Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.

54

Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды рухани,зерделік жағынан тәрбиелеу.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мен ұқсастығын      ажырату,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

Қазақ фольклорының түрлі жанырларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызығушылықты зерттеу нысаны болып табылады.Бұларда халықтың өмір туралы  сан  алуан пайым-байқауларының ,ойға түйгендерінің нақты дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген .Венн диаграммасын толтырайық.

               Ой

тұжырымдалып,         даналық қорытынды,түйінді пікір түрінде айтылады

           Сөз

өрнегі ,даналық ой,астарлы ауыспалы мағынада

Жанамалау,нұс-

қай салу,ишара түрінде айтылады

 

Мақал деген не ? Мәтін деген не?

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Жалғастыр» ойыны

Еңбек түбі-береке,…..( көптің түбі- мереке)

Ер бір рет өледі,……( қорқақ мың рет өледі)

Сөз атасы-құлақ,жол атасы-тұяқ,…..( су атасы-бұлақ)

Аталар сөзі-…..( ақылдың көзі)

Жақсы сөз ….( жанға азық)

  1. «Жасырдым жұмбақ» сайысы.

Жұмбақты шешіп ,сол сөз кездесетін мақал-мәтел айту.

1.Қабат-қабат қаттама,қ аттамадан аттама

Ақылын  оның ала бер,Айтқан сөзін жатта.( кітап)

Оқушы:Күн шықса жайлау жадырайды,

Кітап оқысаң жаның жадырайды.

2.Иесі оның-сәби, әрі төсек, әрі үй ( бесік)

Оқушы:Ел іші –алтын бесік.

3.Үй ішінде отыз екі батыр,

Кіргендерді отап, турап жатыр ( тіс)

Оқушы:Отыз тістен шыққан сөз ,Отыз рулы елге тарар.

  1. «Әрі қарай,әрі қарай» ойын мақалға жауап.
  2. Жыртық үйді жел табар,Қандай сөзді шын табар ( өтірік)
  3. Сүзеген сиырға ,Құдай не бермейді? ( мүйіз)
  4. Адам болатын бала ,Қайда қарайды? ( алысқа)
  5. Түйе малдың қасқасы,Жылқы малдың …( патшасы)

Қорытындылау.