдік қорегіне айналып,құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Жайқалып шөптер,бұйраланып бұталар, бой түзеп ағаштар өседі
Жер бетіндегі су тұщы және ащы болып бөлінеді.Ащы су- бұл  теңіз,мұхит сулары,ал тұщы су-өзен,көл,жер асты сулары.Жердегі әрбір 100 литр судың 98 литрі тұзды су.2 литрі тұщы су.
Интернет,кітап,журналдардан оқып ,судың адамдар сияқты ести білетінін және олардың да есте сақтау қабілеті бар екенін білдім (сиқырлы тақтаға көңіл аударыңдар)
Яғни, су магнитофон таспасы сияқты, не естілсе, соның бәрін жазып алып отырады. Естиді, түйсінеді, ұзақ уақыт бойында сақтайды.
Жапон елінің ғалымы Эмотто Масарудың  мынадай тәжірибесіне көңіл аударайық.. Ыдыстарға күріш салып оның үстіне су құйып бір ай бойы бірінші ыдыстағы суға РАХМЕТ,екінші ыдыстағы суға СЕН АҚЫМАҚСЫҢ, ал үшінші ыдысқа тіпті көңіл бөлмейді.Бір айдан соң қараса бірінші ыдыстағы күріш бөртіп ,судан жағымды иіс шығады. Ал екінші ыдыстанғы күріш қарайып кеткен,ал үшінші ыдыстағы күріш те, су да көгеріп кеткен.Бұдан біз судың жақсы сөз,көңіл бөлуді ұнататынын байқауға болады.
Су музыка да тыңдай біледі екен.(жасалған тәжірибені интерактивті тақтадан көрсету)  Музыка тыңдағанда  Судың  құрылымы өзгерген .
2.Судың жақсылығымен қатар бізге тигізетін зияндары да бар екен.Теңіздерде қатқан мұздар еріп су тасқынына әкеліп соғады.Желдің қатты соғуынан ,жер сілкінуіне теңіз, мұхиттарда цунами яғни жерді су алу. Бұл судың жылдамдығы реактивті ұшақтың жылдамдығымен пара-пар.
Бұдан көптеген елді мекендер азап шегеді.Осы сияқты  су тасқыны біздің Қазақстанда да болды  (қай жерде болғанын сұрау, Қызылағаштағы жағдай).
Арал теңізін алып көрейікші .  Аралдың суы тартылып ,тұздар ұшып адамның денсаулығына,өсімдіктерге зиянын тигізуде. Балалардан сұрау). Завод ,фабрикалардың  қалдық суларының әсерінен өзен,көлдер де ластануда.

Ү. Шығармашылық жұмыс
1-топ
Су туралы мақал-мәтел жазу.
2-топ.
Су туралы тиым сөздер жазу.
3-топ.
Су туралы жұмбақ  жаз

1-топ.
Судың пайдасы туралы әңгіме жазу
2-топ
Судың зияны туралы   әңгіме жазу
3-топ
Суды қалай қорғауға болатыны  туралы әңгіме жазу.
ҮІ. Қорытындылау.

   Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.

Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.

Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарыңмен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сендер бұндай жағдаймен кездесеңіз сабырлық сақтау керек – сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына  мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.