Олар- Отан үшін от кешкендер

90

Тақырыбы: Олар- Отан үшін от кешкендер

Мақсаты; Ұлы Жеңісті дәріптеу,өз Отанын,елін,туған жерін сүю,сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тйрбиелеу.

     Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту, патротизмге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бейнематериалдар, слайдтар, суреттер.

 

 

Жоспар:

 

  1. Кіріспе сөз.
  2. Көрініс (Бейбіт өмір)
  3. Ұ.О.соғысы туралы мәліметтер.
  4. Б. Момышұлы туралы бейнематериал.
  5. Әлия  туралы бейнематериал.
  6. Ән «Әлия»
  7. Р.Қошқарбаев туралы бейнематериал.
  8. Ән «Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген».
  9. Балалардың өлең-тақпақтары.
  10. Ән «Ақ көгершін»
  11. Қорытынды сөз.

 

 

 

І. Кіріспе сөз:

      Тәрбиеші:   Биыл Жеңістің 70 жылдығы. Осы сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп,соғыстың тек қана азап пен қан төгіс екенін, ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегені, осы соғыста аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін, батырлығын еске түсірсек.

 

 

  ІІ. Көрініс «Бейбіт өмір»

(Музыка естіліп тұр, жастар алтыбақан , ақсүйек ойындарын ойнап, балалар асық ойнап жүр. Кенеттен дауыс    естіледі ).

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! …

Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Германия соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлімдеді. Отанымызда жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

 

Соғыс, соғыс! — дейді …  (барлығы шулап кетеді)

 

Уа, халқым!

Күн туды сенің басыңа

Жау кірді сенің жеріңе

Сұм фашистен қорғауға

Аттан , халқым, майданға!

 

І жүргізуші:  ХХ ғасыр. Бұл ғасыр қай жағынан қарасақ та адамзат үшін нағыз тайталас ғасыры болды. 1941 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4-те Германия фашистері ешқандай соғыс жарияламастан Кеңес Одағының территориясына баса көктеп кірді. Бұл бейбіт жатқан елге ойран салған әділетсіз соғыс еді.

ІІ жүргізуші:  1941 жылдың маусымы

Күндердің аса қиыны.

Тарқатып елдің базарын,

Соқты да соғыс құйыны.

Орманы көкпен таласқан,

Өксіді өмір адасқан.

Қан жоса болып қара жер,

Қаңырап түсті қара аспан.

І жүргізуші:  Бұл соғыс қаншама азаматтың қыршындай ғұмырын әкетіп, шешені жесір, баланы жетім қалдырған сұрапыл соғыс болды. Бұл соғыста қаншама атпал азаматтардың өмірі мен арман -тілегі майдан даласында қала берді.

 

ІІ жүргізуші:  Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған Қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері , барлық майданда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді. Кеңес қарулы күштері орасан зор қиыншылықты жеңе отырып төтеп берді. Өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында 316-нші атқыштар дивизиясы құрылып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Москва үшін шайқаста генерал-майор Панфилов қолбасшылық еткен атқыштар полкын аға лейтенант  Бауыржан Момышұлы басқарды.

 

Көрініс    (Бауыржан мен Панфиловтың арасындағы кеңес)

 

Б. Момышұлы туралы бейнематериал көрсетіледі.

 

І жүргізуші:  Бауыржан Момышұлы – қара басы

Халқының болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлв –қазақ деген,

Ғаламат, Ұлы елдің баламасы.

 

1-ші оқушы: Кешіп өтіп кешегі от жалыннан

Дүниеге ерлігімен танылған,

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы

Даңқ туын майдандағы көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.

Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға, жақсы аға жетпес баға,

Кім сүймес Бауыржандай азаматын.

 

 

Бауыржан Момышұлы 207 рет ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 2 рет ауыр жараланған. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлы соғыстан кейін 1946 жылы  Москвадағы әскери академияны бітірген тұңғыш қазақ. 1990 жылы 11-ші желтоқсанда  Бауыржан Момышұлына Совет Одағының Батыры атағы берілді.

 

ІІ жүргізуші:  Кеңес халқы үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыста ол өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін бүкіл дүниені фашистік тепкіден  құтқару үшін  қасық қаны қалғанша шайқасты. Тарихи деркетерге қарағанда 1941-1945  соғыс жылдарында 1 миллион жүз тоқсан алты мың жүз алпыс Қазақстандық әскерге алынған екен.  Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

 

І жүргізуші:  Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты да басып алуға ұмтылды. Ленинградты қорғаушылар он алты ай аштық пен азапқа шыдап қаланы  жау езгісінен сақтап қалды. Жыр алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қорғаушыларға да, қоршаудың ішінде қалғандарға да күш-қуат берді.

