Мата туралы жалпы түсінік

157

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы №116 орта мектептің технология пәні мұғалімі Алиева Гүлбахрам Тыныштықбайқызы

5 — класс

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Мата туралы жалпы түсінік

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақ материалдарын өздерінің ізденісі  бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту, мата  туралы түсінік беру

Тәрбиелік: оқушылардың көркемдік іс-әрекет  дағдыларын қалыптастыра отырып , шығармашылық  көз-қарастарын қалыптастыру

Дамытушылық : мектептегі  еңбекке баулу және технология  пәндеріндегі мата шығару және өңдеу сабақтары жайлы түсініктеме беру және оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды  пайдалау  әдістерімен таныстыру

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, пікір алмасу,

Көрнекілігі: интерактивті тақта, топтамалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару
  2. Үй жұмысы: Топырақтану туралы ұғым

 Сөз төркінің тап:

Топырақ ең негізгі қасиеті -құнарлылығы
Құм мен құмдақ ұзақ жылдардың нәтижесінде пайда болады
Қарашірік суды нашар өткізеді
Топырақтың жер қыртысының үстіңгі қабаты
Саздақ жер суды неғұрлым көп өткізеді

 

Өсімдіктерді қоректік заттармен,

сумен ұдайы қамтамасыз етіп тұру

топырақтың құнарлылығына байланысты

Табиғи құнарлылық адамның әрекетінсіз

қоршаған ортаның әсерінен пайда

болады. Тың топырақтың жарамды

құнарлылығын егіншілікке

пайдаланғаннан кейін біртіндеп жасанды

құнарлылыққа айналады

Жасанды құнарлылық тек адамның

ұдайы өндіріс әрекеті арқылы жасалады.

Егінге неғұрлым  тұрақты әрі мол өнім алу

 үшін түрлі тыңайтқыштар беру арқылы

топырақ құнарлылығын арттырамыз

Топырақтың құрлысы:

Қатты бөлшектерден, ылғал мен ауадан құралады.

Топырақтың құрамы

Органикалық заттар мен қарашірік болады

Топырақтың қасиеті

Ауа өткізгіштік және су өткізгіштік

 

 

Р е б у с

 

 

Мата өнеркәсіпте киім – кешек тігу, төсек орын жабдықтарын тігу кезінде кеңінен қолданылады

Мата белгіленуіне қарай

Тұрмыстық      Техникалық     Арнайы

Мата жасау

Мата шығару үшін негізгі 

  шикізат талшық

Талшық — майда, жіңішке зат

Талшықтың түрлері

Табиғи талшық  Өсімдіктен жасалған  зығыр мақта

                               Жануарлардан жасалған   жүн жібек

 

 

 

 

 

Мақта – бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді. Мақтаның отаны – Индия , Оңтүстік  Америка. Ал бізде Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі

 

Адам үшін мақта өсімдігі пайдалы:

  • дәні (талшық үшін),
  • бұтағы мен қалдығы (мақта, қағаз, картон.)

 

Мақтаның құрлымы:

Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы 6-52мм-ге жетеді. Табиғи түсі – ақ, сонымен қатар қоңыр сарғыш,жасыл түстері де кездеседі.

 

Мақтаның гигроскопиялық қасиеті:

Өте жоғары.(гигроскопиялығы – қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті)мақта ылғалды тез өткізіп,тез кебеді.

 

Зығыр – зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар: салалы, жабайы, бұйра зығыр. Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіріледі.

Адам үшін зығырдың бәрі пайдалы:

  • Дәні (техникалық май),
  • сабағы (мата үшін талшық),
  • қалдығы (техникалық мақсатқа, кендір).

 

Зығырдың құрлымы:

Сабағы тік, биіктігі 1м-ге дейін жетеді. Талшық ұзындығы 15-20мм. Түсі ашық сұрдан жабық сұрға дейін болады.

 

Зығырдың гигроскопиялық қасиеті:

Ылғалды жақсы өткізеді, оңай жуылады. Мақтаға қарағанда ыстыққа төзімді, мықтығырақ келеді.

 

Сергіту сәті

Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

    Дүниеден жап жалаңаш өзі безді.    (ине)

 

        Екі басты жалмауыз,

Керіп аузын ашады.

 Алдына түскен нәрселер,

Өзінен өзі қашады.            (қайшы)

 

Қимылдаса қос шебер

Қыруар істі бітірер  (қол)

 

«Жалғасын тап» ойыны.

 Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мәнерлеп айту.  

