«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар»

53

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар»

 

   Тәрбие сағатының мақсаты:      Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы

                                                      мағлұмат  беру,Ауған соғыс ардагерлерімен

таныстыра отырып, оқушылардың білімін

көтеру;

Бүгінгі таңдағы көзқарас пен тарихи

фактілерді сараптап маңыздылығын білу;

Қайсар жауынгер ағалар ерлігін  үлгі ете

отырып Ауған соғысында опат болған

боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін

қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Көрнекілігі: слайдтар, суреттер,бейне көріністер,кестелер.

 

Барысы:

   І. Ұйымдастыру

   ІІ. Сабақтың бөлімдері

  1. «Нақты сұрақ,дәл жауап»
  2. Отты жылдар шежіресі
  3. Ардагерлермен сұқбат
  4. Жүректен жүрекке
  5. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

 

І бөлім: «Нақты сұрақ,дәл жауап»

 

Мұғалім:Тарих пәні бойынша қандай соғыс түрлерін оқып үйрендіңіздер?

  • Қазақ – жоңғар
  • Азамат
  • Ұлы Отан

 

Мүғалім: Құрметті оқушылар!

Бір кездерде аты әлемге әйгілі болған Ауған соғысы аттай он жылға созылды. Сол он жылда біздің елден де өндірдей жас жігіттер Отан тапсырмасымен Ауған соғысының бел ортасында болды. Олар өз көздерімен соғысты, өмір мен өлім үшін арпалысқан жанкештілікті көрді, берілген тапсырманы орындау жолында, өзінің, халқының намысын қорғау жолында жан аямай күресті.

ІІ бөлім: «Отты жылдар шежіресі»

 

1 – жүргізуші: Қазақ халқы Ресей империясына 260 жыл тәуелді болды.Осы жылдары,яғни 1978 жылдың желтоқсанында Кеңес – Ауған достастық шартына қол қойылды.5 мамыр – Түркістан әскери округында «Мұсылман батальоны» жасақталды.Оған тек Орта Азиялық жастар алынды.Осы негізде Кеңес елі ауған мемлекетіне көмек беруді бастады.1979 жылы комунистік бағытта ұстанған Таракиді биліктен тайдырып,орнына Әмин келді.Ауғандық достарын Әминнің талапайына тастамас үшін 1979 жылы 12- желтоқсанда КОКП – нің бас хатшысы Л.И.Брежнев Ауғанстанға әскер енгізу жөнінде шешім қабылдады.Кеңес әскері мен Ауғанстандағы жаңа өкіметке қарсы топтар АҚШ,Пәкістан,Ұлыбритания және Сауд Арабия елдерінен бүгінгі күнге лайық қаруларды көптеп алды.Жалпы он жылға созылған, бірақ ешқандай мақсатқа жетпеген,нәтижесі болмаған Ауған соғысында КСРО тарапынан 13310 адам қаза тапты.1987 жылы жаңа конститутцияға сай Кеңестік елдің көмегімен Нажибулла Ауғанстанның президенті атанды.1989 жылы 15 – ақпанда Кеңес әскерлері Ауғанстаннан толықтай шығарылды.Осылайша 2238 күнге созылған мақсатсыз соғыс аяқталды.Осыған байланысты біз сынып ішінен «Зерттеушілер» тобын құрдық.Ол топты құру мақсатымыз: зерттеушілер біздің ауданымыздан әскери борышын өтеп,ерлік көрсетіп,сол Ауған соғысына қатысқан адамдардың санын, сол зұлым соғыста қаза тапқан жауынгерлердің тізімін алу сияқты тапсырмалар алдын – ала берілген. Енді кезекті сол топқа берейік. (слайдтан суреттер,кино үзіндісін көрсету)

 

ІІІ . Ардагерлермен сұқбат

 

1І – жүргізуші:  Байзақ ауданының Сарыкемер ауылының тұрғындары,Ауған соғысының ардагерлері: Көкеев Бақытжан және Такеев Махмуд ағаларымызды қонаққа шақырдық.

Бірі білсе, ерлігін бірі білмес, Құрметті ардагер ағаларымыз ендігі сөз кезегін өздеріңізге берейік.Сіздерден оқушылар Ауған соғысы,сол кездегі достарыңыз жайлы айта кетсеңіздер.(ардагерлер сөйлейді)

 

І – жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің сыныптың оқушыларының сіздерге деген аздаған сұрақтары бар екен.Кезекті сұрақтарға берейік.

  • Құрметті ағай, қай жерде дүниеге келіп, балалық шағыңызқай жерде өтті,алғашқы ұстазыңыз кім?
  • Әскери борыштарыңызды қай жерде өткердіңіздер?
  • Ауған соғысында есіңізде қалған бір оқиға туралы айтыңызшы.
  • Ауған соғысындағы ерліктеріңіз үшін қандай медальдармен марапатталдыңыз?
  • Бізге арнаған қандай ақ тілектеріңіз бар?

 

ІҮ. Жүректен — жүрекке

 

1І – жүргізуші: Сынып оқушылары қонақтарға арнап өлеңдер оқиды.

 

Ү. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

 

І – жүргізуші: Отан үшін жанын қиған боздақтар,

                          Рухың сенің от боп маздап жалындар

Ей,жас ұлан, ұмытпаңдар ерлік еткен ерлерді!

Тағзым етіп,басыңды иіп гүл қойыңдар.

1І – жүргізуші: Бұл суретте Тараз қаласының орталығында орналасқан Ауған соғысының ардагерлеріне арналып қойылған ескерткіш бейнеленген.Ауған соғысында қыршыннан қиылған  жауынгерлерге тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялаймыз.( минутқа қою)

 

                                ҮІ. Қорытынды

 

ІІ-жүргізуші: Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 20 жыл өтті. Кезінде бел буып,батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп,қаһармандық танытқан,өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау,қадірлеп құрметтеу- біздің борышымыз.Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен жүздесе берейік. (сөз беру