Әсемдік пен әдеміліктен кеңес алу , сұлулық бағдарламасы

102

Әсемдік  пен  әдеміліктен  кеңес  алу  , сұлулық  бағдарламасы

Жоспары :

 

І.   Кіріспе сөз

 

Қыз  өссе  —  елдің  көркі  .

 

ІІ. Негізгі  бөлім

 

а/ қонақтардың  ой  — толғанысы

ә/ қонақтарға  қойылатын  сұрақтар

б/ көрермендердің   пікірі

 

ІІІ. Қорытынды

 

а/ бағдарламаның  көпшілікке  әсері

ә/  бағдарламаның  түйіні

 

 

 

Халқымыздың  ежелгі  үрдісі  бар ,

Адастырмас ақ жолдан үлгісі  бар

Үлкен сыйлау ұққанға  соның  бәрі ,

Зерделі  ұл , зейінді қызды сынар —  демекші  , қыз  баланың  тәрбиесі  ата  — анаға  , халқына  да  үлкен сын . Үй жинау  , кір жуу , тамақ пісіру , дөрекі  сөйлемеу  , ізетті  болу  ата – анасын  , туыстарын , ұстазын  сыйлап  , қадірлей білу  әрбір қыз баланың  міндеті  . Қазақта  « Қызды қырық үйден тыю , қалса күңнен тыю », « Қыз өссе  — елдің  көркі  ,  гүл  өссе  — жердің  көркі »  дегендей  ұлағатты  сөздің  қалуы  әрбір  қыз  әке – шешесінің  аясындағы жайқалған гүлі  екендігі  аян , қыз баланың  өзін нәзіктіктің  символына  , керемет  сұлу  құс- аққуға  , жайқалып өсіп тұрған гүлге  , жарқырап жанып тұрған  жұлдызға  теңейді . Бірақ  қазіргі  жағдайда  елімізде  бұрын – соңды  болмаған  келеңсіз  оқиғалар  бой көрсетіп  жатыр . Қазір  өзімен қатар  қазақ  қыздары  ауыл қыздарын менсінбей , орысша  сөйлеп  , жарассын , жараспасын  денесін  жартылай жалаңаштап  батыстың  қыздарына  еліктегені  сонша  , өздерінің  инабаттылығынан  жұрдай . Кейде  мен  осындай  жеңілтек  қыздар  бүкіл қыз атаулыға  кір келтірмек деп қорқамын . Тағы да  бір айтып  кететін  жайт , кейбір қыздардың пікірлері бойынша  қыз бойындағы басты  шарт сұлулық деп  түсінеді . Неғұрлым сұлу да , көркем  көрінсең соғұрлым махаббатта  жолым болады  деп ойлағаны өкінішті  — ақ . Сондықтанда  ондай әпкелеріміз  бетіне  опа жағып , қасын  түзеп , кірпігін  ұзартып , шашын  бояумен  әлек болады . Ойлап қарайықшы  , ерте  заманның  қазақ  қыздары  беттеріне опа жақпай-ақ   өте көркем  де , сұлу  болған . Қазақта  қазақтың инабатты , кішіпейіл , мейірбан , ақылына  көркі сай  сұлуды  ару деп атаған .

Әсемдігі тал бойына   жарасқан .

Па , шіркін , арулары қазақтың  ,

Сұлулығы әркімнен  — ақ  санасқан , — деп  ақын  жырлағандай  жыр дастандарында ару бейнесіндегі Құртқа , Қарашаш , Меңдісұлу , Назым , Қыз Жібек , Баян сұлу , Меңтай секілді  арулар аз  болмағандығын  еске алайық . Қазіргі  кезде  сұлулар көп , ал  арулар аз . Жазушы  Әзілхан  Нұршайықовтың « Махаббат қызық мол жылдар »  атты  кітабын  оқып  көрдіңіздер  ме ? кітап бәріңе  де  ұнайды . Бұл  кітапта  Меңтай  деген  қызға  анасы кереметтей  өсиет қалдырады . Осы ана  жүрегінен шыққан өсиеттен  үзінді  келтіріп  көрейін :