1.Әке  көрген оқ жонар …

 

  1. Еңбектің наны тәтті,…

 

3.Шешеннің сөзі ортақ

 

             мақта                зығыр
Мақта талшығын колға ұстағанда өте жұмсақ. Жағып тексергенде ашық-сары түсті болып жанып, күйген қағаздың иісі шығады. Мата, тоқыма бұйымдар, тігін жіптер дайындалады. Мақта мата оңай жуылып, тез кебеді,жақсы тазаланады, жеңіл үтіктеледі. Мақта мата біркелкі иірілген жіптен тоқылады, оның беті тегіс болады. Бұл маталар негізгі жіп арқылы созылады, жуылған кезде сол арқылы отырады. Зығыр мата мақта матаға қарағанда мықтығырақ келеді. Олар негізгі және арқау жіп арқылы созылады, салмақты әріқалыңдау келеді. Ылғалды жақсы өткізеді, оңай жуылады. Мата беті тегіс, жылтыр және жіптің жуандығы әр түрлі болады. Таза зығыр матасы тез сетінегіш, мыжылғыш келеді және тез үтіктеледі.

 

Мақтаны алғашқы өңдеу

Мақта – мақта талшығы- алдын ала тазалау – мақтаның тұқымынан талшықтарын айыру- нығыздау

 

Зығырды алғашқы өңдеу –

Зығыр – зығыр сабағын суда жібіту – кептіру және жұмсарту – зығырды сабау – зығыр талшықтарын алу

Мата қазақ өлкесіне бұрын Ұлы  Жібек жолы арқылы Шығыс, Оңтүстік Азия елдерінен, кейін Ресейден тасып әкелінген.

 

 

Тоқылуына , сапасына, өрнектердің түрі мен әдемілігіне қарай матаныңәр түрлі атауы бар.Әсем,жанға жайлы қасиеттеріне сәйкес  халқымыз көбінесе қыздарының есімдерін  мата атауларымен атаған. Мысалы: Күлдәрі,Ұштап,Мақпал, Қырмызы,Жібек,Дүрия  т.б.

Ой – толғаныс

  1. Мата атауларын білеміз бе?

Масаты деп қандай матаны айтамыз ?   Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Масаты – жұмсақ түкті мата

Шидем дегеніміз не ?             Шидем шекпен кигенім, түлкі тымақ.

  Шидем – түйе жүніне тоқылған мата

Шай дегеніміз не ?  Шолпысы сылдырлап,шайы көйлегі сусылдап

Шайы – үлбіреген жұқа жібек мата

Бүлде деп нені айтамыз ?  Үлде мен бүлдеге оранып

Матамын  әркез төзімді,

Мақтадан алар бөзімді.

Үлкендер де кіші де,

Сәндікке киер өзімді

Көп жуса тез қысқарам,

Қажетімді білер ұстаған.

Бүктелсем де сан рет,

Үтіктелсем жақсарам.  (шыт мата)

Сәндік киім тігетін,

Қалың түкті матамын.

Ұлттық киім нышаны,

Қасиетті затқа жатамын.

Сондықтан да  аналар,

Қызына қояр атымды,

Атауымды кім табар,

Айта ғой қызым атымды    (мақпал)

 

Сабақты бекіту:       Мақта мен зығыр талшықтарын салыстыру

 

    Қасиеттері       мақта       зығыр
Түсі    
Беріктігі    
Жұмсақтығы    
Ығал өткізгіштігі    
Ұзындығы    
Қалыңдығы    

 

  Иә                    Жоқ

  1. Мақтаның түсі ақ па? Иә
  2. Зығыр мата бұйра зығырдан алынады ма? жоқ
  3. Мата талшықтан тұрады ма? Иә
  4. Табиғи талшықтарға лавсан, капрон жата ма?жоқ
  5. Мақта мықты,жұмсақ, жеңіл ма?иә
  6. Зығыр мата беті тегіс , жылтыр иә
  7. Гигроскопиялығы – қоршаған ортадан ауа өткізу қаиеті ма жоқ
  8. Мақта біржылдық өсімдік иә
  9. Зығыр жұмсақ мата жоқ

10 Мақта талшығын жаққанда қағаз иісі шығады иә

Хат тасушы ойыны

  1. Қазақстан Республикасының астанасы?
  2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қанша жыл толды?
  3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті?

 

Оқушыларды Бағалау

Үй жұмысы: “мата туралы жалпы түсінік” оқу

Мата аттарына байланысты сөзжұмбақ құрастыру