«Сен және төтенше жағдай»

268

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Сен және төтенше жағдай»

Мақсаты:

           Білімділік: Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында –болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне , төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту;

Тәрбиелік: Өрттен , жер сілкінісі , боран , үсік шалу , мұздақта жүру , зардап шегушілерге қамқорлық жасап , әдепті болу , жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;

            Дамытушылық: Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік , сахналық көрініс.

Құрал-жабдықтар:  ACTIVBORD  интерактивті тақтасы, өрт сөндіру құралдары.

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру (амандасу , сабаққа қатысатын кісіні айтып кету)

  1. Сабақтың тақырыбын , мақсатын айтып кету.

III. Демалыс орындарындағы өрттердің пайда болу себептері. (Слайдпен жұмыс ,тақтадағы сурет бойынша түсінік беру).

  1. Өрттің алдын алу , өртенген жағдайда көрсетілетін көмек , өрт кезінде күйген адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы түсінік беру. (Сынып жетекші)
  2. Топпен жұмыс (Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді)

1-тур. (Екі топқа сұрақтар беріледі).

 1-топқа . 2003 жылы 14000 шамасында өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1000 –дай адам зардап шегіп , 560-ы қаза болды. Тұрғын үй секторындағы өртттің негізгі себептері: электр өткізгіштің тұйықталуы , қараусыз қалған қыздырғыш приборлары , жылыту пештерінің приборлары, жылыту пештерінің ақаулығы , балалардың отпен ойнауы … Осы аталған жағдайларды болдырмаудың жолдары. (Оны болдырмаудың жолдарын оқушылардың жолдарын оқушылар айтады ).

 2-топқа. Өткен жылғы мәліметтер бойынша автожол үстінде 10500-дей көлік апаты мен жол оқиғасы тіркелді, бұдан 14000 –дай адам зардап шекті. Оның ішінде 1900 адам қаза болған . Автожолдардағы апаттылықтың жоғарғы дәрежесінің негізгі себептері –көлікқұралдарының техникалық күйінің нашарлауы , жүргізушілердің дайындығы мен тәртібінің төмендеуі.(Оқышылар жауаптарын береді).

 

 

 

 

 

  1. 1-топ. «Алғашқы өрт сөндірушілік көмек  ».

 

 

         2-топ. « Өрт кезінде күйген адамға алғашқы көмек көрсету»

(Көрініс түрінде көрсетіп, жауаптарын түсіндіріп айту).

 

YII. Тест жұмысы. (Дұрыс жауаптарын белгілейді)

 

  1. Бүкіләлемдік « Азаматтық қорғау күні»

а)1.01.                             в)1.02.                      с) 1.03.

  1. Егер үйіңде өрт болып қалса қай номерді тересің ?

а) 102;                              в) 103;                     с) 101.

  1. «02» номерін тергенде кімге телефон шалып жатырсың?

а) дәрігер;                     в) милиция;               с) газ.

  1. Егер иісін сезсеңіз қай номерді тересіз?

а) 104;                                в) 102                        с) 103.

  1. Егер жақын адам немесе өзің күрделі жарақат алсаң қай номерге хабарласасыз?

А) 101                             в)103;                       с) 102.

YIII. Келген кісіге сөз беру.

 

  1. Қорытындылау.