Ет пен балықтың азықтық құндылығы.

 

 

 

 

 

Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,

                                                                                 Бабалардың жалғастырар арманын.

                                                                                 Сан ғасырда салтын бұзбас, қадірлі

                                                                                 Өткенімді бүгінгімен жалғадым.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ет пен балықтың  азықтық құндылығы.

                          9 сынып.

                          Технология пәні.

Мұқтарова Қайныш.

ШҚО. Абай ауданы. Құндызды селосы.

Ш.Абенов атындағы орта мектеп.

 Телефон:           95-5-39       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

                АКТ қолданудағы сабақтың түсініктеме хаты және талдауы.

 

 

 

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда сабақтың алатын орны ерекше.Өйткені оқу — тәрбие жұмысы осы сабақ процесінде беріледі. Сабақ кезінде мұғалімнің алдына қойған мақсаты-оқушы білімінің терең де тиянақты болуын қамтамасыз ету. Сабақта қолданылған әдіс — тәсілдер осы мақсатты жүзеге асыру бағытында өтті

Сабақта проблемалық ситуация, эксперимент, эвристикалық тәсілдер қолданылды.

Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың оқу процесіне, технология пәніне деген қызығушылығын, ынтасын, оқу материалын меңгеруге белсенділігін арттыра білді.

Оқытушы Мұқтарова өз сабағында алдын – ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындаған.

Слайдтарға негізгі сұрақтарды, тапсырмаларды және сабақта белсенділікпен қызығушылықты тудыратын ақпараттық объектілерді кірістірген.

Оқытушы сабақ барысында интерактивтік тақта арқылы басқарып отырды.

Музыка, әдебиет, биология, география, бейнелеу, математика пәндерімен және медицинаны байланыстырып компьютерді қолдана отырып өткізген кіріктірілген сабақ оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта түсті.

Оқытушы Қ.Мұқтарова ақпараттық технологияны пайдалануда ізденіспен еңбек етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ет пен балықтың азықтық құндылығы.

Мақсаты:

а) Білдімділігі: тамақ түрлерін  жасай білуді, оның жасалу жолдары туралы түсінік беру

ә) Дамытушылығы: тамақ әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қабілеттерін дамыту

б) Тәрбиелігі: қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға, ас мәзірін дайындауда тиянақты, жинақы, таза істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, мақал-мәтелдер гүлдер, суреттер

Эпиграф: Болады қыздың аты затына сай,

Ниет етсең, болуға өнерге бай.

Артық емес, үйрен де жирен деген,

Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.

Сабақтың түрі: топтық жарыс.

Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиет, биология, бейнелеу, география, медицина,

информатика.

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылар түгендеу

ә) топқа бөлу: 1 — Балық

                                                      2 — Ет

1-тапсырма

Әр топ өз аттарын қорғау

2-тапсырма.    «Тапқырлық»

Кел, балалар,ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық — деп жұмбақ шешіп көрейік.

  1. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың   ( тұз )

  1. Сүйегі бар, қаны бар

Бірақ емес жануар           ( балық )

3.Мен болмасам егер де,

Көзің жақсы көре ме  ?

Жетіспесем ағзаңда

Бойың биік өсер ме ?    ( А дәрумені )

  1. Менсіз жүйке шаршайды,

Ашуланып, саларсың кеп айқайды.

Қан азайып, әлсірейді жүрегің,

Асқазаның ас қорыта алмайды.   ( В дәрумені )

  1. Мен болмасам бойыңда,

Тісің дұрыс өспейді,

Ішкен асың бойыңа

Жөнімен тарап сіңбейді.      ( С дәрумені )

  1. Мен жетіспей қалғанда

«Мешел» болып өсесің,

Қаңқаң қисық болғанда

Өкінумен өтесің           ( Д дәрумені )

3 – тапсырма. Бәйге ойыны бойынша жеті құпия.

  1. Биология.

ШҚО. Абай ауданы, өзіміздің Құндызды ауылында көп кездесетін «Шипалы бұта» деп  алатын жемісі бар бұталы өсімдік, құрамында С витамині көп. Ол қандай өсімдік ?

( итмұрын )

 

  1. Медицина.

Авитаминоз қандай ауру ?

( Бұл ауру ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақ құрамында тиісті

 

дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру)

  1. Әдебиет.

Төрт түлік жырларында кездесетін Қамбар ата деген кім ?

( Ертедегі адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген. Үйір-үйір жылқыны шұрқырататын шаруаның бір пірі- Қамбар ата .Сондықтан төрт түліктің иелерінің әрқайсысына «Малымызға ауру, індет жіберме, одан сақтай көр, малымызды өсімтал ет» -деп тіл қатқан)

  1. Бейнелеу өнері.

