Шеберлер отауы

        Қалтай Мұхамеджанов  атындағы №1 мектеп-гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

Өнер  марафоны

Сыныптан  тыс  жұмыс

 

 

 

 

Сынып: 5 “а”

Пәні: Технология

Мұғалім: Ешпанова Лиза

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Қызылорда, 9 наурыз, 2012 жыл.

Сайыстың  мақсаты:

  • Технология пәнінен алған білімдерін насихаттау;
  • Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін

дамыту;

  • Ой-өрістері мен ынта- ықыластарын, еңбекке қызығушылығын арттыру;
  • Өз бетінше ойланып, жылдам шешім қабылдауға үйрету, эстетикалық талғамын дамыту.

 

Сайыстың барысы:

     І тур     Ұлттық өнер – асыл қазына

     ІІ тур       Дәстүрлі өнер

     ІІІ тур.  “Шеберлік шексіз өнерге бастайды”          

     ІҮ тур “Аспаздық деген бір өнер”

 

Әр сынаққа дұрыс жауап берген оқушыға жалауша беріледі.

 

Кіріспе.

“Шеберлер  отауына” келіңіздер!

Мұнда назар салып, көріңіздер.

Өнер мен білім сынға түскенде,

Шеберлікті өзіңізден іздеңіздер.

 

Алдымен білім деген

Бәйгеден озып келсең,

Актердің, Ақынның да

Жанына ғылым керек,

Бүгінде батырдың да

Өзіне білім керек.

 

Оқудың озатына,

Арман да таяу болар.

Білімнің боз атына

Мінбеген  жаяу қалар.

 

Ұлттық өнер – асыл қазына
І тур

Өрнегі  ашық білінген,

Ұлттық бұйым кәделі.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

1- сынақ:

Алдарыңыздағы 5 ұлттық бұйымның атын атап, не үшін қолданылатынын айтып беріңіздер.

 

 

      

 

 

2- сынақ.      Сұрақ – жауап.

  • Сыртқы бейнесі киіз үйге ұқсайтын бас киім қалай аталады?
  • Қымыз құйып, белге байлап жүретін ыдыс?
  • Киізден жасалатын өрнегі бар төсенішті қалай атайды?
  • Теріден тігілген, иықты жауып тұратын ер адамның бас киімі?
  • Қауырсыны тақияға, бөрікке тағылатын құс?

 

Дәстүрлі өнер


ІІ тур

Үлгісі көптің өнері көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.

Ақыл  көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

 

 

 

 

1- сынақ.

Суреттегі затардың атын айтып, оларға  сипаттама беріңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2- сынақ.  Жұмбақтар.

  1. Екі тышқан бірлесіп,

       Кесіп, пішіп береді.

 

  1. Саусағыңды қорғайтын,

     Темір қалпақ боламын.

 

  1. Екі қолы бар, екі беті  иілгенде,

     Жүз тісі  қақ бөледі бөренеңді.

 

  1. Табасың ұлттық киімнен,

    Қас шебердің үйінен.

 

  1. Мінгенге көлік, сойса соғым,

    Терісі киім болатын.

 

“Шеберлік шексіз өнерге бастайды”
ІІІ тур.

Өнер тұнған он саусақ,

Таусылмайтын ырысың.

Өнері жоқ он саусақ,

Бар болмай-ақ құрысын.

 

1- сынақ.

Суреттегі бұйымның жетіспейтін бөлшегін  орналастыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 – сынақ.  Жауабын тап.

 

  1. Киіз үйдің есігін қалай атайды?

(адалбақан, сықырлауық)

 

  1. Қалыңдықтың бас киімі?

(сәукеле, тақия)

 

  1. Өте жұқа, қымбат мата қалай аталады?

(велюр, шифон)

 

  1. Машинаның қозғалмалы бөлшегі?

(дөңгелек, корпус)

 

  1. Мата алынатын өсімдікті ата.

(мақта,  қамыс)

 

 

 

 

 

 

“Аспаздық деген бір өнер”
ІҮ тур

 

Ақылдылық  аруға жарасады,

Көзі ашықпен кім бүгін таласады.

Келесі жас аспаздар сайысында

Сыналар білім менен парасаты.

 

 

1- сынақ

Суреттегі  тағамның қандай азықтардан жасалғанын айтып бер.

 

 

                                  

 

 

«Күнбағыс» салаты:                                                    

 Чипсы, қара зәйтүн,    жұмыртқа, майонез.   

«Аққулар»  паштеті:

Жұмыртқа, аскөк, редис, паштет.

 

 

                                   

 

«Ромашка» салаты:                                          «Пингвин» салаты:

Жұмыртқа, тауық еті,                                     зәйтүн, жұмыртқа,

Картоп, алма, жүгері,                                            қызанақ, майонез,

Майонез, жаңғақ.

 

2- сынақ.  Сұрақ – жауап

  1. Қызылша қосылатын  салат?
  2. Картоптан жасалынатын қытырлақ?
  3. Дәрумені көп, қысқа сақтайтын көкөніс?
  4. Балықтан алынатын қымбат өнім?
  5. Қазақтың ұлттық басты тағамы?
  6. Жемістерден қайнатылатын тәтті тағам?
  7. Экзотикалық жемістерді ата.
  8. Ашық отта пісірілетін ет тағамы?
  9. Сұйық қамырдан пісірілетін тағам?
  10. Майға қуырылатын нан өнімі?

 

 

Қорытынды бөлім

 

Қолөнері  халқымның жарасымды,

Ұмытылмас, жаңғырар ұласымды.

Ұмыт болған өнерді шын сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

 

Сайыстың жеңімпазы жалаушалар санымен анықталады.