«Салфетка тоқу әдісі»

Алматы облысы Панфилов ауданы

Жаркент орта мектебі

технология пәні мұғалімі Махметова Айгүл

 

Тақырыбы: «Салфетка тоқу әдісі»

Мақсаты:  Оқушыларға математикалық есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек немесе жиі тоқуды үйрету.

Үлгі  элементтерін жинақтау арқылы  жылдамдық  техникасын дамыту.

Тоқу үлгілерін технологиялық сызба нұсқасын көрсету арқылы,

тиянақты, тындырымды еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілік: тоқыма бұйымдар

Әдіс: түсіндіру, көрсету.

І. Сабақты ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасын тексеру .

ІІ. Жаңа сабақ. Тізбектің жоғарысынан өрнектің бірінші қатарын  тоқу. Ілмекбізбен айналдыра шеңбер жасап тоқуға болады. Бұл тәсілде  ортасынан бастап бір бағытта тоқиды  және  жұмысты  айналдырудың қажеті жоқ. Ол үшін бос шалуардан тізбек тоқып тоқылған тізбектің бірінші  босшалуына ілмекбізді кіргізіп, біріктіргіш бағаншалармен сақина  жасап түйықтау керек.

ІІІ. Сарамандық  жұмыс.  Шартты белгілерді пысықтау

 

О-бос үлпілдек

+ — шалмасыз бағанша

  1. Жеке оқушымен жұмыс
  2. Сабақты қорыту
  3. Үйге тапсырма алу. Оқушыларды бағалау