« Ою-орнек шежіресі»

« Ою-орнек  шежіресі»

Оразбибі Исақызы Жарылғасова

Мұнайшы кенті №7 орта мектебінің

Технология пәнінің мұғалімі.

Маңғыстау облысы .Қарақия ауданы.

 

 

Бір өрнекке салып қиып алған үлгіні ою дейді, Ал өрнек деп әр түрлі Ою-өрнек ата бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Қазақ халқының ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп.

Ертеде ата-бабаларымыз ою-өрнектерінің өзіндік қыр-сырын жете меңгере білген ою-өрнек дүние жүзі халықтарының барлығына тән өнер. Ою-өрнек халқымыздың мәдени шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сулулыққа ұмтылған әсем дүниелер жасауда айнала қошаған табиғаттан үлгі алған,

Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласын ж/е ұлттық келбетін осы ою-өрнек  арқылы бейнелеген.

Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу,сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа,тасқа сүйекке ала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті. Қазақтың ұлтық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпакқа мұра болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

 

І Сабақтың мақсаты: а) білімділік:

Ою-өрнек туралы терең білім беріп сәндік қолөнерге ынтасын арттыру ж/е аялы                 көзкарасын қалыптастыру.

ә) дамытушылық:  Оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге, шеберлігін, ісмерлігін, икемділігін дамыту.

б ) Тәрбиелік: Оқушылады ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке,ұлттық қолөнерді біліп тануға тәрбиелеу.

ІІ Сабақтың түрі: Сұрақ-жауаб, түсіндірмелік

ІІІ Сабақтың көрнекілігі: ұлттық, ою-өрнектер,тест сұрақтары:

ІV  Сабақтың барысы:  І ұйымдастыру:

а) оқушыларды түгендеу:

ә) Сынып тазалығына назар аудару:

б) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру:

ІІ Өткен сабақты қайталау:

Тестке жауап  беру.

ІІІ Жаңа сабақ:

Ата-бабаларымыз өзін қоршаған  ортаға қарап, жан-жануарлар мүсінін, мүйізін керекті бұйымдаға, заттарға дәл бастырып көрсете білген. Ою-өрнекті әйел, ер адамдардың киімдеріне- бешпет, тон, камзол, шапан, тақия, сәукеле, кажекей, көйлекке өз үйлесімімен сала білген. Қазақ шеберлерінің қолданатын ою-өрнегі өте көп.

Ою-өрне өте ежелгі өнер, оның ұзақ та қызық тарихы бар.

Сұрақтар:

1 «Оюы көптің өрнегі көп,

      өрнегі көптің ермегі көп» — деп кім айтқан? (ф.о)

2 «Онер сыры-өрнекте»  Кімнің сөзі? ( Ә. М)

3 « Ою ойғанның ойы ұшқыр» -деп кім айтқан  (Ф.О)

4  Ою дегеніміз не?

5 Өрнек дегеніміз не?

6 оюшы деден кім ?

7 Ою-өрнектердің түрлкрін ата?

    Өнер  өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп , жемістене

береді.

Өю-өрнек жаңа түр жаңа мазмұн береді.

    Мүйіз тектес ою-өрнектер:

«Қошқар мүйіз» —әл ауқаттың, жақсылықтың, молшылықтың белгісі.

Қазырғы қолөнер туындыларының барлық түрінде қолданылады.

 «Қолтық оюы» —бұл ою хош келдіңіз деген қошамет  қонақжайлылықтың белгісі.

Қөбіне текеметке слады.

« Түйе табан» — жібек жол сауда заманында қолданған. Саудагердің шапанына салған  ою.

«Ирек» — адамның өмірінің ирек-ирек жолын, меңзеді, Көбіне бұйымдардың шеттеріне салынады.

«Бірқисық жол дүние бұраңдаған,                                                                                              Басқа дәулет бақ тайса құралмаған» деген өлең жолдары да бар.

«Жыланбас»— көбіне балалардың тақиясына салынады.

 Атабабаларымыздың ұрпаққа деген өсиет үлгісі өнер, білім арқылы жеткен.

Тест сұрақтары:

1 Қазақ  ою-өрнектерінің тарихы қай көне мадениеттен басталады?

а ) сақ             ә) Андронов             б)  ғұн.

2 Жаңа тұған нәрестеге арналған бұйымдарға кай ою салынған?

а ) зооморфтық,      ә ) геометриялық               б ) өсімдік тектес

3 Гүл оюы нені бейнелейді?

а ) бейбітшілікті      ә ) қуанышты:             б ) дарқандықты.

4 Текеметтің бетіне қандай оюлар салынады?

а ) ұсақ,               ә ) өсімдік тектес,               б ) сыңарөкше.

5 Ою- өрнектің неше түрі бар?

а ) 300,                ә) 400,                                  б ) 500

V Қортындылау:

Бүгінгі сабақта жұмысын жақсы жасаған оқушының жұмысын көрсету.

VI Үйге тапсырма:

Ою-өрнек туралы ізденіп, дәптерлеріне мазмұнын жазып келу.