Керек кәсіп бәрі де…» /9-сынып/

90

Тақырыбы: “Керек   кәсіп   бәрі  де…» /9-сынып/

Сыныптан тыс

Дайындаған: Ы.Сахиев

Мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеті: Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.

       Жоспар:

  1. Ұйымдастыру:
    • Шоуға қатынасатын қонақтар мен оқушылардың дайындығын бақылау қадағалау.
    • Тәр/сағ. тақырыбын, мақсаты мен жүрісін таныстыру.
  2. Негізгі бөлім:

1) Кештің құрметті қонақтары, мамандар мен кәсіпкерлері
Кітапханашы;

Кәсіпкер  — тігінші;

Машинист;

Өрт сөндіруші;

Кәсіптік лицейдің мұғалімімен пікірлесу. Мамандармен пікірлесу.

2) «Өнерлі қонақтар»

  • Қорытынды.

Би «Көңіл ашар», Орындайтындар: Асылбек, Мөлдір, Сүндет, Айдана.

1-жүргізуші: Ыбырай Сахиев

2-жүргізуші: Асылан Мәтенов

1-ж.: Армысыздар,  құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!

2-ж. Қош келдіңіздер, бүгінгі кештің сыйлы қонақтары!

1-ж. «ХАБАР» телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасының желісімен 9 в сыныбында өткелі отырған «Керек кәсіп бәрі де…» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-ж. Ең алдымен бүгінгі шоудың жүргізушілерімен таныс болыңыздар! Мектебіміздегі дене тәрбие пәнінің мұғалімі, 9 сынып жетекшісі Сахиев Ыбырай Базарбайұлына қошемет көрсетейік!

1-ж. Білімді, парасатты, мектеп мақтанышы болып жүрген Мәтенов Асылан Мерекешұлына да үлкен қошемет!

2-ж. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

1-ж. Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Зал ішінде ең мықты мамандар, шебер кәсіпкерлер қонаққа келіп отыр. Оларда өз мамандықтары жайлы сөз алады.

2-ж. Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.

Әсем: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықьшасы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата-анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата-анам бұл талабымды құптайды.Ж.Айдана: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты тандаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқьш үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіңдей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін.

А. Айдана: Компьютерді жетік меңгңрумен қатар, интернетке шығудың қыр-сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине аддымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник-программист мамандығьш қалаймын.

1-ж. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»-деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.

2-ж. Барлық кәсіптің де оңайы жоқ дейсіз ғой?

1-ж. Асыланның бұл сұрағына жауап іздеп көрелік. Ендеше бейне экранға назар аударыңыздар. Кешіміздің алғашқы қонағы:

 

 

 

 

Алтын Жұмаш Төлеуқызы

Кітапханашы

«Адам ынтамен жұмыс істейтін болса, онда жұмысы анағұрлым жеңіл және нәтижелі болады.»

2-ж.Алтын апайды қошеметпен сахна төріне шақырамыз !

(Алтын апай өз пікірін айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап береді)

Жадыра: Сәлематсыздар ма,  құрметті көрермендер!

«Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық аброй кеткізер» — деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген аулымыздың кәсіпкерлері мен маман иелерінің еңбектері өте зор! Сағыз селолық округ әкім аппаратынан алынған деректер бойынша, аулымызда 20 кәсіп орьшдар мен 137 тіркелген жеке кәсіпкерлер бар екен. 9 в сыныбында мамандыққа бағдарлау бағытында ұйымдастырылып отырған «Керек кәсіп бәрі де…» атты ашық тәрбие сағатына бейне материалды дайындаған болатынмын. Себебі менің болашақта таңдап отырған мамандығым журналист мамандығы. Сол мамандыққа өзімді биімдеу мақсатында жұмыстар жүргізіп келемін. Бейне экранға назар аударайық.

(Слайд дәріхана)   (Дәріханадағы сұхбат)

1-ж. Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсікерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.

2-ж. Бүгінгі тақырыптың мағынасын ашу үшін келесі қонағымызды шақырамыз. Бейне экранға назар аударайық.

Макулова Шолпан Қуанышқалиқызы

Кәсіпкер, тігінші

« Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек… Алдау қоспай адал еңбегін сатқан колөнерлі қазақтың төресі сол!»

( Кәсіпкер Шолпан апай өз пікірін білдіреді)

1-ж. Келесі қонағымыз мектебіміздің үздік ата-аналарының бірі:

Саркулов Бейнеш «Еңбегің қатты болса, тапқаның тәтті болады!»

1-ж. Бейнеш ағаны қошеметпен ортаға шақырамыз! Ал аға, мына оқушыларға өзіңіздің жасап жатқан жұмысыңыз туралы айта отырып, қасыңыздағы қонақтардың айтқан сөздеріне қосатын пікіріңізді білдірсеңіз.