 

«Ленинградтық өрендерім»  өлеңі оқылады.

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді.

Бұлағымдай көремін.

Көпіріңе қарасам,

Көмкерген су көлемін

Өркеш-өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім.

 

Жамбылдың Ленинградтықтарға арнап жазған жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына , оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

 

ІІ жүргізуші:  Бұл Ленинград үшін шайқасқа шығыстың қос жұлдызының бірі Әлия Молдағұлова да қатысты. Әлия Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алды. Кейін ағасы Ленинградқа көшіп келеді. Әлия сол қалада оқиды. Ол ерекше ұстамды, зерек, жаңалыққа бой ұрғыш болып өсті. Соғыс басталар алдында небәрі 18 жаста еді.

 

Көрініс      (Әлия)

Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі.

 

І жүргізуші:  Еркін далада еркін өскен қазақ қызының ғұмыры сонау алапат соғыс жылдарында қыршындай үзіліп кете барды. Бірақ ұлы даласы үшін асқан ерлік көрсетті, ұмытылмас батырлық таныттыы.

 

2-ші оқушы: Қара көз қазақ қызы Әлия батыр,

Орнатқан дұшпанына заман ақыр.

Сұлатқан сан фашисті баудай турап,

Өнегең отаншылдық сайрап жатыр.

 

3-ші оқушы:Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың…

Ерлермен тізе қосып атакада,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Көзінен ұшқын оттай лапылдаған,

Жауына қаһар төгіп қатулаған.

Отан үшін шайқасқан ауыр күнде

Төнсе де өлім қаупі жасымаған.

 

Ән   «Әлия»

 

ІІ жүргізуші:   Жас жанын пида етіп, қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан Әлия апамыздың есімі мәңгі есте. Ол бізбен бірге, біздің жүрегімізде. Осынау сұрапыл жылдарда майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен  шығыстың қос жұлдызының бірі батыр жүректі қазақ қызы , небәрі 20 жасар Мәншүк Мәметова болды.  1922 жылы дүниеге келген, шын аты Мәнсия анасы еркелетіп Моншақ деп атаған. Әкесі дәрігер еді. Ол да әкесіне еліктеп дәрігер болғысы келген. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19-ға жаңа толған пысық , жігерлі қыз болатын. Мәншүк тәртіпті , тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін,батыл жауынгер, пулеметші болатын. Жолдастары біздің Мәншүк деп еркелететін. Өзі қорғаған Невель қаласында батыр қызға арнап ескерткіш қойылған.

 

4-ші оқушы:Көк мұнар, көк түтін боп майдан үсті,

Сұрапыл соғыс сонша болды күшті.

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын,

Қолында пулеметі “Максим” онын.

Қиратып жаудың шебін алға шықты,

Жаралы жатқан жанға көзім түсті.

 

Жасжанын пида етіп қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан Мәншүк апамыздың есімі тарихта өшпес із қалдырды. Мәншүк — мәңгі маздақ! Ол бізбен бірге біздің жүрегімізде. Ол әр таң атқан сайын, әр ай туған сайын бізбен қауышпақ. Өлімге қиятын жан ба еді ол? Ер мінезді, ерлік иесі Батыр еді.

 

І жүргізуші: — Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Отан үшін! Жеңіс үшін! -деген ұранмен тылда да еңбек қайнап жатты. Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға екі жарым миллион дан жылы киім, Отан қорғау қорына төрт миллиард сомнан астам қаржы берді. Елдің қаржысынан «Қазақстан Комсомолы» , «Қазақстан колхозшысы» атымен танк калонналары «Советтік Қазақстан» атты әуе эскадрильясы жасалып майданға жіберілді.

 

II жүргізуші : Сұрапыл соғыс одан әрі созыла берді. 1943 жылы шілде айында Курск, Смоленск шайқастары болды. Дұшпанды әбден титықтата отырып Кеңес әскерлері ерекше ерлік көрсетті. Дұшпанды тықсыра қуа отырып, фашистер басып алған селолар мен қалаларды бірінен кейін бірін азат ете бастады.

 

5-ші оқушы:  Соғыс салған қанша өртке оранғандар,

Қызыл қанға қаншама боялғандар.

Соғыс деген сойқанның әлегінен

Мәңгілікке қаншама жоғалғандар.