  1. Қыз көйлегінің  етегі  тізеден  жоғары  шықпауы керек , себебі  қыздың  жалаңаш жеріне  көп  көзінің  құрты түскіш келеді . Ал халықта « Есті қыз  етегін қымтап  ұстайды  » деген  мақал бар .
  2. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ , жігіттерге оның жымиғаны да  жетіп жатыр
  3. Ауыз шешендік әркімде болады . Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал . Өйткені  қыздың күлкісі  , жымиюы , бас изеуі , көз қарасы , жүріс – тұрысы  , бәрі де  сайрап тұрған сөз . Сондықтанда оның  аз сөйлеп , айналасына  ақылмен танылғаны  дұрыс .
  4.   Шошаңдаған қыз шешенің  атына  кір келтіреді . Осы  айтылған өсиет тек Меңтайға  емес , барша  қазақ қыздарына  айтылған  өсиет емес пе ?

 

 

Қонақтардың   ой  — толғанысы :

Атам  қазақ  қыз  бойынан  ешқандай  мін  табылмағанын  қалаған .  Келбетіне  , арайлы  жүзіне  сай   жан  дүниесінің  сұлу  болғанын  қалаған .  Көкірегі  ояу ,  келбетті  ,  сұлу  ,  қос  бұрымды , үстіне  киген  киімі  жарасымды  , кең  етекті  ,  иман  жүзді  ,  парасатты  ,  кең  пейіл ,   кішіге  қамқор  ,  үлкенге  құрметі  бар  жан  болуына   көп  мән  берген .

Қыз   еркем  ,  өзіне  тән  сәнімен  ,  келбетімен  , жан  дүниесінің  сұлулығымен  көркем  , —  деп  бекер  айтылмаса  керек  .  Қыздың   бойжеткен  кезінде  бойын  тік  ұстап ,  ай  жүзіне  жұрт  таң  қаларлықтай  сұлулық  ,  қыз  балаға  тән  тәкәппарлық  ,  он  саусағынан  өнері  тамған   өнерпаздық  ,  ақылына  тапқырлық ,  жөн  сөз  айта  білетін   тапқырлық   болуына   қыз  анасы  тікелей  жауапты  болуы  керек  деп  ойлаймын .  Қыз балаға  шеше  жақын  болады . Қыз   бала  тәрбиесі   әкеге  қарағанда  , шешеге  көбірек  байланысты .  Атам қазақ  қыз  баланы  еркелете  отырып  ,  оған  қатал  да  қарап  отырған . « Қызға  қырық  үйден  тыю » , « Қызы  бар үйдің  иті   жатпас » , « қыз  өссе  — елдің  көркі ,  гүл  өссе  — жердің  көркі » ,

« Қыз  — болашақ  келін ,  болашақ  ана  »  деп     түсінген . Қыз  баланың  сұлулығы  тек  келбетінде  ғана  емес  ,  жан  дүниесінде  де болуы  шарт .  Сұлулық  ол – кең  ұғым .  Сұлу  ұғымына  — жан  сұлулығы , тән  сұлулығы  ,  имандылық , кішіпейілділік  ,  парасаттылық ,  жарасымдылық ,  сөз  мәнері  , жүріс – тұрысы  , мәдениеттілік , сыпайылық  , сезімталдық ,  өзіне  тән тәкаппарлық  та  кіреді .  Қыз  бойынан   осы  аталған  қасиеттердің  бәрі   табылып  жатса  ,  одан  артық   қазға  тән  сұлулық  болмас .

 

Қадыр  Мырзалиев  ағамыздың  өлеңі :

 

Қыздар  — қызыл гүл ғой өсіп тұрған бақтағы ,

Қыздар – жігіттердің асыл арман ақ таңы

Қыздар — әсем ән ғой , әлі айтылып болмаған ,

Қыздар – бақыт құсы , қолға  оңай қонбаған .

Қыздар — өсіп бойжеткенде елдің  көркі  саналар ,

Қыздар – шуақ төккен күн  нұрымен бара – бар

Қарақат көз қарындастар аққу сынды сүйікті ,

Жігіттердің қолы  жетпес көріңдер ең  биіктен .

 

Қонақтарға  қойылатын  сұрақтар :

  1. Сұлулық  деген сөздің  астарында  не жатыр ?
  2. Жан  сұлулығы мен тән сұлулығы  дегенді  қалай  түсінесіздер
  3. Қазақ  қыздары   тән    қандай  қасиеттерді   жоғары бағалайсыздар ?

