«Саяси құрбандар»

223

Сабақтың тақырыбы«Саяси құрбандар»

Сабақтың мақсаты:

  • Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру.
  • Оқушылардың тыңдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Оқушылардың бойына Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту.Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған  ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе сөз «Саяси қуғын-сүргіндер  құрбандары»

ІІ. Тәрбие сағатының мазмұны.

Жүргізуші: Патша өкіметінің қазақтардың жерін тартып алуы екі бағытта жүргізілді:

Біріншісі: әскери бекіністер салу арқылы.

Екіншісі:Қазақстанға басқа халықтарды қоныстандыру арқылы.

Орыс тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, қазақ тілінің дамуына  зияны тиді. Қазақша жер-су атаулары өзгертіліп, орысша атаулар енгізілді. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі аяққа басылды.

Көрнекті тілші ,алым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, үлкен ағартушы Ахмет Байтұрсынов Патша өкіметінің отаршылдық саясатын айыптады.

1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағының құрылғаны туралы шарт қабылдады. Съезд КСРО  мемлекетінің басты белгісі-КСРО мемлекеттік елтаңбасын , жалауын бекітті. КСРО астанасы Мәскеу қаласы болып белгіленді.

1931-1933 жылдары Қазақстан халықтары аштыққа ұшырады, осы жылдары қуаңшылық болды. Осы жылдары 2 миллионға жуық қазақтар қырылды. Ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайы  өзен көлдерді  жағалай бақа-шаян теріп, жол-жөнекей  жәндіктерді, ит пен мысықты қорек еткендері де болды. Олар өз Отандарынан ашаршылыққа шыдымай  Өзбекстан, Моңғолия, Түркменстан, Иран, Мәскеу,Ауғанстанға қоныс аударды. Елінен кеткен босқындар болатын.

Көрініс: Жәй-мұңды әуенге босқындар көрінісі.

Жүргізуші: 1931-1933 жылдары республикадан жыл сайын халық санымен мал саны кеміп отырған. Қазақстанның қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов, С.Сәдуақасовтар зорлық-зомбылықтарына наразылығын Кеңес өкіметі басшыларына жеткізіп отырды, бірақ Кеңес өкіметі құлақ аспады.

 

1929-1933 жылдар арасында 400-ге жуық көтерілістер болды.

Қазақстанда кеңес мемлекетін нығайтуға белсене қатысушы, қазақ халқының  даңқты перзенті – Тұрар Рысқулов. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін оның жұмысына белсене қатысып РКФСР үкіметі төрағасының орынбасарлығына дейін көтерілді. Сонда тұтқынға алынып, «Халық жауы» деген жалған атпен атылып кетеді.Партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин атына жазылған «Бесеудің хаты» Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты. Оқиға 1932 жылы болды.

                                            Пролог

Кремль. Сталиннің кабинеті.

Сталин:Неге біз жағдайды Қазақстандағы Голощекиннен емес, Москвадағы Рысқұловтан білеміз?! Неге сенен басқа ешкім ләм демейді.

Рысқұлов: Менен басқалары да Қазақстандағы бұрмалаушылықты сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың дауысы сізге жетпей жатыр.

Сталин: Қалайша?

Рысқұлов: Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бес адам сізге хат жазған. Бірақ…хат ұсталған…

Сахна қараңғы тарта береді.   Мұңды күй орындалады.

1930-1938 жылдар аралығында Қазақстанның ақын-жазушылары жазықсыз жазаланады. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев,С.Сейфуллин,Б.Маилин, І.Жансүгіров,М.Дулатов т.б көптеген  жазықсыз қазақтың ақын, белсенді қоғам қайраткерлері жазықсыз атылды.

«Халық жауы »деп айып тағылғандардың отбасы ,балашағасы қуғын сүргінге ұшырады.Жазықсыз жандардың 22 мыңдайы ату жазасына бұйырылды.Ату жазасынан аман қалғандардың да біразы отбасына қайта оралмады.

«Атамекен »әні орындалады.

Көрініс:Ғ.Мүсіреповтен партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекиннің жауап алуы.   Голощекин креслода. Әлдеқалай  қобалжулы Келдіме әлгі маңғаз жазушы?

Кезекші: келді.

Мүсірепов кіреді.

Голощекин: Кел, жазушы…Сені ғой Крайкомға жауапты қызметке алдық. Не үшін?

Мүсірепов: Мен Крайкомға қызметке алыңдар деп арыз бермеген сияқтымын.

Голощекин: Көрдіңдер ме? Қалай-қалай кердеңдейді.