(Бейнеш ағаның оқушыларға берген жауаптары мен пікірі тындалады)

2-ж. Әсел сен осы темір жол саласындағы мамандықты таңдар ма едің? Әсел: Жоқ, менің таңдаған мамандығым бишілік өнері. Соңғы жылдары мектебіміздің ұл-қыздары би өнеріне мән беріп, қызығушылықтары арта түсті. Бірақ көпшілігінің ойлайтыны би өнері тек мектеп сахнасында, тәрбиелік шараларда билеп, киіннен пайдаңа жарамай қалып қоятын іс деп ойлайды. Өзім «Айданай» би үйірмесінің бишісімін. Болашақта би маманы болу үшін қандай кеңестер бересіздер?

2-ж. Жадыраның дайындаған сұхбатын тыңдау үшін бейне экранға назар аударайық.

 

(Слайд саз мектебі)  (Саз мектебінде тусірілген сұхбат)

1-ж. Бұл кездесуге құқық қызметкерлері де дәрігер мен бірнеше кәсіпкерлер де шақырылған болатын. Жұмыстары болып, бүгінгі кешке қатынаса алмай жатыр.

4-ші қонағымызбен таныс болайық:

Сағыз жеке өрт сөндіру бекетінің бастығы, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Талғат Көптілеу Сәбитұлы

« Енбек етпесең, елге өкпелеме, егін екпесең, жерге өкпелеме »

(Талғат мырзаның пікірлері тыңдалады.)

Жадыра:          Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан — деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыптастарыма болашақта атқаратып кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін. Тағы бір дайындаған бейне монтажға назар аударыңыздар.

(Кәсіптік лицейде түсірілген бейне монтаж)

2-ж. Бұл бейне монтаждан №11 кәсіптік лицейді көріп отырмыз, бұдан әрі қарай толығырақ ақпарат алу үшін сахна төріне соңғы қонағымызды шақырамын. Таныс болыңыздар!

Мусина Роза Нұғманқызы (Роза апаймен оқушылар, көрермендер әңгімелесіп, пікірлерін ортаға салады.)

1-ж. Бүгінгі кездесудегі әңгімемізді қорытындылай келгенде, қандай мамандық болмасын, оның қыр-сырын жетік меңгеру қажет. Қазіргі кезде мамандықтың түрі өте көп. Тек жақсы маман иесі болу үшін мектептен жақсы білім, сапалы тәрбие алуы қажет.

2-ж. Сонымен қатар жастайынан әркімнің өзінің көкейінде жүрген арманы болады. Соған жетуге талаптанып, еңбек етуіміз керек екен. Ал Ыбырай ағай сіздің арманыңыз қандай еді?

1-ж. Адамның арманы шексіз ғой, оқушыларыма әрқашан сәттілік тілеймін. Әрбірі өмірден өз орнын тапса, мен үшін одан артық бақыт жоқ.

2-ж, Ағай, сіздің сеніміңізді ақтаймыз деп сыныптастар атынан айта аламын.

1-ж. Бүгінгі шоудың бірінші бөлімін қорытындылай келе, оқушылар нені білді? Нені үйренді? соған назар аударайық.

Нені білдік?            Тәжиева Жадыра

Нені үйрендік?      Балықбаев Асылбек

1-ж. «Керек кәсіп бәрі де..» атты сән әлемін тамашалаңыздар!

Полиция — Самат

Дәрігер — Әсем

Өрт сөндіруші — Демежан

Мұғалім — Айдана

Теміржолшы — Сүндет

Шаштараз — Әсел

Аспазшы — Айбек

Даяршы — Мөлдір

Теміржол кезекшісі-Айдана

Шоудың ІІ-ші бөлімінде қонақтарымыздың өнерін тамашалаймыз.

Алтын Жұмаш — көркем сөз оқиды

Мусина Роза — оқушысы өнерін көрсетеді

Көптілеу Талғат — мақалдар айтады

Шолпан Макулова — қолөнер дайындайды

Сарқұлов Бейнеш — ән айтады

1-ж. Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар бердіңіздер, әр мамандыкгаң қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар. Алтын уақыттарыңызды бөліп, тәрбие сағатымызда қолдау көрсеткен қонақтарға 9 в сынып ұжымының дайындаған сый-сыйапатын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

2-ж. Сыйлықтарыңыз кұтты болсын, бүгінгі кештен естелік ретінде қабыл алыңыздар!

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң.

Еңбегің еңбектенген кетпес зая,

Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.

1-ж.  Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. Осымен « Керек кәсіп бәрі де…» атты ұйымдастырылған шоу аяқталды. Тың дағандарыңызға көп рахмет!!!