Жамауды геометриялық фигура түрлерінде пішу.

Сабақтың тақырыбы:

Жамауды геометриялық фигура түрлерінде пішу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Киімді жапсырмалап және сәндеп жамауға үйрету.
  2. Жамауды геометриялық фигура түрінде піше отырып, оқушы белсенділігін арттыру. Қол тігісіне үйрету.
  3. Киімге ұқыпты қарап, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Геометриялық фигуралардың үлгісі.

  1. Жамау түрлері.
  2. Қауіпсіздік ережелері.

А) Ине, жіп, қайшыларды арнайы қорапқа сақтау.

Ә) Жіпті тісіңмен қима.

Б) Өтпейтін қайшымен жұмыс жасама.

Пәнаралық байланыс: геометрия, математика, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

А) Киімді жөндеу деген не?

(Жамау-бұйымның жыртылған, сөгілген жерін бүтіндеу.)

Ә)  Жамау. Жамаудың қандай тәсілдерін білесіңдер?

(көктеу. Торлау, желімдеу, жапсырмалау, кестелеу)

Б) Сәндік жамаудың негізгі ерекшеліктерін түсіндіңдер ме?

В) Жамау матасы жыртылған аумағынан неше сантиметр артық болу керек?

(1-2см)

ІІІ. Үй тапсырмасын орындалуын тексеру және бағалау.

Жаңа сабақты түсіндіру.

І. Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысын ашу.

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

А) Бүгінгі тұрмысымзда үй жиһаздарының бірі  жаю, қандай сән үлгісімен шығарылуда?

Яғни, кілем өрнектері.

Жауап: геометриялық фигуралар түрінде.

Геометрия сөзін қазақша аудардғанда қалай аталады?

(жер өлшеу)

ІІ. Жаңа сабақ жоспары.

  1. Киімнің жыртылған жерін жамау мен сәндік жамау айырмашылығы.

Геометриялық фигураларды сәндік жамау ретінде көп қолданылады. Әжелеріміздің жамауы қажеттіліктен, киімді күту мақсатында жамалады. Ескісін сақтаса жаңасы ұзақ киілетін еді. Жамау жамау ұқыптылық пен үнемділікке тәрбиелейді. Әжелеріміз жамау кезінде геометриялық фигураларды өте әдемі келтірді.

  1. Қазіргі сән үлгілері туралы.

Қазіргі кезде жамау көбінесе әр түрлі фигурада сәндік үшін жамалады. Қазіргі сән үлгілері киім үшін, үй жиһаздары үшін геометриялық фигура болып тұр.

  1. Түстердің үйлесімділігі.

Киімдерді жамағанда және сәндік жамау жапсырғанда түстерінің үйлесімділігіне көңіл бөлу керек.  Түстері бір-бірімен дұрыс үйлестірілсе, олар түстік рең береді.түстік реңдері жылылау, суықтау, қызғылттау, көгілдір сарылау болады.

  1. Қауіпсіздік ережелері:
  2. Инені көпшікшеде ұста.
  3. Жіпті тісіңмен қима.
  4. Жолдасыңа кедергі жасама.
  5. Жұмыс барысында үтікті құрғақ қолмен қосу.
  6. Үтіктің қатты қызып кетпеуін қадағалау.

Сарамандық жұмыс.

Жамауды геометриялық фигуралар түрінде пішу.

Қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, сантиметрлік лента, оймақ, қатты қағаз.

Нұсқау карта.

ҮлгіОрындау тәртібі
1.     Жамау үлгісін қағаздан қиып алу.

2.     Бүлінген жерді дөңгелектеп кесу.

3.     Жамауды екі есе үлкен етіп қиып алу.

4.     Жамауды бет жағынан, бұйымның ішкі жағынан жапсырмалап бекіту керек.

5.     Жамауды жиі қайып тігіспен тігу керек.

6.     Тесіктің бет жағынан тіліктер салу.

7.     Тесіктің тілінген жерін жамауға жиі қайып тігісімен бекіту. Жамаған жерді іш жағынан, содан кейін бет жағынан үтіктеу. Үлгіні альбомға жапсыру.

 

Оқушылар мен келген қонақтарға геометриялық фигураларды тарату.

Таңдаған фигураңды ал.

Дөңгелек, шеңбер – мәңгілік, ай, күн.

Үшбұрыш – аспан, жер, су. Аспанымыз ашық болсын.

Төртбұрыш – дүниенің төрт бұрышы қай жерде де аман болсын.

Таңдаған фигураларына қарай оқушылады топқа бөлу.

Сарамандық жұмысты оқушылар топқа бөлініп жасайды. Оқушылар жұмысын қадағалап отыру. Мата таңдауына, түстерді сәйкестендіруіне көңіл бөлу.

Бекіту:

  1. Егер кастюм немесе халат тоқыма жемпірдің жағасы торлы болса оның төменгі жағын бір деніне іліп кет. Осы жерде қандай түстен жамау жамауға болады?
  2. Сәндік жамау кезінде түс ерекшелігі ескеріле ме?

Қорытындылау:

  1. Оқушылар жұмысын тексеріп пікірлесу.
  2. Ескерген, ескісін сақтайды.

(халық даналығы) осы сөзді талдау.

Үйге тапсырма:  жұмыстарын аяқтау.