Құрамысов: Жолдас Мүсірепов! Сіз Крайкомның бюросында тұрғаныңызды білесіз бе?

Мүсірепов: Кпайком бюросы Голгоф емес қой деп ойлаймын.

Елеусіз: Не дейді? Қай жер дейді?

Құрамысов:Иса  пайғамбарды шегелеп тастаған жерді айтады. Соны Голгоф дейді.

Елеусіз: Астафыралла! Сонда бұл өзін Исамын деп тұрма?

Голощекин: Рас-ау сонда сен өзіңді Иисус Христосқа балап тұрсың ба?

Мүсірепов: Жоқ, жолдас Голощекин.Мен коммуннист, Жазушы Мүсіреповпын.

Голощекин: Міне нағыз Иисус! Өзін құрбандыққа дайындап тұр.

Мүсірепов: Неге құрбан болуға тиіспін? Шындықты айтып, бюроға ашықтан-ашық мәселе қойғаным үшін бе?

Голощекин: Қайдағы шындық? Халық мал-жан жаппай қырылып жатыр деген шындық па? Жала! Жала! Жала!

Құрамысов: Жала арқылы халықты Крайкомға қарсы қою. Бұл-провокация!

Мүсірепов: Ел-аға сізде түк көрмей қалдыңызба? Бір үзім нан сұрап, кеңсеңіздің алдында сұлап жатқандардың үстінен аттап-пұттап өткеніңізде есіңізден шыққан ба?

Голощекин: Олар жалқау оңбағандар! Жұмыс істегісі келмей, ыңырсып жатқандарды кеңсенің алдынан менде көрдім.

Мүсірепов: Оларға: «Бездельники! Работать надо!» деп бастарынан теуіп-теуіп  кеткеніңізді мен де көрдім.

Голощекин: Жалқау оңбағандарды маңдайынан сипауым керек пе сеніңше? Аяғыма оралды, аяғымды ажыратып алғаным рас. Тепті дегенің тағы жала!

Елеусіз: Ғабит, шырағым «Төременен тіреспе, күшті мен күреспе» демеуші ме еді, неғыласың қарсыласып…

Голощекин:Ол бізді негізгі мәселеден бұрып кетіп ,бұлғаққа салып тұр ғой.(Мүсіреповке қолын шошайтып)Экспертиза хаттың үш дана басылғанын  анықтады,қалған екі данасы қайда?

Мүсірепов:Біреуі Сталин жолдасқа жіберілген.

Голощекин:Сен не тікелей Сталин жолдаспен хат алысатын болғансың ба?Ол хатың Сталинге жетпеде, хат ұсталды.

Мүсірепов:Әлгі совет почтасының азамат құпиясын сақтайтыны қайда?

Голощекин:Құпия сақтағышын.Почтаның Крайкомнан жасыратыны жоқ.Ал хаттың үшінші данасы қайда?

Мүсірепов:Үшінші хатты жыртып тастадық.

Голощекин: Сен жалақор ғана емес, әрі өтірікші екенсін ғой (қоңырауды басып қалып көмекшіге) Шақыр Қарабаевты.

Қарабаев жолдас хаттың үшінші данасы қайда?

Қарабаев(қызарақтап, жан-жағына алақ-жұлап қарап) үшіншісі РСФСР СваркомынаТұрар иРысқұлов жолдасақа жіберілмек болған.Бірақ жіберген жіберілмегенін білмеймін.Мен… топтан шықтым ғой….

Голощекин:Естідің бе жазушы?Енде есіңе түстіме?

Мүсірепов:Қарабаевқа жеркене қарап)Иуда!!!

Голощекин :(алақандарын шапалақтап)Браво!Міне Ииус !Айда,Иисус!

Қарабаев-Иуда,Мүсірепов-Исус.Иуда Исусты ұстап берді.Тарих қайталанбайды дейді.Кайталанады!Қайталанады!

Елеусіз:(Құрамысовқа)Не деп кетті?

Құрамысов:Иса пайғамбарды Иуда деген сатып кеткен, соны айтады.

Голощекин:Сталин жолдасқа қолы жетпеген бишаралардың ендігі тапқаны –Рысқұлов.

Жантақов:Рысқұлов-пантюркист!

Иванов:Жолдастар (сағатына қарап)Түнгі сағат бір болды,нақты мәселеден ауытқып барамыз.

Голощекин:Қателесесіз,Иванов.Нақты мәселеге енді келдік.Бүліктің басталуы қайда жатқанын білдіңізбе?Анықталды ғой бәленің бәрі Рысқұлов,алыста жатып Мүсіреповтың қолымен от көсейді.Бұл бүлікке Рысқұлов араласқан екен ғой.Міне ,бұл –шатақ-шатақ!

