«Топырақтану туралы ұғым»

138

Сабақтың тақырыбы: «Топырақтану туралы ұғым»

Сабақтың мақсаты:

а) Дамытушылық: агротехникалық білімін дамыту

ә) Білімділік: топырақ туралы ой-өрістерін дамыту

б) Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Саба әдісі:Сұрақ-жауап, тәжірибе.

Сабақтың байланысы: Дүниетану, әдебиет.

Сабақ көрнектілігі: топырақ қабаты, сызбасы, плакат.

Сабақ жабдығы: Шыны әйнек, құм, саз, қара шірік салынған ыдыс, су ыдысы,       мақал- мәтел, сөзжұмбақ.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

а)   амандасу;

ә)   түгелдеу;

б)   жинақтау;

  1. Негізгі бөлім.

Топырақ – жер қыртысының үстіңгі қабаты, ол тау жыныстарының бұзылуы және өсімдк пен жан-жануарлардың, организмдердің қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған, топырақтану ілімі топырақтың (ілімін) құрамын, қасиетін, табиғатын, дамуын, оның пайдалануын зерттейді. Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу XVІІ ғасырдың аяқ кезінен басталды.

Бұл топырақ тараған аймақтың жасына, ауа-райына, жер бедеріне, өсімдік пен жануарлар дүниесіне, адамның тршілік әрекетіне байланысты ұзақ жылдар бойы қалыптасты.

Таза тау жыныстары өнімсіз болады, оларға ешқандай өсімдік өспейді. Жердің өсімдік өсетін беті құнарлы қабаты топырақ деп аталады. Ауыл сыртына шығып, топырақты күрекпен аударып қараңдар.Оның беткі қабатының түсі қоңыр екенін байқау қиын емес, әрі қарай қаза түсесіңдер, бірте-бірте бозғылт тарта береді. Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығы-қарашірік. Беткі шымды қабатын мұқият қараңдар. Топырақтың қандай түрлері болады?

Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі түрліше болады. Неғұрлым қарашірік көбірек болса, соғұрлым топырақтың түсі қоңырқай тарта береді, оның құнарлығы да арта түседі. Қарашірік бәрінен де қара топырақта көп болады. Даланың қара топырағына егілген дәнді дақылдардан мол өнім алынатыны міне содан. Қара топырақ біздің Республиканың солтүстік өңірін алып жатады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жауын-шашының түсуі азайып, оның да көбі буланып кетеді. Өсімдік қалың болып өсуге ылғал жетіспейді. Сондықтан топырақ оңтүстікке қарай бозғылт тарта түседі. Жақсы өнім алу үшін, суару керек. Солтүстікке қарай топырақтың құнарлығы кемиді. Күлге ұқсас, сарғылданып кетеді. Оңтүстік аудандарда ақшыл қабыршақты сор екені көрінеді. Артық тұз өсімдікке зиянын тигізеді.

 

                                       Сарамандық бөлім.

Бақылау арқылы табиғаттың көптеген сырын ұғынуға болады. Бірақ оның сырын зерттеу үшін бақылап қана қою жеткіліксіз, оған да тәжірибе жасау керек.

Мысалы: өздері білетін құм мен сазды алайық. Саз илеп, талай рет ойыншық жасаған боларсыңдар. Сонда сен ол саздың неге иленетінін білесіңдер ме? Ал құм илеуге келмейді. Бұл неліктен? Мұны білу үшін мынадай тәжірибе де жасауға болады.

Тәжірибе

Екі шыны шұңырақ алыңдар. Астына ыдыс қойыңдар. Екеуінің де түбіне жұқалап мақта салыңдар. Шұңыраққа салынған саз бен құмның деңгейі бірдей болсын. Олардың үстіне жарты стаканнан су құйыңдар. Енді қай шұңырақтағы су тез ағып кетеді.Сазға құйылған су тамшылап қана тұрады.Сазды қолдарыңмен ұстап қараңдар. Оның иленіп, балшыққа айналғанын байқайсыңдар.Ал құмнан қандай құбылыс байқадыңдар? Оы тәжірибеден мыналарды:

  1. Құм суды бойынан тез өткізетінін;
  2. Саз суды жай өткізетінін;
  3. Саз бойына су жинап балшыққа айналатынын;
  4. Сазды илеуге келтіретін оның бойындағы су екенін білуге болады. Біз бұдан тәжірибе арқылы саз бен құмның қасиетін көрдік.

 

І-тәжірибе:

Топырақтың құрғақ бір кесігін алда, стакандағы суға сал. Су бетінде көпіршік пайда болады. Бұл топырақта ауа бар деген сөз.

 

ІІ-тәжірибе:

Бір уыс топырақты қаңылтыр қалбырға салып отқа қойыңдар. Топырақ қыза бастағанда үстіне салқын шыны ұстаңдар.Шынының астыңғы бетіне су тамшылары қона бастайды. Олар қайдан пайда болады? Топырақты қыздырғанда оның құрамындағы су буланып, салқын шыныға жанасқанда, бу қайтадан су тамшыларына айналғанын байқау қиын емес.Бұл топырақ құрамында су болғандығы.

ІІІ-тәжірибе:

Топырақты одан әрі қыздырыңдар.Қалбырдан қоңырсып, түтін шығады. Түтіндеп жанып иістенген өсімдік-жәндік қалдығы – қарашірік. Егер от күшті жанса, қарашірік түгел жанып кетеді де, топырақтың түсі бозарады.

ІҮ-тәжірибе:

Қарашіріктен ажыратылған топырақты стакандғы суға салып араластырыңдар. Тұнғаннан кейін қарасаңдар, Судың түбінде екі қабат шөгінді пайда болғанын көресіңдер. Олар құм (астында) және саз (үстіндегі) шөгінділері. Бұл тәжірибеден  топырақты негізін құм мен саз құрайтындығын байқайсыздар.

 

Қорытынды:

Топырақ қарашіріктен, құмнан және саздан тұрады. Топырақта ауа мен ылғал болады.

Қорту:

Топырақтану ұғымы туралы не ұқтық? Топырақ ол адам өмірі үшін қай салада да, мол азық алуда да, оны күтіп, баптауды қажет ететін шикі зат.Оны тани, тазалау, өңдеу технологиясын игере отырып, көптеген игі істер жасауға болады.

Бұл да басқа ғылым, зерттеу саласы. Оның агротехникалық, минералдық, технологиялық салалары бойынша көптеген жұмыстар жасауды қажет етеді.

Бағалау:

Тәжірибе бойынша жеке – жеке бағалау.

 

Үйге тапсырма:

Өздерің табиғаттан көргендеріңді байқаңдар.