 

Көрермен  пікірі :

Білектей  арқасында өрген бұрым ,

Шолпысы  сылдыр қағып жүрсе  ақырын

Кәмшат бөрік , ақ тамақ , қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай  түрін , —  деп  Абай атамыз жырлағандай  ару  қыздарымыздың  шашы  ұзын болса  ,  егер  ұзын  болмаса  да  өзіне  жарасымды  етіп қидырса , оны түрлі  — түсті  емес  бет  келбетін  ашатын  өзінің  табиғи шашының  түсі  сақталса  , шаштың  әдемілігі  ару  қыздарымыздың  сұлулығын  аша  түсері  анық деген  пікірдемін .

 

Көрермен  пікірі :

Қыз емес қыздың  аты – қызыл алтын ,

Көрінер толған айдай  жүзі  жарқын .

Үлкеннің  алдын орап сөз сөйлемес ,

Халқымның сақтай  білген  игі салтын , — дегендей  ару  қыздарымыздың  сұлулығына  сай  ата  — бабамыздан  келе  жатқан  салт – дәстүрімізді  білетін  болуы  керек . Өйткені  салт – дәстүрінен  айрылған  ел , ел  болудан да  қалады . Балаға  дәстүрімізді  ана  сүтімен  дарыту  келешек  ана  —  осы  ару  қыздарымыздың  қолында .

 

Көрермен  пікірі :

Дауысың  қандай  сырлы  еді ,

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай нұрлы  еді ,

Таң шолпанмен астасқан  , — дегендей  ару  қыздарымыздың сұлулығына   сай  сөз  мәнері  , үлкенге құрметі , кішіге  ізеті  болуы  керек . Ізеттілік , кішіпейілділік , инабаттылық , адалдық ,  көркемдік  , парасаттылық , қамқорлық , атына  заты  сай  көркемдік  ,  қыз балаға  тән  тәкәппарлық  әрбір  қазақ  қыз  бойынан табылып жатса  ,  бұдан  асқан бақыт  жоқ шығар .

 

Көрермен пікірі :

Кедеймін  деп  қысылма ,

Өнерің болса  қолыңда

Өнерлінің ырысы ,

Жарқырап жатыр жолында  ,  — дегендей  қыз балаға  сұлулыққа  сай  он саусағынан  өнері  тамған  өнерлі   болуы  да  керек  деп  ойлаймын . Өнерлі  өрге  жүзер , өнерлінің  қолы  алтын  деген  сөздер  тегін  айтылмаған  болса керек .  Қыз баланы  өнерлі  болуға тәрбиелеу  анасына  байланысты .  Жастайынан  бар нәрсеге  үйрету ,  қыз бойындағы  талантын  , өнерін асқақтату , аналар , міне  біздердің  мойнымызда .

 

Көрермен пікірі :

Қазақ  халқының  тәрбие құралдарының бірі  — тыйым сөздер . Бұл сөздер есі  кірген  балаларды  жаман әдеттен , жат пиғыл , орынсыз қылық , теріс мінездерден сақтандырып отырған .  Сондықтанда  ару  қыздарымыз  сұлулығына  сай  жаман әдеттерден  сақ  болуы  , орынсыз  нәрселерді  жасамауы  қазақ  қыздарына  тән  нәрсе .

Бағдарламаның  көпшілікке   әсері :

Бағдарлама   арқылы  оған  қатынасқан  көпшілік  әсері  мол  екенін , айтылған  сөздерді , пікірлерді  естіп  отырған  қыз  бала  өз  бойынан  осы  қасиеттерді  іздеп  көргісі  келетініне  көз  жеткіздік .

Бағдарламаның   түйіні :

Сәуледей  нұрлы  қалпында

Сұлудың  жүзін бір  көрген .

Батырдың қолы  қалтырап

Ақынның  тілі  күрмелген .

Келе де келе сезгенім

Көңілде достар айтып көр

Сұлу  бар жерде басқаның

Кетеді бәрі ғайып боп !

Сұлулар өте  бергенде ,

Сүзіле келіп қарайсың

Әдемі  қызды  көргенде

Ақылды  қызды  аяйсың , —  дегендей  аруларымыз тек  сырты  сұлу  ғана  емес  ,  тәні  де  , жүрегі де  , келбеті де ,  жанары  да  ,  назары да  ,  табиғатына  тән  парасаты  да  сұлу  болуы  керек .