Жантақов:Бәрі де пантюркистер .Атылсын!

Голощекин:Атыласыңдар!Бесеуіңде атыласыңдар! (Мүсіреповке)Не амал,сені ажалға қимай-ақ қоюға болар еді.Бірақ сен түзелсейсің.Саяси бүкір адамды тек мола түзейді.

Мүсірепов:Атам қазақ айтқан «Шалқайғанға-шалқай,пайғамбардың ұлы емес;енкейгенге –енкей,әкеңнен қалған құл емес »

 

Голщекин:Айттым ғой саяси бүкір адамды тек мола ғана түзейді деп.Атылсын!

Мүсірепов:Атыңдар!Голщекин!Құрамысов!Жантақов!Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз!Ал сендер қайта тіріліп кеткендіктен атыласыңдар!Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеден де орын таппай қаласыңдар.Сендер сияқтылар бұрында болған.Сендер қисапсыз қылмыстарыңнан мәңгі бақи құтыла алмайсыңдар.Ал,атыңдар!

«Елім –ай»әні орындалады.

Көрініс: Сталин мен Қазақстандағы Партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекинмен кездесуі.

Москва түбіндегі Сталиннің дачасы.Креслода- Сталин. Қарсысында-Голощекин.Ортада дөңгелек стол.

Сталин:Ал, сонымен келген шаруаңды айт

Голощекин:Келген шаруам-Қазақстандағы қәзіргі…

Сталин: (бөліп жіберіп) Иә, Қазақстандағы қәзіргі жағдай. Айтшы,Голощекин қазақтар қандай халық?

Голощекин: Ойбай, сұрамаңыз(қолын ербеңдетіп) Жабайы! Жабайы! Тамақты қолмен жейді! Қасық, шанышқы дегенді білмейді! Сұмдық!

Сталин: Жә-рай-ды. Ал, одақ көлемінде шығатындай ақын жазушылар бар ма?

Голощекин: Жазушы сымақтар бар.Шетінен ұлтшыл. Шетінен –Алашорда! Әлгі, Байтурсынов, Дулатов,Жұма…баев, Ай…Аймауытов, Әуезов… шетінен қамауға алдық.

Сталин: Осы сен жақсы көретін қазақ бар ма?

Голощекин:Бар,бар…Жантақов,Құрамысов,Ерназаров…

Сталин: Жантақов! Қай Жантақов? Рысқұловтың үстінен арыз жаза беретіні ме?

Голощекин: Өзі, соқтығыса беретін.Голощекин Қазақстанды құртып жатыр деп байбаламдайды ды жүреді. Көре алмайды. Менің орныма өзі отырғысы келеді.

Сталин: Жә, жетер! Рысқұлов жаман, Ходжаев жаман, Нұрмақовта, Сәдуақовта жаман! Қазақтар түгел надан! Сонда кім қалды? Осы Яков Свердлов марқұм сені неге мизантроп деген?Айтқ-а-а-н. Жұрттың бәрін жек көресің. Иә, қапаланба…Қаталдықта керек. Бізге солқылдақтық жараспайды. Сонымен коллективизацияны тездетесің ғой?

Голощекин: Тездеткенде Қалай! Бірақ….

Сталин: Не бірақ?

Голощекин:Әлгі Рысқұловтың шабуылынан қорғасаңыз болғаны. Сессия сайын, пленум сайын мені сынағаннан басқа жұмысы жоқ.

Сталин: Қорықпа Шая.

Голощекин: Ойбай, ол дүлей! Сырын білмейсіз.

Сталин:Білеміз. Ондай-ондай асаулардың талайын ауыздықтағанбыз!

Голощекин: Рахмет, жолдас Сталин! А-а-а…

Сталин: Не айтайын деп едің? Айтабер?

Голощекин:Соның өзін….. Рысқұловты айтамын……Совнаркомға отырғызып, желкемізден қыдыңдатып қоймай, былай нетуге болмайма?

Сталин:Әр нәрсе өз уақытымен.Библяны ұмытпаған шығарсың «Всему свое время. Время насаждать.Время вырывать.Время собирать камни.Время разбросовать камни»  Бұрынғылар жаман айтпаған ә?!

Голощекин:Ақылды айтылған.

Сталин: Ендеше іске сәт, Шая! Тездет! Жылдамдат!

Голощекин:Аянарым жоқ,  жолдас Сталин!

 

« Елім менің » әні

« Менің  Қазақстаным » әні.