«Дастархан»  натюрмортының авторы кім ?   (Айша Ғалымбаева)

  1. Музыка.

Дастарханға байланысты қандай әндер білесіңдер ?  («Қазақы дастарханым» , «Дастархан-ау, дастархан» , «Елім менің» )

  1. Математика.

Аяғыңыздың размерін жазыңыз.

Аяғыңыздың размеріне 5-ті көбейтіңіз.Шыққан санға 13-ті қосыңыз. Нәтижесін  20-ға көбейтіңіз. Шыққан саннан туылған жылыңызды азайтыңыз. Шыққан санға 1750-ді қосыңыз.

Мысалы: 37 x 5 = 185

185 + 13 = 198

198 – 20 = 3960

3960 – 1999 =1961

1961 + 1750  = 3711                   37.    11.

( Демек жасы 11 –де ал, аяғының размері 37 )

  1. География.

ШҚО-да өсетін марал мүйізінен қандай дәрі жасалады ?   ( Пантакрин )

4- тапсырма. Аспаз- маман.

Ет және балықтан қандай тағам түрлерін дайындай аласың ? ( Оқушылар өздері дайындаған тамақ түрлерін таныстырады)

5- тапсырма.

1.Бас, жамбас, асықты жілік, ортан жілік, сүбе, омыртқа салынған жасы үлкен беделді кісілерге арналып жасалатын табақ түрі  ( бас табақ )

  1. Малдың басы, жамбасы, омыртқасы, қол жіліктің біреуі, қабырға салынып, сыйлы адамға тартылатын табақ түрі (сый табақ )
  2. Асықты жілік пен төс салынып тартылатын табақ түрі ( күйеу табақ )
  3. Ұлтабар мен жүрек салынып тартылатын табақ түрі ( келін табақ )

6-тапсырма. Асқа байланысты мақал  құрастыр.

  1. Ел, жүріп, таны, барда, асың, барда, жүріп, атың, таны, беріп, желіп.
  2. Ас, жаман, ауруға, ем, жақсы.
  3. Аттама, үстінен ас, үлкен, емессің,астан.
  4. Болады, ас, айран, ішсең.
  5. Ет, тісіңе, кіреді, түсіңе,кіреді, жесең, жемесең.

7- тапсырма.  Есіңде сақта

  1. Шикі етті, піскен етті талшыққа көлденеңінен кесу қажет.
  2. Етті дайындау соңына қарай тұздаған дұрыс, әйтпесе құнары мен дәмі кемиді.
  3. Үй жайында ет фаршын ұзақ сақтауға болмайды.
  4. Котлет үшін дайындалған жартылай фабрикатты дереу қуырған жөн.
  5. Ет нәрлі тағам, оны шамадан тыс артық жеуге болмайды
  6. Ет тез қайнауы үшін сорпаға тұзды бірден салмай қайнай бастағаннан кейін 20-30

     минут кейін салған жөн.

  1. Мұздалған етті баяу етіткен жөн.
  2. Жақсы қуырылған және піскен ет сүйегінен оңай ажыратылады

  8 – тапсырма.        Тест.

  1. Қой етін мүшелегенде нешеге бөлінеді ?

а) 12              ә) 13*            б)15

  1. Кәрі жілік малдың қай мүшесінде орналасқан ?

а) санда           ә) қолда*        б) қабырғада

  1. Бүйрекке жақын алғашқы төрт қабырғасы етек етімен алынатын мүше?

а) қабырға          ә) бұғана         б) сүбе*

  1. Асықты жілік, ортан жілік, жамбас малдың қай мүшесінде орналасқан ?

а) қолда                               ә) санда *                         б) арқасында

  1. Бөлшектеп туралған балық неше минут қуырылады ?

а) 5 минут              ә) 45 минут            б) 15 минут*

  1. Балық фаршынан не дайындауға болады ?

а) паштет, котлет, тұшпара *           ә) балық сорпасы.         б) омлет

7.Ет құрамында қандай дәрумендер құрамы болады ?

а) С                       ә) В тобы*            б) Р.

  1. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді ?

а) Коллория*           ә) Килограмм             б) Грамм

  1. С дәрумені қандай қышқыл деп аталады ?

а) Аскорбин қышқылы*          ә) Тұз қышқылы          б) Сода

9-тапсырма.   Қорытынды.

Сандарды  кішісінен үлкеніне қарай қойып, астындағы әріптерден сөйлем құра.

 

Тәбетіңіз ашылсын.

 

Не  үйрендік ?   Не үйренгіміз келеді ?

Бағалау.

Үйге тапсырма: ас мәзірін үйрену қыз бала үшін қажет пе деген сауал төңірегінде өз

пікірлерін жазу.