 

Қанша қайғы-қасірет тереңдеген,

Қандай жан бар қайғыға бөленбеген.

Қанша жесір көз жұмды жарын күтіп,

Әр күн сайын жол тосып елеңдеген.

 

6-шы оқушы:Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес тегін іс.

Соғыс деген- қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген- екі жаққа жеңіліс.

 

Соғыс десе қатуланам қиналам,

Рас, оны көрдік біздер кинодан.

Оққа оранып от кешкен арыстардың,

Арқасыда аман қалды бұл қалам.

 

 

 

 

7-ші оқушы: 20 миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай,

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

 

Қалды елім 13мың адамынан айырылып,

Қалды аналар қанатынан қайырылып.

Қанша тағдыр жетім-жесір атанып,

Қалды өзенім қызыл қанға шайылып.

 

І жүргізуші: Кеңес әскерлері Берлинге жақындаған сайын 1945 жыл соғыстың соңғы жылы болатындығы белгілі еді. 1945 жылы сәуір айында Қызыл Армия Берлинге шабуыл жасауға әзірленді. Берлин үшін қиян кескі соңғы ұрпыстар болды. 2 мамырда соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бұйрық берілді. Өйткені 30-шы сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтіргені туралы мәлімет келді. 9 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл көптен күткен Ұлы жеңіс еді.

 

Көрініс (Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагке ту тігуі)

Р.Қошқарбаев туралы бейнематериал.

 

Бұл Рейхстагтың төбесіне желбіретіп жеңіс туын тіккен қазақ жауынгері Рақымжан Қоршқарбаев еді.

 

II жүргізуші: Германия астанасын шабуылдау кезінде Кеңес әскерлері өлгені, жараланғаны бар 300 мыңдай адамынан айырылды. Бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревня өртеліп кетті. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал оның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

 

Өлең: Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Ер азамат бәрі кетті елдегі.

Соғыс деген- зұлымдардың зорлығы,

Соғыс деген- фашистердің ермегі.

Қанға бояп тіршіліктің тынысын,

Қанішердің, соғыс нағыз жырысың.

Талай жастың жанын қиған жазықсыз

Бүйткен сенің атақ-даңқың құрысын!

 

 

І жүргізуші: Адамзатты апаттан сақтап қалған, болашақ үшін, Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, ұмытылмайды. Мәңгі есте қалады.

Дәл осындай жадыраңқы жай күні

Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы,

Ұлы Отаным — басын иіп 1 минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

 

1 минут үнсіздік жариялаймын.

Ән: Жеңіс күні.

 

 

Жеңіс! Жеңіс!

Елге таза ашық таң атырды,

Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды.

Ақбоз атты балалар сүйіншілеп,

Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.

Қыран құсым көк аспанға самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұста туыңды,

Жарқыратып туған жердің таңбасын.

 

 

8-ші оқушы:Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді.

Жарақат алғандардың күшіменен,

Өркендеттік өмір менен өнерді.

 

9-шы оқушы: Соғыс деген залалы ғой заманның,

Соғыс деген қайғысы ғой адамның.

Қара тұман құлы болған көк аспан,

Соғыс деген қарғысы ғой даламның.

70 жыл толыпты ұлы күнге,

Оңайлықпен келген жоқ осы күнде.

Мың тағзым жанын берген батырларға,

Жеткізген мына бізді осы күнге.

 

10-шы оқушы:  Мен соғысты жек көрем

Көкем айтып отырса

Кім қасірет шекпкген.

Кім көз жасын төкпеген.

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген

Мен соғысты жек көрем.

Күн ертең-ақ ер жетем.

Қиялымды өрлетем.

Туған жерді әлпештеп

Кірпік ілмей тербетем.

Жету үшін мұратқа

Сапар шегем жыраққа.

Ғұмыр бойы айқасам

Асу бермес белдермен.

Асау өзен көлдермен

Құлазыған шөлдермен

Мен соғысты жек көрем

Адамзатты жеткізем.

Арманына жетпеген.

 

Ән:  Жойылсын жалғыз сөз “соғыс” деген.

Оқ дауысы мәңгілік жойылсын

Бомбаның орнын тегістеген

Күректер музейге қойылсын.

 

 

Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысында ағаларымыз бен апаларымыз ұлы ерлік, қайтпас қайсарлық көрсетті.Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру-біздің парызымыз. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілдік орын алсын.

Еліміз аман

Жеріміз тыныш

Аспанымыз ашық болсын демекпін.

 

Ән: “Әрқашан күн сөнбесін”

“Ақ көгершін”.