денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Сабақтынмақсаты:

Білімділік: Оқушыларға денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындасалауаттыөмірсалтыжайлыбілімдерінтереңдету,  адамденсаулығыныңқымбаттылығын, өмірсүруүшінқажеттілігін, бағалыбайлықекендігінтүсіндіру.

Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға баулу , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелік: Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке , салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу

Әдісі:Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта, Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимні жазылған плакаттар, Ата Заңы, Лондон 2012 олимпиада жүлдегерлерінің суреттері,Денсаулық туралы нақыл сөздер.

Сабақтың түрі:Жеке, ұжымдық.

                           Сабақтың барысы:

Сабақ жоспары:

                 1Мұғалімнің кіріспе сөзі

                  2.Отан туралы мақал-мәтел

                  3.Ой қозғау.

                  4.Сергіту сәті.(«Қара жорға» биі)

  1. Денсаулық туралы мақал-мәтелді жалғастыру.

                  6.Суретпен жұмыс

  1. Қорытынды

 

Мұғалім: Қазақстан Республикасы – демократиялық зайырлы  және біртұтас мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін алып, жеке мемлекет болды. Бірақ тәуелісіздік оңай келмеді. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп, азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Сөйтіп екі жүз жылдай патшалы Ресейдің қол астында болып келген, жетпіс жылдай Кеңес үкіметінің бұғауында болған қазақ елі егемендігін алды. Бұл күн – Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды. Отан – бұл сөз біздің қай-қайсымызға да ыстық. Отан әрқайсымыздың кіндік кескен жеріміз ғана емес, баршамыздың кең байтақ еліміз, ол – Қазақстан. Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуге, егер қажет болса, оны қорғауға әзір болуымыз керек. Ал, енді оқушылар, Отан туралы мақал-мәтелдер еске түсірейік.

Оқушылардың жауабы:
1-белгісі – Қазақстан Туы. Еліміздің жалауы туралы не білеміз? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы – Шәкен Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, яғни аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, жоғарыда айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.Ал Күнге келетін болсақ, ол да бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан күннің тудан орын алуы лайық. Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы егеменлдік алған Қазақстан қыран сияқты көкте самғасын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туындаған. Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнектерін байқаймыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін, қазақ халқының танымын, қасиетін көрсетеді.
 

2-белгісі – Қазақстан Елтаңбасы.Елтаңба авторлары кім?
Елтаңба  авторлары:  Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.
Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, терезең тең болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынса керек, Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық образ. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан, қазақтың«Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» дегенді аңғартса керек. Жалпы қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақ қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске алады. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген.

 

3-белгісі – Қазақстан РеспубликасыныңГимні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің авторлары: Сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

4-белгісі – Тіл, Қазақ тілі.
Тіл – кез-келген ұлттың, елдің ерекшелігін танытатын бірден-бір белгі. Тіл тағдыры елдің елдігіне, ел ұлдарының азаматтығына да сын. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.

  5-белгісі –Конституция Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы-Конституция яғни Ата Заң-бұл біздің еліміздің 5-белгісі болып табылады.Ең алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы қабылданды. Одан кейін оған 1995 жылы 30 тамызда толықтырулар енгізіліп, қазіргі Конституция пайда болды.

  6-белгісі – Теңге.
Еліміздің негізгі рәміздері қабылданғаннан кейін көп ұзамай төл теңгемізге ие болдық. Қазақстан Республикасының теңгесі 1995 жылы 15 қарашада қабылданып, айналымға енді. Қазақстан теңгелерінде қазақтың ұлы да ұлағатты адамдары бейнеленді. Атап айтқанда Ш.Уалиханов, С.Аронұлы, А.Құнанбаев, Қ.Сағырбайұлы, Әл-Фараби, Әбілқайыр хан, Абылай хандардың бейнесі теңгеден орын алды.

 

Ой қозғау..
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

-Байлық деген не?
Денсаулықтан артық байлық жоқ.

Денсаулық – зор байлық және  адам  денсаулығы – қоғам байлығы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030 » стратегиясында  халық  денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің  бірінші кезектегі  атқаратын шараларының бірі халық  денсаулығын нығайту.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керектігі туралы түсіндірілді.

 

Балалар тамыздың 28 нде Лондон қаласында не өтті?

-Дұрыс ,олимпиада өтті. Лондон жерінде өткен дүбірлі ойындарда отандас спортшыларымыз жеңіске жетіп жат елде Қазақстан жалауын желбіретіп, әнұранын  шарықтатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МедальИеленушіСпорт түрі
 1.АлтынАлександр ВинокуровВелоспорт
    2. АлтынЗульфияЧиншанлоауыр атлетика
   3 . АлтынМайя Манезаауыр атлетика
 4.АлтынСветланаПодобедоваауыр атлетика
5. АлтынИлья Ильинауыр атлетика
     6. АлтынОльга РыпаковаЖеңіл атлетика
     7. АлтынСерік СапиевБокс
 КүмісАділбекНиязымбетовБокс
 1.ҚолаДаниял ГаджиевКүрес
2.ҚолаМарина ВольноваБокс
 3.ҚолаГюзельМанюроваКүрес
 4.ҚолаИван ДычкоБокс
     5. ҚолаАкжурекТанатаровКүрес

 

Сергіту сәті. «Қаражорға» биін билейік. 

 

 

Денсаулық туралы мақал-мәтелді жалғастыру.
1.Тазалық -саулық негізі,——————-(саулық – байлық негізі)
2.Ауырып ем іздегенше,——————–(ауырмайтын жол ізде).
3.Тыста ұзақ жүргенің,———————- (Ұзақ өмір сүргенің.).
4.Сұрапалған аурудың,———————(емі жоқ).
5.Жан ауырса -тән азады,——————(Қайғы басса — жан азады).
6.Көзің ауырса қолыңды тый,—————–(қолыңды тый).

  1. 7. Аурудың жақсысы жоқ,­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_______________ (Дәрінің тәттісі жоқ).

8.Жарлының байлығы _________( денінің саулығы).
Суретпен жұмыс.Денсаулыққа пайдалы және қауіпті факторлар берілген.Қауіпті факторларды алып тастау.

Қорытынды:

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі- халқының саулығына байланысты. Дені сау халық- бай халық, халықының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз . Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.Ендеше,ата-бабалырымыз аманат еткен жас мемлекетіміздің келешегі,оны  көркейту жаны сұлу, тәні сау ұрпақ сендердің қолдарыңда.  Мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік! Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» екендігін дәлелдей алдық дейді. 

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

  Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз!