«Жігіттер аруларды құттықтайды!»

32

            Тақырыбы:   «Жігіттер аруларды құттықтайды!»

       Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы, ұстаз — аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата — анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
       Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.
      Тәрбиелігі: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананның махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.
      Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы:

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз — аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

                        Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар! – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры: Мухаметрахимов Амангелді Сайлауұлына беріледі.

 

Жүргізуші:     Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар — деп, өзінің ән шашуымен ортаға

Милахат Тоқтарды шақырамыз. «Ана» әнімен қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:   Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды.

Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

 

Жүргізуші:   Қай жағына алып бір қарасаңда,

Әзілсіз сірә кештер жараса ма?

Кәнекей ортамызда қызықтайық

Кезек беріп көңілді тапқыштар клубына.

 «Мәңгілік сыныптастар» атты көңілді тапқыштар клубына кезек берейік.

 

 

Жүргізуші:   Дүние ойдан шығады,

Өзімді — өзім ұмытып

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Атретхан Рамазанның орындауында : «Аналар» әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:   Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты — деп ару қыздарымызға арналған пародияны тамашалайық.

 

Жүргізуші:   Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Қуантқан әрбір жанды өнерімен

Ендеше жігіттерді қарсалайық.

                 Ән:  «Қызыл гүлім — ай» жігіттер тобы.

 

Жүргізуші:   Көрерменге қызықты ғой би деген,

Мың бұрала бишілер бар билеген

Талай өнермен тамсандырар бұл сәтте

Енді бір сәт танысайық бименен.

Қожан Нұрболаттың биіне кезек берейік.

           

Жүргізуші:  Корикбеков Жумабек пен Милахат Тоқтардың орындауында       «Анашым » әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:  Ару қыздар гүлдей нәзік қылықты,

Көздеріңе бар сұлулық тұныпты.

Жалт — жұлт еткен жанарыңның жарқылы,

Жазылмаған кәусар керім жыршысы — дей келе жігіттердің қыздарға арналған сыйлықтарын тапсыруға кезек берейік.

 

Жүргізуші:   «Еркем менің» әнімен ортаға Қанатбаев Әділетті шақырамыз.

 

Жүргізуші:   Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап,

Ауырмашы анашым.

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

 

        Вальс: ұлдар мен қыздардың орындауында.

 

Жүргізуші:  Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік  махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

 

 

Хор:  «Мама».

 

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Жігіттер аруларды құттықтайды!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Сау саламатта болыңыздар!