Салауаттылық – денсаулық негізі

91

Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық – денсаулық негізі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: фломастерлер, өмір, денсаулық, бақыт туралы сөздер, кестелер, компьютер, документ – камера.

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру, оқушыларды жұппен отырғызу.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

 

Негізгі бөлім. Жүргізуші:

— Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.

Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу тәрбие жүйесін валеологизациалау қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% — тұқымқуалаушылықтан, 25% — қоршаған ортадан, ал 50% — адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.

 

1 слайд.

«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т.Корлейль.

«Жер ғаламшары біздің үйіміз ғана емес, біз оның бөлінбейтін бөлшегіміз…»/ В.И.Вернадский

«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»/ халық мақалы.

 

Тренинг. Аяқталмаған сөйлем

Бақытты өмір – бұл…

Автор орындығына отырып ойларын ортаға салады.

 

 

2 слайд.

Біздің елімізде 14,5 млн адам бар дейді, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.

Халықта мынадай дана сөз бар:

«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,

Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,

Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».

 

 

3 слайд.

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.
  2. Дұрыс тамақтанбау.
  3. Тұқымқуалаушылық.
  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
  5. Зиянды заттарды қабылдау.
  6. Тазалықты сақтамау.
  7. Отбасындағы кері жағдайлар.
  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

 

4 слайд.

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.
  2. Қоршаған орта тазалығы.
  3. Дене шынықтыру.
  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
  5. Зиянды заттарды қабылдамау.
  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
  8. Эмоциялардың оң болуы.

 

«Мен қандаймын…» сурет салу. (Күліп тұрған адамның беті)

Салған суреттеріне талдау жасайды.

 

 

 

 

 

5 слайд.

 

Тест. «Менің өмір сүру қалпым»

Дене қозғалысының түрлері Күнделікті Аңда-санда Мүлде жасамаймын
1 Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру 20 10 0
2 Таңертеңгі дене қозғалысы 10 7 0
3 Мектепке келу 10 6 0
4 Дене шынықтыру сабағына қатысу 30 10 0
5 Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес) 10 5 0
6 Денені шынықтыру 5 3 0
7 Үйдегі дене еңбегінің орындалуы 5 3 0

 

 

6 слайд.

60 – жоғары

45 – орташа

25 – төмен

Адамның ішкі дүниесінің, денесінің тазалығын тексеру.

 

 

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың — өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

 

«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» /С.Назарбаева/

 

Тренин: Мен саған … тілеймін.  «Жүректен – жүрекке»

Әр оқушы  тілектері жазылған жүрекшелерді арнаған оқушыларына сыйлайды.

 

 

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы